А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет100/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Жұмыртқалықтың 
гистологиялық 
құрылысы
Жұмыртқалық 
сыртынан ішперденің жалғасы бастама эпителиймен және оның астындағы 
тығыз дәнекер ұлпалық ақ қабықпен қапталған. Бастама эпителий бірқабатты 
текше тәрізді эпителийден тұрады. Жұмыртқалық сыртқы қыртысты заттан 
немесе фолликулалы аймақтан, ішкі бозғылт заттан немесе тамырлы аймақтан 
құралған. Жұмыртқалық құрылысы жағынан қомақты паренхималы мүше 
Оның стромасын дәнекер ұлпасы құрайды. Қыртысты заттың стромасында 
аздаған коллаген талшықтары болады. Оны негізінен дәнекер ұлпасының 
аморфты затында орналасқан фибробласттар құрайды. Фолликулалы аймақтың 
дәнекер ұлпалық стромасында әр түрлі даму сатысындағы фолликулдар, сары 
жөне ыдырама денелер болады. Фолликулалы аймақтың шеткі, ақ қабықпен 
шектескен сыртқы жағында жекеленіп немесе топтасып орналасқан ұсақ 
алғашқы (примордиальды) фолликулдар жатады. Алғашқы фолликул жас 
овоциттен және оның сыртындағы фолликулалы қабықтан құралған. 
Фолликулалы қабықты бір қабатта орналасқан жалпақ фолликул торшалары 
түзеді. Жұмыртқалықтың орталығына қарай өсу сатысындағы ірі фолликулдар 
орналасады. Оларды өсуші фолликулдар — деп атайды. Олардың ішіндегі 
жұмыртқа 
торшасының 
цитоплазмасында 
сарыуыз 
жинақталып, 
фолликулдардың көлемі өсіп ұлғаяды. Сыртындағы фолликул торшалары да, 


162 
бөліну арқылы көбейіп, бірқабатты текше тәрізді, одан соң, бірқабатты призма 
тәрізді фолликулалы қабыққа айналады. Фолликулалы қабықты овоциттен 
негіздік жарғақ шектеп, бөліп тұрады. Негіздік жарғақты мөлдірлігіне 
байланысты шыныша жарғақ — дейді. Жұмыртқа торшасы одан әрі жетіліп 
ескен сайын, фолликулалы қабық торшалары да бөлініп көбейіп, көпқабатты 
қабыққа айналады. Фолликулалы қабықтың сыртындағы дәнекер ұлпалық 
стромадан фолликулдың дәнекер ұлпалық: ішкі тамырлы және сыртқы 
талшықты қабықтары (фолликул текасы) түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет