А. Байтұрсыновтың шешендік сөздердің жанрлары туралы толғамдары



Дата07.09.2023
өлшемі17.87 Kb.
#476808
Шешендік өнер байтурсын


А. Байтұрсыновтың шешендік сөздердің жанрлары туралы толғамдары.
Қазақ ауыз әдебиетінің айрықша жанрының бірі – шешендік өнер. Шешендік өнер - ақындық, жыраулық, жыршылық, айтыс секілді қазақ әдебиеттінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанрлардың бірі. Сондықтан да А. Байтұрсыновтың осы бір жанрға ерекше көңіл аударғанына таң қалуға болмайды. Шебер сөйлеу, айтқан сөзің нысанаға дөп тиюі үшін шешендік сөзді жаттап жаттығу, оның қыр-сырын білу керектігін ғалым өз еңбегінде үнемі айтып, жазып отырған.
Шешендік сөздерді А. Байтұрсынов көркем әдебиеттің негізгі жанрлары: ертегі, батырлар жыры, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, қара өлең, термелермен қатар қойып зерттеп ол адам ойын өрістетіп, тапқырлыққа баулитын, адамның таным дүниесін кеңейтетін, биік адамгершілік қасиеттерге үндейтін, қазақ даласында әлеуметтік қызмет атқарған жанр деп біледі. Сондықтан да қазақ халқы шешендікті терең меңгерген адамды ерекше бағалап, жүйелі сөзге тоқтаған, тапқыр оймен түйіндей білген адамды қасиет тұтқан.
Шешендік сөз парасатты ойға, ұшқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Шешендік дегеніміз айтылған сөзге әрі қисынды, әрі ұшқыр, әрі ұтқыр жауап қайтару дейді ғалым өз топшылауларында.
Жалпы, жанр дегеніміз даму үстіндегі ұғым, әрбір тарихи дәуірде әр жанр өзінің негізгі тұлғасын сақтай отырып, сол кезеңге сай ерекшеліктерді бойына сіңіріп дамиды. Бұл халықтың салт-санасы мен сол жанрды пайымдаушы көзқарасынан туындайды. Жанр қимыл-қозғалыстағы тіршілік жүйесі. Ол жаңадан туады, өседі, дамиды, кейде, тіпті, өшеді, яки жоғалып та кетеді. Мұны әдебиеттің тарихи тағдырымен ұштастыру керек-ақ, сондай-ақ оның түрі де әлеуметтік жағдайға сай, әр кезеңде құбылып отырады, бірақ нақты шағын ба, әлде көлемді ме әйтеуір көркем шығармаға тәуілді болады.
Шешендік сөздердің жанрларын анықтауға, оған жан-жақты талдау жасауға алғашқы талпыныс жасаған ғалымдарымыздың бірі-Ахмет Байтұрсынов. Ол өзінің «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде шешендік сөздерді былайша бөледі: «Шешен сөздер бес түрлі болады: а) Шешендер жиынды ауызынан қаратып, нандырып, сендіріп, мемлекет ісіне қарар шығару мақсатымен сөйлегенде саясат шешен сөзі деп аталады. ә) Шешендер сотта айыпкер адамдарды ақтау, иә қаралау мақсатпен сөйлегенде сот билігінде әсер ету үшін айтқан сөздері билік шешен сөзі деп аталады. б) Біреудің халық алдында еткен еңбегін, өткізген қызметін айтып, қошеметтеп сөйлеген шешеннің сөзі қошемет шешен сөзі деп аталады. в) Білімділердің, ғалымдардың пән мазмұнына байланысты сөйлегені білімгер шешен сөзі деп аталады. г) Дін жайынан сөйлеген ғұламалар сөзі, молдалар сөзі, уағыз деп аталады». [2.405]
Көріп отырғанымыздай, А.Байтұрсынов шешендік өнер, шешендік сөз туралы пікір айтып қоймаған, тың анықтамалар да бере білген. Сол анықтамаларына дәлел ретінде ділмар сөзге бірнеше мысалдарды да алдымызға тосады. Біз бұдан шешендік сөз деп жүрген терминді кезінде А.Байтұрсынов ділмар сөз деп атағанын көреміз. Бірақ қалай атасақ та, шешендіктің де, ділмарлықтың да негізінде тапқырлық пен ойлылық, ақылдылық жатқанын байқаймыз. Мәселен, Қаздауысты Қазыбек би жолаушылап жүріп бір үйге түсіпті. Ерінің үйінде жоқтығына қарамастан, әйелі қонақтарды жақсылап күтіпті. Сонда Қазыбек: «Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен?» - деп отырғанда үйіне ері келеді. Қараса, ері көріксіздеу ғана адам екен. Қазыбек әзілдеп, жолдастарына қарап былай депті:
Жарандар, бұл сөзімнің мәнісі бар, Мәнсіздің мәндіменен не ісі бар? Құданың құдіретіне қарап тұрсам, Жапалақ үйрек алған бірі ісі бар. Сонда әйелі Қазыбектің сөзіне түсініп қалып: Биеке, сөзіңіздің мәнісі бар, Мәндінің мәнсізбенен көп ісі бар. Жапалақ ілген құсын місе тұтпай,
Әлде де қоңыр қаздан дәмесі бар, - депті.
Сонда Қазыбек әйелге риза болып:
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы емес пе?
Атаң жаман болса,
Шыбын жанның азабы емес пе?
Қатының жаман болса,
Бұл жалғанның тозағы емес пе?
Туған балаң жақсы болса,
Екі көздің шырағы емес пе?
Мінген атың жақсы болса,
Бұл дүниенің пырағы емес пе?
Алған жарың жақсы болса,
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе! - депті. [3.215]
Ғалым «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде шешендік сөздердің қыры мен сыры туралы: «Шешен сөз қара сөз шығармалардан бөлек сөз емес, онда да пайымдама болады. Шешендік пайымдаманың бөлектеу жері мынау ғана. Пайымдамада шешен негізгі пікірін баяндап, түрлі дәлелдермен түсіндіріп қана қоймайды, ол тыңдаушыны пікіріне нандыру, сендіру, ұйыту, балқыту, иман келтіргізу секілді әрекетке бастайды. Шешен сөзде айтушының мақсаты – ойды баяндап,сипаттап анық түсіндіру. Оны істеу үшін шешендер жай пайымдаушыларға айтқан сөзі ақылға қону жағымен қатар оның жанына, қанына әсер ететіндей болуы керек, сөз арбау секілді адамның ойын да, бойын да балқытып ерекше әсер етуі керек. Сондықтан шешен сөздің «Қыздырма», яғни «Қоздырма» деген айрықша бөлімі болады. Оның қызметі адамның жүрегін билеп, жүйесін босату, қанан қыздыру, намысын келтіру, арқасын қоздыру. Шешен сөздің бұл бөлімі пікірді дәлелдеп, сипаттап, мән істеп болғаннан кейін келеді. Өйткені пікірді баяндап, түсіндіріп, дәлелдеп, сипаттап, ақыл жағы қанағаттанғаннан кейін жүрек жағына әсер етіп,бойын балқыту жеңіл болады.
Осы айтылған мақсаттарға қарай шешен сөздің тілі уытты, лепті, әсерлі, қанды қайнатып, жүрек тулатып, естен айырып,еріеті алып кететін күшті, көрікті, сәнді, мәнді тіл болады. Шешен сөздің зор мүшелері бесеу: а) бастамасы, ә) ұсынбасы, б) мазмұндамасы, в) қыздырмасы, г) қорытпасы (2.405.).
Бұл пікірден шешендік сөз қалай болса солай айтылмайтын, белгілі бір әлеуметтік, философиялық, логикалық, психологиялық заңдылықтарға бағынып айтылатын сөз екенін көреміз.
Жалпы осы кезге дейін шешендік сөздерді жанр жағынан жіктегенде негізгі ауызға алынатыны шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау. Бұл бір қарағанда дұрыс болғанымен жанрдың ішкі қыр-сырын толық ашып бере алмайды. Сондықтан да шешендік сөздерді бірнеше түрге бөле отырып, оның әрқайсысын бірнеше салаға жіктеуде А. Байтұрсыновтың салып кеткен жолын басшылыққа ала отырып бүгің шешендік сөздерді: 1. Шешендік арнаулар: а) бата ә) әзіл-оспақ б) сыни сөз в) естірту г) көңіл айту д) жұбату ж) сәлем сөз 2.Шешендік толғаулар: а) нақылдар ә) мақал-мәтелдер б) жұмбақтар в) мысалдар г) жауаптасу ғ) қанатты сөздер 3.Шешендік даулар:
а) ер құны дауы ә) жер дауы б) жесір дауы в) мал дауы г) ар-намыс дауы ғ) халықтың намыс дауы 4. Шешендік суырып салмалық: а) айтыс ә) суырып салмалық б) бірқақпайлар в)аңыз бен қалжың-оспақ. [5.67] деп ғалымдар тұжырым жасаса ол да А. Байтұрсыновтың терең ойы, тапқыр пікірлерімен ұштасып жатыр.
Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнын, оның әлеуметтік-қоғамдық істерін, дүниетанымдағы ерекшеліктерін өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділін айтқанадамның бірі – Сәкен Сейфуллин. Ол "Еңбекші қазақ” газетіне (1923 жыл, 30қаңтар) "Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды” деген арнаулы мақала жазып, онда былай дейді: "А.Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан өз заманында патша арам қулықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқығанмырзалар шен іздеп жүргенде қорлыққа шыдап, құлдық қакөніп, ұйқыбасқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді -, деп жазуы А. Байтұрсыновқа өз кезінде берілген үлкен баға.
Шешендік сөздер ертегі, аңыздар мен халық поэзиясынан іріктеліп, сұрыпталып, бөлініп шығып әдеби тіліміздің қалыптасуына жағдай туғызды. Шешендік сөздер әдеби тілдің сөздік қоры екенін А. Байтұрсынов өз кезеңінде – ақ анық айтты. Оның нақты мысалы ғалым айтып отырған шешендік сөздердің сөздік құрам, сөйлем құрылысы жағынан қазіргі әдеби тіл нормаларынан ешқандай алшақтығы жоқ екенін көреміз. Демек шешендік сөздер басқа жанрлар секілді әдеби тілдің ұйытқысы болған. Шешендік сөздің сөйлеу құрылысын, сөйлеу ережесін бойға сіңіру әдеби тілімізді байытады, ой- өрісімізді кеңейтеді А. Байтұрсыновтың әдебиет теориясына байланысты ойларын алға апарушы академик З. Қабдолов өзінің «Әдебиет теориясы негіздері» еңбегінде ғалым ойларын тереңдете былай дейді: «Әдеби тіл – жай тіл емес, көркем тіл, демек сұлу сөз. Ал осы көркем,сөз сұлулығы дегенді қалай түсіну керек? » (1.220), - äåï æàçғàí åäi. Бұл А. Байтұрсынов сынды ғұлама ғалымның қазақ шешндік өнеріне тектен тек қызыға қарамағандығын, шешендік сөздің артында халық байлығы, халық тілі,мәдениеті, пәлсафасы бар екенін көрсетеді

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет