Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет1/62
Дата15.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455393
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Дәріс -әдістемелік оқу құралы. 1-басылым



Қазақ тілінің сөзжасамы
А.Б.САЛҚЫНБАЙ – ф.ғ.д., профессор
І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы

Сөзжасам тіл білімінің Кез келген тілдің дамуы,

жеке саласы ең алдымен, сөзжасам

жүйесімен байланысты. Тілдің байлығы – кірме сөздер есебінен сөздік құрамның толығуымен емес, төл сөздердің мағыналық және тұлғалық дамуы негізінде, жаңа сөздердің туындауы арқылы анықталады. Сондықтан тілдегі төл сөздердің ұғымдық, мағыналық және тұлғалық даму жүйесін зерделеу қажет.

Тіл дамуы әлем бейнесін танып-біліп, олардың әртүрлі белгісі мен қасиеті, сапасы мен саны, қимылы мен әрекеті, амалы мен сипатына атау беру арқылы орындалады. Болмыстың әр алуан белгілеріне атау беру халықтың дүниетанымымен, ой-санасының өсуімен, ұлттың психологиясымен, менталитетімен тығыз байланыста болады. Болмыстағы кез келген зат не құбылыс туралы ұғым тілдік таңба арқылы таңбаланып, өзінің сөздік бейнесін жасайды. Бұл таңбаланған бейне сөзжасамдық процесс арқылы жасалып, атау ретінде танылады. Атаудың жасалу, қалыптасу процесі – сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны. Яғни сөзжасам – ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасын жасау процесін айқындайды. Сөзжасам – атау жасау процесі. Процесс нәтижесі – туынды сөз. Сөзжасам туынды сөздің жасалу сипатын, әдіс-тәсілін, уәжділігін, жасалған жаңа ерекше мағынаның ішкі құрылымын талдайды.

Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, даму жылдарында сөзжасамның кей мәселелері морфологияның аясында қарастырылды да, негізінен сөз жасалу үрдісінің синтетикалық жолмен яғни жұрнақтар арқылы туынды сөз жасалуы зерттелді.

ХХ ғасырдың 90-жылдарынан қазақ тілінің сөзжасам саласы туралы әртүрлі деңгейде ғылыми еңбектер жазыла бастады. Алғашқы іргелі еңбек “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі” (1989) атты монографиялық зерттеу болды. Мұнда сөзжасам жеке ғылыми сала ретінде танылып, оның негізгі теориялық мәселелері зерделенді. Осы кезден бастап, қазақ сөзжасамы ғылыми-теориялық бағытта сараланып, талданып, әртүрлі ғылыми аспектіден жүйелі түрде қарастырылып келеді.

Қазақ тілінің сөзжасамы – негізгі зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті айқындалған, зерттеу тәсілі мен әдістері бар, тіл білімінің бір жүйелі саласы.

Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың жасалу, қалыптасу жолын, мағынаның дамуын, ұғым, мағына, атаудың кешенді бірлігін қарастырады. Сөзжасам – жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің негізгі бір саласы.

Сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны – туынды сөз. Сөзжасам туынды сөздің жасалу жолын, қалпы, тәсілін, мағыналық құрылымын, атаудың қалыптасуын, уәжділігін, т.б. зерттеуді мақсат етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет