«Ақ Берен» Батыс Қазақстан атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлім филиалының ардагерлері Логинов Александр Васильевич



Дата03.07.2016
өлшемі21.86 Kb.
#175805
«Ақ Берен» Батыс Қазақстан атқыламаға қарсы

әскерилендірілген бөлім филиалының ардагерлері


Логинов Александр Васильевич – еңбек ардагері, 1938 жылы 6 қарашада Волгоград облысы Яланск ауданы Марец аулында дүниеге келген.

1963 жылы Ақтөбе мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау кәсіптік училищесін бітірген.

1962 жылдан бастап құтқару қызметінде командир лауазымын атқарған білікті басшы өнегелі өмір жолындағы мұнай-газ ашық атқылмаларын жою және алдын алу жауапкершілікті істе білікті, қабілетті мамандар даярлауда көптеген жас мамандар тәрбиеледі.

Өзінің көп жылғы еңбек өтіміндегі елеулі қызметі үшін 1989 ж. «Онбірінші бесжылдық екпіндісі» белгісімен, ҚР Төтенше Жағдайлар құрмет грамотасымен марапатталған.

А.В.Логинов мұнайгаз өнеркәсібіндегі еңбек қауіпсіздігі проблемаларын жетік меңгерген жоғары білікті басшы бола білуімен қатар, бүгінгі таңда еңбегі еленген құрметті зейнеткер.


Бискалиев Мендыгали Дүйсенбайұлы –еңбек ардагері, 2000 ж.-2007 ж. «Ақ Берен» РМҚК Батыс Қазақстан филиал командирі қызметін атқарған.

1943 ж. 5 ақпанда Саратов облысы Ершов ауданы Кушум аулында дүниеге келіп, 2009 жылдың сәуір айында дүниеден озды.

1966 жылы Гурьев политехникалық техникумын, 2004 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінің «мұнай-газ кенорындарын талдау» мамандығын оқып бітірген. Өзінің өмір жолында бұрғы көмекшісі қызметінен «Ақ Берен» Батыс Қазақстан филиал командирі лауазымды қызметіне дейін көтерілді. 23 рет ашық атқыламалардағы және газмұнайсудың пайда болуын жою жұмыстарына қатысқан. Мұнай-газ саласын дамыту және қалыптасуындағы ерен еңбегі үшін 1999 жылы «Қазақстан мұнайына 100 жыл» құрмет белгісімен, 2000 жылы «ҚР ТЖ Агентінің еңбегі сіңген жұмысшысы» белгісімен марапатталды.

Өзінің бүкіл еңбек жолындағы мұнайгаз өнеркәсібі және атқыламаға қарсы қызметін дамытуда үлкен үлесін қосты.





Иванов Геннадий Вячеславович – еңбек ардагері, 1992 жылдан бастап 2007 жылдар аралығында «Ақ Берен» Батыс Қазақстан атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлім филиалында респираторшы лауызымын атқарып, 2007 жылдан 2010 жылдары темір-өңдеуші болып еңбек етті.

2 ақпан 1946 жылы Орал облысында дүниеге келген. 1977 жылы Орал құрылыс техникумынның «Азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек еткен жылдарында Құрмет белгілерімен марапатталған.




Терентьева Любовь Николаевна – еңбек ардагері, 1998 жылдан бастап 2010 жылдар аралығында «Ақ Берен» Батыс Қазақстан атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлім филиалында медбике кызметін атқарды.

1950 жылы 07 тамызда Орал облысында дүниеге келді. 1969 жылы Орал медициналық училищесінің «Медбике» мамандығы бойынша бітірген.



Еңбек өтілі жылдарында Құрмет белгілеріне ие болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет