В бөлімі
1-тапсырма.
Суретте адамның қан айналымы жүйесінің схемасы көрсетілген.
Төмендегі мәндерді сәйкес белгілерді пайдаланып салыстырыңыз (A - үлкен, В - кіші, С - тең). (әрқайсысы
1 ұпай)
Мән 1
Мән 2
1.
Белгілі бір уақыт ішінде «В» қан
тамыры арқылы өтетін қанның
мөлшері
Белгілі бір уақыт ішінде «С» қан
тамыры
арқылы
өтетін қан мөлшері
2.
Белгілі бір уақыт ішінде «В» қан
тамыры арқылы өтетін қанның
мөлшері
Белгілі бір уақыт ішінде «D» қан тамыры
арқылы өтетін қан мөлшері
3.
«В» қан тамыры арқылы өтетін
қанның
рН деңгейі
«D» қан тамыры арқылы өтетін қанның
рН деңгейі
Төмендегі тұжырымдар қан тамырларының қандай бөліктеріне тән? Жауап беру үшін сызбадағы әріптерді
пайдаланыңыз. (әрқайсысы 1 ұпай)
4. Бұл артерия оттегі аз қанды тасымалдайды.
5. Бұл қан тамыры бір көктамырды екінші көктамырымен байланыстыратын капиллярлық төсекке кіреді.
6. Дәл осы жерде сүт қышқылы қарқынды физикалық күш салу нәтижесінде қанға түседі.
7. Тамақтанғаннан кейін қандағы қант деңгейі қан тамырларының дәл осы бөлігінде ең жоғары көтеріледі.