А. И. Даркенбаев Қазақстан халқы ассамблеясының ҚҰзыреттері



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата11.12.2022
өлшемі0.63 Mb.
#467024
  1   2
ассамблея



Вестник КазНУ. Серия юридическая. № 2(50). 2009
 
71
*** 
Given article of Nurpeissov Dauren considers aspects of one of actual problems of the present - strengthening of the law and 
order. The author opens separate theoretical positions of the given problem, namely the analysis of the law and order as conditions of 
actual orderliness of the public relations expressing real, practical realization of requirements of legality. 
А.И. Даркенбаев 
 
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТЕРІ 
 
“Қазақстан халқы Ассамблеясы” тарихына тоқталатын болсақ, сонау 1992 жылы Қазақстан 
халықтарының 1-ші форумында мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан халықтары 
Ассамблеясын” құру туралы тың идея ұсынған болатын. Сол идея 1995 жылы 1 наурыз күні 
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен ел тарихында тұңғыш рет “Қазақстан 
халықтары Ассамблеясы” құрылды. 
“Қазақстан халқы Ассамблеясының” пайда болуы, еліміздің ішкі және сыртқы саяси ахуалына 
елеулі оң әсерін тигізді. Осы жөнінде БҰҰ-ның бұрынғы хатшысы К. Аннан бұл теңдесі жоқ ұйым 
туралы өте жоғары пікір білдірді: “Қазақстан бүгінгі таңда басқа мемлекеттердің тұрақты дамуына
ұлтаралық келісімнің үлгісіне айналып отыр. “Қазақстан халықтары Ассамблеясы” қызметінің 
арқасында әр түрлі этникалық, мәдени, діни топтар мемлекетте өздерінің өміріне қатысты маңызды 
мәселелерді шешуге қол жеткізіп отыр”, - деп өз ойын білдірді. 
Көптеген шетелдік және отандық БАҚ өкілдері қазақстандық даму моделі туралы әңгіме қозғалып 
жүр. Себебі, бүкіл әлем, соның ішінде еуропалық мемлекеттер Қазақстанда болып жатқан 
өзгерістерден қалыс қала алмайды. Себебі, Қазақстан бәрімізге белгілі 2010 жылы ТМД 
мемлекеттерінің арасында тұңғыш рет ОБСЕ-ге төрағалық етеді. Сондықтан да Қазақстанға көз тігуі 
айтпаса да түсінікті. 
Сол себепті де, қазақстандықтардың алдында қоғамды одан әрі демократияландыру мен 
азаматтық қоғам институттарын дамытуға бағытталған шараларды жүзеге асыру міндеті тұр. 
2002 жылы сәуір айында Қазақстан Республикасының Президенті “Қазақстан халықтары 
Ассамблеясының” 2007 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы Жарлыққа қол қойды. 
Ал “Қазақстан халықтары Ассамблеясы” қызметі тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі 2007 
жылғы 21 мамырдағы елімізде орын алған Конституциялық реформаның нәтижесінде “Қазақстан 
халықтары Ассамблеясы” Конституциялық статусқа ие болады. Оны еліміз тарихында алтын әріппен 
жазылатын саяси оқиға деп бағалауымыз қажет. Қазақстандағы ұлттық саясаттың құқықтық негізі, 
әрине Конституция болып табылады. 
Жаңа мәтінмен толықтырылған Конституциямыздың 51-бабына сәйкес “Мәжілістің 98 депутатын 
сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге 
асырылады. Мәжілістің 9 депутатын “Қазақстан халықтары Ассамблеясы” сайлайды. Мәжіліс 
депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайлану өкілеттігінің мерзімі 
аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі” делінген. 
Қазақстан халықтары Ассамблеясына конституциялық құқықтық мәртебенің берілуі бір жағынан 
“Қазақстан халықтары Ассамблеясы” үшін үлкен мәртебе болғанымен, екінші жағынан оларға 
күрделі міндеттер жүктеліп отыр. 
Қазіргі таңда “Қазақстан халықтары Ассамблеясы” қызметін реттейтін негізгі құқықтық 
құжаттардың қатарына Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы тұңғыш 
Президенті туралы заңы, “Қазақстан халықтары Ассамблеясы” стратегиясын және де “Қазақстан 
халықтары Ассамблеясы” туралы арнайы заңды жатқызуға болады. 
Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы 2008 жылғы 20 қазанда қабылданған заңға сәйкес 
“Қазақстан халқы Ассамблеясы” (бұдан әрі - Ассамблея) – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан 
Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға 
ықпал ететін мекеме. 
Ассамблея өз қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырады. 
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары - облыстардың 
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдері жанындағы заңды тұлға құрылмай, 
қызметін Ассамблея үйлестіретін мекемелер [1, 2 б.]. 
Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі мақсаты қазақстандық патриотизмді, ұлт бірлігін және 
ұлт аралық татуластықты сақтауға қызмет ету болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан халқын 
топтастырудың ұйытқысы да және этносаралық келісімді қамтамасыз етуші құрылым. 
Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде белгілі бір негізгі міндеттерді атқаратын ұйымға жатады. 
“Ассамблеяның негізгі міндеттері мыналар: 


ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. № 2 (50). 2009
72 
1) Этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам 
институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және 
толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау; 
2) Халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша 
қоғамдық келісімді қолдау және дамыту; 
3) Қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың 
құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік 
органдарға жәрдемдесу; 
4) Азаматтардың 
демократиялық 
нормаларға 
сүйенетін 
саяси-құқықтық 
мәдениетін 
қалыптастыру; 
5) Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық 
бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету; 
6) Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және 
дамыту болып табылады” [2, 2 б.]. 
Қазақстан халықтар Ассамблеясының қызметінің негізгі бағыттарына мыналар жатады: 
1) мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу; 
2) қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға жәрдемдесу; 
3) мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту; 
4) этносаралық саладағы өңірлік саясатты жетілдіру; 
5) демография және көші-қон саласындағы жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуге және іске 
асыруға қатысу; 
6) елде және шет елдерде этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін 
насихаттау; 
7) этносаралық келісімге қол жеткізуге бағытталған ағартушылық және баспасөз қызметін 
жүзеге асыру; 
8) этносаралық қатынастар жай-күйінің, оның ішінде мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының 
басқа да тілдерін қолдану саласында мониторингті жүзеге асыру; 
9) мемлекеттік ұлттық саясат мәселелері жөніндегі заң жобаларын қоғамдық-саяси сараптама 
жасауға қатысу; 
10) шет елдердегі қазақ диаспорасына ана тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтау және 
дамыту, оның тарихи Отанымен байланыстарн нығайту мәселелерінде қолдау көрсету; 
11) этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, қақтығысты 
жағдайларды болдырмау жөнінде ұсыныстар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру және 
оларды шешуге қатысу; 
12) этномәдени қоғамдық бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық және құқықтық көмек 
көрсету; 
13) этносаралық қақтығыстар мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамлық 
бірлестіктердің диалогын қамтамасыз ететін семнарлар, конференциялар өткізу, өзге де іс-шараларды 
жүзеге асыру; 
14) этносаралық және конфессиаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтық 
қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; 
15) Қазақстанның басқа да этностарына өздерінің тарихи отанымен байланысын дамытуға 
жәрдемдесу; 
16) Этносаралық келісімге жәрдемдесетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы 
келмейтін өзге де қызмет болып табылады” [3, 3 б.].
Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің қызметін жүзеге асыру барысында адам құқықтары мен 
бостандықтарының басымдығына, халық пен мемлекет мүддесіне және жариялық қағидаларына және 
дербес жауапкершілік негізіне сүйеніп, өзінің қызметін жүзеге асырып отырады. Бұл айтылғанның 
барлығы ассамблеяның қызметінің басты қағидаларын құрайды. 
“Ассамблеяның және облыстар (республикалық) маңызы бар қала, Астана ассамблеяларының 
құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарының-этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік 
өкілдерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің және олардың қоғамдағы беделі ескеріле отырып, өзге 
де адамдардың қатарынан қалыптастырылады. 
Ассмблеяға мүшелікке кандидатуралар: 
1) Облыстардың этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің ұсыныстары негізінде 
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары сессияларының 
шешімі; 


Вестник КазНУ. Серия юридическая. № 2(50). 2009


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет