Аромат қосылыстарды сульфирлеу. Бензол, толуол, ксилолдан үлкен пробиркаға 1 мл құйып, олардың үстіне 3 мл концентрациялы күкірт қышқылын қосады. Қоспаны су жылытқышта қыздырады. Бензолы бар қоспаны бензол ұшып кетпейтіндей байқап қыздыру керек (бензолдың қайнау температурасы 80,1° С).
Толуол мен ксилол күкірт қышқылында біртіндеп ериді. Екі пробиркадағы қоспа толық еріген кезде, су жылытқыштан үшеуін де алып, пробирканың сыртынан салқын сумен салқындатып, әрқайсысына 10—15 мл суық су құяды. Бензол бар пробиркада бензол су бетіне шығады, ал толуол мен ксилол сульфоқосылыстар түзу нәтижесінде, біртіндеп ыдыстың тубіне шөгеді. Толуол мен ксилолдың сульфирленуі метил радикалына байланысты. Ол бензол сақинасындағы пара жане орто жағдайдағы сутегінің қозғалғыштығын арттырады. Соның нәтижесінде толуол мен ксилол пара-орто-толуол немесе ксилол сульфақышқылдарын түзеді. Ал бензол концентрациясы өте жоғары қышқылда аз да болса, сульфирленеді, бірақ толуол мен ксилолға қарағанда сульфирлену өте баяу жүреді:
Достарыңызбен бөлісу: |