Нафталинді тотықтыру арқылы о- фталь қышқылын алу. Пробиркаға 1 г нафталин салып 0,1 проценттік 5 мл калий перманганатының ерітіндісін қосады да оның үстіне 3-4 тамшы 10 проценттік күкірт қышқылы ерітіндісі тамызып , аздап қыздырады. Қоспаның түсі біртіндеп түссізденеді де фталь қышқылы түсе бастайды. Оны сүзу арқылы бөліп алады. Рекция теңдеуін жаз.
Қоңыр қышқылын алу. Пробиркаға жаңа даярланған бензой альдегидінен 0,5 мл, сірке ангидридіден 0,5 г, сусыз натрий ацетатынан 0,3 г салып, су жылытқышта бір екі сағат бензой альдегидінің иісі жойылғанша қыздырады да оған аздап тұз қышқылын қосады. Пайда болған қоспаны тез суытады. Сол кезде қоңыр қышқылдың түссіз кристалдары тұнбаға түсе бастайды
Мұндағы байқалған құбылысты реакция теңдеуі арқылы көрсетіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |