4.2. Отбасы мен педагогтердің өзара әрекеттестігі
Мектеп пен отбасы бүгінгі күні баланы тәрбиелеу процесінде тиімділігі
келісілген іс-қимылдарға байланысты негізделген әлеуметтік институттар.
Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата,
жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көрегендікпен ой
түйген. Бала өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетасы ата-ана арқылы
отбасында қаланып, мектептегі тәрбиемен жалғасады.
Әбу Насыр Әл-
Фараби, Жүсіп Баласағұни, Абай Құнанбаев сияқты ойшылдар,
Ш.А.Амонашвили, В.А.Караковский, А.В.Мудрик және т.б. педагогтар бала
бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеудің маңызын көрсетіп,
отбасы мен мектептің өзара әрекеттесу мәселесіне арналған жұмыстарды
талдау барысында ата-аналар ынтымақтастығын жүзеге асырудағы қарым-
қатынасты қалыптастыру үдерісіндегі басты қағидаттарды бөлді [24].
Достарыңызбен бөлісу: |