А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері



Pdf көрінісі
бет36/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

7. Рухани-психотерапиялық қызметі. Бұл қызмет түрі рухани қарым-
қатынасқа негізделе отырып отбасы мүшелерінің жеке басын дамыту, рухани 
өзара  байыту.  Бұл  қызмет  отбасына  арнайы  психотерапиялық  сеанстарды 
жасауға  мүмкіндік  береді. Отбасылық  өмірде  өмір  сүрудің  қызықты  да 
мазмұнды  болуы  үшін,  тіпті  өте  сезімтал  жұбайларға  да  бір-бірінің 
психологиясын  жақсы  білуі,  өздерімен  қоса  басқалардың  да  қасиеттерін 
түсіне білулері керек, ал педагогиканы білудің маңызы балаларын тәрбиелеу 
ғана емесе, сондай-ақ өзін қажымай-талмай тәрбиелеу үшін де қажет [8].
Отбасы  өзінің  осы  қызметтерін іске  асыра  отырып,  бір  жағынан 
адамның аса маңызды табиғи, биологиялық қажеттіліктерін (өзін-өзі қорғау, 
руды  жалғастыру)  қанағаттандырса;  екіншіден,  адамға  қарым-қатынаста, 
жеке  және  рухани  өсуде  белгілі  бір  мақсаттарға  қол  жеткізуге  мүмкіндік 
береді. Демек,  отбасында  ата-ана  осы  қасиеттерді  барынша  бірігіп,  жақсы 
ұйымдастыра  білсе  және  педагогикалық  жағынан  білімді,  психологиялық 
әдіс-тәсілден хабардар болса, отбасының рухани қызметі дұрыс жүреді.
Отбасындағы алғашқы өмір сабақтары балаға әрекет жасаудың нұсқасы 
ретінде әлеуметтік ақпаратты таңдап қабылдауға, өңдеуге, меңгеруге немесе 
қабылдамауына негіз болады. Отбасының қызметтері - үздіксіз, бір мезгілде 
жүзеге  асады,  қалыптасып  келе  жатқан  тұлғаға  жан-жақты  әсер  етеді  және 
отбасындағы  байланыстардың  тұрақтылығына,  балалардың  және ата-
аналардың өзара эмоционалдық қарым-қатынасына негізделеді. Олай болса, 
отбасының қызметтері тәрбие барысында  балаға  аға  ұрпақтың  өмірлік 
тәжірибесін, сезім мәдениеті мен мінез-құлқының деңгейін және отбасының 
қызметтерін үйлесімді орнатқанда ғана өз жемісін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет