А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері


Я.А. Коменскийдің адамгершілік тәрбие талаптары



Pdf көрінісі
бет9/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

Я.А. Коменскийдің адамгершілік тәрбие талаптары
1) адамгершілік қасиеттерді кішкентай кезден бастау;
2) адамгершілік қасиеттерді сөзбен емес, іс әрекетпен тәрбиелеу;
3) бала тәрбиесінде өмірден, тарихтан алынған мысалдарды пайдалану;
4) баланы  бүлінген  адамдар  қауымынан, кез-келген  басқа  да
адамгершілікке жат қылықтардан сақтандыру.
Ағылшын философы Дж.Локктың тәрбие туралы көзқарастары «Тәрбие 
жөнiндегi  ойлар»  және  «Ақылды  тәрбиелеу  туралы»  еңбектерiнде 
сипатталған.  Оның  пiкiрiнше,  тәрбиенiң  мақсаты  - жеке  басының  iсiн 
ойластырып, жүйелеп орындайтын, өз мүддесiн iске асыра білетін балаларды 
тәрбиелеу. Өз шығармаларында адамгершiлiк тәрбиенi кеңiрек қарастырады. 
Көрнекті  француз  ағартушы,  жазушы  және  философ  - ойшыл 
Ж.Ж.Руссо  «Балаларды  ата-аналары  өздері  тәрбиелеуі  тиіс»  - деді.  Өзінің 
«Эмиль  немесе  Тәрбие  туралы»  романында  әйел  тәрбиесі  туралы  ойлары 
(Эмильдің  болашақ  зайыбы)  оның  әйел  табиғаты  туралы  көзқарастарымен 
сипатталды. Руссо баланы тәрбиелеуде авторитаризмге қарсы болды, баланы
ересектердің  бұйрықтарына  соқыр  үйретуге  қарсылық  білдірді.  Сонымен 
қатар,  баланың  табиғи  жетілуін  жақтап,  қызығушылығын,  еліктеушілігін, 
дарындылығын  табиғи  тұрғыда  зерттеп,  тәрбиедегі  қаталдықты  (ұрып  соғу, 
зомбылық)  сүйіспеншілікпен  ұштастыруды  үндеді.  Ж.Ж.Руссо  адам  еңбегі 
арқылы өмір сүріп, ешкімге тәуелсіз, бостандықты қадірлей білуге тәрбиелеу 
қажет  дей  отырып,  жеткіншектерді  табиғатына  сәйкес  жас  ерекшелігін 
ескеріп,  жеке  бастарын  қадірлеп,  олардың  қызығушылықтары  мен  ішкі 
талап-тілектерін  тәрбие  үрдісінде  басшылыққа  алуды  міндеттейді. 
Отбасындағы  тәрбие  еркін,  табиғи  болуы  керек  және  тәрбие  табиғат,  адам, 
заттар арқылы іске асады деп тұжырымдады[3].
Қоғамның  тәрбие  мәселесіне  деген  көзқарасын  өзгертуге  ұмтылған 
ХVIII  ғасырдағы  француз  философтары,  соның  ішінде  К.А.Гельвеций, 


12
отбасы  тәрбиесіне  қарағанда,  қоғамдық  тәрбиеге  басты  мән  берді.  Оның 
ойынша,  мектеп  мемлекеттің  қолына  берілуі  қажет.  Осы  позицияны 
ағылшынның  социалист-утописі  Р.Оуэн  де  жақтады.  Бірқатар  педагогтар 
мектептегі  тәрбие  мен  отбасы  тәрбиесінің ерекшеліктерін  ашып  көрсетіп, 
тәрбиенің басты негізі отбасында ғана беріледі деп тұжырымдады. Солардың 
бірі Швейцария педагогі - И.Г.Песталоций. Ол отбасы тәрбиесіне ерекше мән 
берді. Тәрбиенің негізгі міндеті – адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту. 
Адамгершілік тәрбиесінің қарапайым элементі баланың анасына махаббаты, 
ол бала ағзасының күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз ету негізінде пайда 
болады,  отбасында  баланың  адамгершілік  мінез-құлық  негіздері  қаланады. 
Балалардың  мінез-құлқын  қалыптастыруда  моральдық  өсиеттерді  айтумен 
шектелмей,  бейімділіктерін  қалыптастыру,  адамгершілік  сезімдерін  дамыту 
қажет.  Бала  өзінің  әкесіне  және  анасына  деген  қарым-қатынасынан  қоғам 
алдындағы  алғашқы  міндеттерін  атқаруды  меңгереді.  Отбасында  бала  ерте 
еңбекке  үйренеді.  Дәл,  осы  отбасында  бала  ата-анасына  деген 
сүйіспеншілікті  байқап,  сезінеді,  махаббат  пен  мейірімді  алады  дейді.
Д.Дидро,  Я.А.Коменский  өз  зерттеулерінде  баланы  отбасында  тәрбиелеу 
мәселесін,  оның  ішінде  баланың  ерте  жасынан  отбасында  адамгершілік 
құндылықтар мен нормаларды меңгеретінін қарастырған.
Орыстың  көрнекті  ағартушылары  мен  педагогтері қоғамның  негізін 
құрайтын  адамдар  отбасы  мен  мектепте  тәрбиеленеді  деп  есептеген.  Олар 
балалар  үйінде  күнделікті  өмір  барысында  қажеттіліктерді  көрсе,  қоғамда 
оның  қалай  жүзеге  асып  отырғандығын  байқап,  ата–аналарынан  жаңа 
білімдер  алып  отырады  деген.  Отбасы  тәрбиесі  мен  үйдегі  тәрбие  мәселесі 
В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.И.Пирогов, Н.А. Добролюбов, К.Д.Ушинский, 
Л.Н.Толстой  т.б.  ағартушылардың  назарында  болды.  Олар  еңбектерінде 
отбасы  тәрбиесінде  жеке  тұлғаның  белсенділігін  басып  тастау,  табиғи 
дарындылығын ескермеу, ерте жастан шет тілін оқыту, ұрып – соғып жазалау 
сияқты  кемшіліктерді  сынады.  Керісінше,  отбасындағы  бала  тәрбиесін 
жетілдіру, олардың сезімдерін аялау, адамгершілік жүріс - тұрыс әдеттерін, 
өз  бетімен  әрекет  ету,  ойлау  белсенділіктерін  қалыптастыру  туралы 
пікірлерді алға тартты [1].
Ежелгі  орыстардың  рухани  оқуларының  педагогикалық  мақсаты 
төмендегідей ережелермен анықталған: ол өзінің отбасы мүшелерінің рухани 
және дене  тазалығын  сақтауға,  оларды  қорғауға,  оларға  өзінің  рухани  бір 
бөлігі  ретінде  қарап,  қамқорлық  көрсетуге  міндетті  болған.  Үйдегі  еңбек 
тәрбиесін ол өзінің жарымен бөліскен. Балалары өсіп келе жатқанда оларды 
ата-анасы:  әкесі  ұлдарын,  шешесі  қыздарын  кәсіп  пен  қолөнерге  үйреткен. 
Бұл  кәсіптерді  таңдау  және  үйрету  тәртіптері  балалардың  жас  және  дербес 
ерекшеліктеріне сай, сондай-ақ ата-аналардың қоғамдағы дәрежесіне сәйкес 
анықтаған. Ежелгі  тәрбие  педагогикасының  негізгі  құралы  – жанды  үлгі-
өнеге, бала тәрбиесін тек сабақта ғана жүргізбей, өзі өмір сүрген ортадан да 
бірілуі  керек делінген.  ХI-ХII  ғ Киев  мемлекетінде  «Пчела»,  «Златоуст», 
Святославтың жинақтары және т.б. бір қатар қолжазбалар пайда болды. Бұл 
жинақтар – әмбебап, педагогикалық сипатта болды, адамдарды көптеген ар -


13
намыс,  қадір-қасиет,  еңбексүйгіштік,  даналық, білімге  ұмтылу  сияқты 
өмірлік жақсылықтарға үйретті және үлкен ағартушылық рөл атқарды [1].
ХIХ  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғасырдың  басында  Н.В. 
Шелгунов,  Я.Ф.Лесгафт,  Я.Ф.Каптерева,  М.И.Демкова  және  т.б.  ғалымдар
еңбектерінде отбасы тәрбиесінің теориясын педагогика ғылымының жеке бір 
саласы  ретінде  қарастырады. Олар еңбектерінде  отбасын  баланың  алғашқы 
табиғи  ортасы,  яғни  қоғамның  бір  бөлшегі  ретінде  зерттеу  қажеттілігін
көрсетті.  Отбасы  тәрбиесіне  қоғамның  көңіл  аудара  бастауының  айғағы 
ретінде  1884  жылы  Петербургте  ашылған  «Ата-аналар  үйірмесі»  жатады. 
Үйірме мүшелері отбасы тәрбиесінің тәжірибесін зерделеп, оның теориясын 
жасауды өз мақсаттары етіп алды. Үйірме алғаш рет өзінің баспа мүшелерін 
құрып, «Отбасы  тәрбиесінің  энциклопедиясы»  деп  атады.  1898-1910  жж 
П.Ф.Каптеревтің редакциялық басшылығымен 59 басылым жарыққа шықты 
Революцияға  дейінгі  отбасын зерттеушілер балалардың  ұлттық 
сезімдері  мен  идеалдарын  қалыптастыратын  бастау  ретінде  қарастырады. 
1912 жылы Ресейде отбасы тәрбиесіне байланысты І Жалпы ресейлік съезд 
өтті.  Мақсаты  – отбасына  бала  тәрбиесі  бойынша  көмек көрсету.  Аталған 
съезде  отбасына арналған  курс  ұйымдастыру,  лекциялар  өткізу,  ата-аналар 
үйірмесін құру сияқты түрлі педагогикалық көмек формалары ұсынылды.
Орыстың  көрнекті  педагогі В.А.Сухомлинский  тәрбиені  отбасы 
жағдайын  зерттеуден  бастады.  Ересек  кезең  – бала  тәрбиелеудегі  ең  қиын 
кезең  екендігін  айта  келіп,  ата-аналарды  балалармен  сырласуға  шақырады. 
«Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын 
қажеті  сан  қырлы.  «Отан  отбасынан  басталады»  десек,  адам  тәрбиесі  –
Отанды  сүю,  өмірге  құштарлық,  сұлулықты  тану  бала  кезден  отбасында 
басталатыны баршаға аян» деген құнды пікір айтты. 
Отбасы тәрбиесіне ерекше мән берген кеңес педагогі - А.С.Макаренко. 
Кеңес педагогтерінің ішінен бірінші болып отбасы тәрбиесінің мәселелеріне 
ерекше  мән  беріп,  осы  маңызды  мәселені  талдаумен  айналысты.  Көптеген 
отбасының  тәрбие  қызметін  жеткіліксіз  орындайтындығын ескере  келіп
«Ата-аналар  кітабы»  (1937ж)  еңбегінде  отбасы тәбиесін  жан-жақты  ашып 
көрсетті. Онда отбасын тәрбие ұжымының құрылымы және тәрбиенің жалпы 
шарттары  ретінде  қарастырды.  Оның  «Ата-аналар  кітабы»  мен  «Балаларды 
тәрбиелеу  туралы  лекциялар»  жинағы  өте  маңызды  ғылыми  және  көркем 
әдебиет. «Ата-аналар кітабында» жалғыз бала, көп балалы отбасы мәселесін 
көтеріп,  мысалдармен  қорытындылады. А.С.Макаренко «Тәрбие  –баламен 
сөйлесумен,  оған  ақыл-кеңес  берумен  ғана  шектелмейді. Тәрбие-тұрмысты 
дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге 
көрсетуінде»,-деген.
Яғни,  баланы  жас  кезінен  бастап  сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын 
бағалап,  дұрыс  сөйлеп,  дұрыс  қарым-қатынас  жасаған  абзал.  Баланың 
айтайын  деген  өтінішін, ақылдасқысы  келген  мәселесін  ата-анасы  тыңдап, 
ақыл-кеңес беруі керек. Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе,
кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады. Баланың тәрбиелі 
болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.


14


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет