Рухани адамгершілік тәрбие Ұлттық тәрбие Отбасы тәрбиесі Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие



бет1/4
Дата15.02.2024
өлшемі49.17 Kb.
#491948
  1   2   3   4
рухани тарбие


Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары
ЖОСПАР

  1. Рухани адамгершілік тәрбие

  2. Ұлттық тәрбие

  3. Отбасы тәрбиесі

  4. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

  5. Көп мәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие

  6. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдени тәрбиесі

  7. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты


Балалардың бойында жас кезінен бастап ең маңызды адамдық саналарды – адамгершілікті: сүюді, аяушылықты, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, мейірімділікті, адалдықты және басқа да асыл қасиеттерді дамытуымыз қажет. Мұғалімнің ең негізгі міндетінің бірі баларға адамгершілік құндылықтардың маңыздылығына ден қоюға үйрету.
Баланың сана-сезімін, адамгершілік мұраттарын қалыптастыратыны-тәрбиенің ең бірінші рухани міндеті. Рухани-адамгершілік тәрбие барысында әрдайым өз мұраттарын басты нысана етіп ұстау қажет. Себебі, баланың көз қарасы оның күнделікті іс-әрекетімен сәйкес келмесе, олар ойлауға шебер, бірақ іс-әрекетке, қарым-қатынасқа жоқ адамдар болып шығады.
Рухани тәрбиесі дұрыс жастар әрқашан жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, өз идеаларына ұқсауға ұмтылады. Таңдаған болашақ мамандығына лайықты мінез-құлық қалыптастырғысы келеді. Кейбір оқушылар алғашқы кездескен қиындықта-ақ өз күшіне сенімсіздік тудырып, бастаған ісін аяқсыз қалдырады. Оқушының жақсы қасиетке ұмтылған ниетін мұғалімдер кезінде біліп, қиын психологиялық сәттерден байқап, оған қолдау көрсетіп отырған болса мектептерде қайшылық жағдайлар кездеспейді
Рухани-адамгершілік туралы айтқанда біз тәрбие салаларын толық қамтимыз. Себебі олар бір-бірімен тығыз байланысты. Тұлғаның өмірге, еңбекке көзқарасын, дүниетанымын қалыптастыруда оқытуды тәрбиелеуді өмірмен байланыстыруда рухани-адамгершілік яғни адалдық, кішіпейілдік, ниеттілік, жомарттылық, жауапкершілік т.б. қасиеттерді дамытады.
Қорыта айтқанда, рухани адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе – баланы құрметтеу. Өзінің оқушысын өз бетінше білім мен тәрбие алуға үйретпеген мұғалім қазіргі түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайтыны белгілі. 
Ұлттық сана сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен өркениетінің ешбір елден кем түспегенін ұғындыру. Балаларға оқу іс әрекеті барысында, серуенде, спорттық шараларда ұлттық ойындарды, салт-дәстүрді, ауыз әдебиетінің әр түрлі жанрларын пайдаланып, балалардың қиялын, ой өрісін, әдеби сөздік қорын дамыта отырып, ұлттық сана-сезімді бойына сіңіре отырып өскелең ұрпақ тәрбиелеу.
Ұлт боламыз десек, тәрбие ана сүтімен беріліп, ана тілімізбен қалыптасып, тал бесіктен сіңірілуі шарт. Жас ұрпақ тәрбиесі- адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісінде адам болып қалыптасуы, қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы Абай «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы- жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», десе француз педагогы Жан Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзінді қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді.» деген екен. Бүгінгі таңдағы біздің бар мақсатымыз, іс-жоспарларымыздың барлығы балабақшадағы тәрбиеленушілерге жан-жақты жағдай жасау, солардың Қазақстан Республикасының болашақ азаматы ретінде тәрбиеленіп өсуі үшін күні бүгіннен бастап негізінің берік қалануына басты назар аудару. Әрбір ісімізді балалардың болашағы үшін арнап отыруды өзімізге басты міндет санаймыз.
Тәрбие мен баланың алғашқы дені мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала бойындағы жаңа қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі болып тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі.
Осы орайда өзімнің бала тәрбиесіндегі алдыма қойған басты мақсатым-баланың жас ерекшеліктеріне қарай, ұлттық тәрбиені, салт-дәстүрді бойына сіңіріп жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуына ықпал ету. Қазіргі қоғамда сырттан келген мәдениеттің ықпалымен ана тілін, ата-тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білейтін жастар, тастанды жетім балалар, қиын балалар, нашақорлыққа салынған жастар, қарттар үйіне тапсырылатын ата-аналар сияқты түрлі өзекті мәселелер өршіп тұр. Міне осы сияқты өзекті проблемалардың шешімі, әрине біздің сан ғасырлар бойы келе жатырған-ұлттық тәрбиемізде. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Міне осы тұрғыда күнделікті атқарылып жататын жұмыстардан үзінділер көрсетіп өтсем. Балаларды ең алдымен үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, өз шыққан тектерін, 7-атасын жатқа білуге, қазақ қыздарына тән ибалылық пен ұяңдық мінездері, ерлерге тән намысшылдық пен қамқорлық мінездері туралы бойларына сіңіріп отырудамын. Оқу қызметінің тақырыбы «Тату-тәтті отбасы» деп аталады. Бұл оқу қызметінде балалар өз шыққан ата-тектері туралы, туыстық қарым қатынастар туралы, дастархан басына отырарда қазақ халқына тән , ұлттық тәрбиенің бір бөлшегі, дастарханға отыру әдебін сақтай отырып, қыз баланы қазақ халқы қалай құрметтегені туралы, үйдің үлкеніне деген құрмет сияқты, ұлттық тәрбиелерді бала бойына сіңіре алдым.
Тек қана оқу қызметінде емес, сонымен қатар ертеңгіліктерде, балалармен серуен кезінде, ұйқыдан тұрғаннан кейінгі бос уақыттардың барлығында ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіре беру басты қағидам болып табылады. Ұлттық тәрбиеміздің негізгі көздері әдет-ғұрып, салт-дәстүр мен ұлттық әдебиетіміз.
Ұлттық тәрбиені тереңнен сіңірудің бірден-бір жолы ол ақсақалдар, ақ жаулықты аналар. Олардың жүрген жолы, өткен өмірі өсіп келе жатырған ұрпаққа үлгі болардай баға жетпес байлық. Бұрын ақсақалдар дөңнің басына шығып, әңгімелесіп отырғанда жандарына немерелерін, балаларын қоса алып жүрген. Себебі, бала бойына ұлттық тәрбиені сіңіру көздерінің бірі-үлкенге деген құрметтен, кішіге ізеттен басталады деп ойлаймын.
Қорыта айтқанда, ұлттық тәрбие алған ұрпақ-дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл боп өседі. «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономикаға өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады.», Бүгінде елімізде қатар жүріп жатқан екі процесс; саяси және экономикалық жаңғыру қарқынды іске асуда. Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену үшін саяси экономикалық реформалардан бөлек біртұтас ұлт ретінде сақталу үшін, ұлттық рухани жаңғыру қажет болды. Жаһандану дәуірі бәсекеге қабілетсіз, ұлттық болмысынан тамырын үзген мемлекеттерді артқа қалдырды. Бұған тарих куә. Демек, ұлт боламыз десек ұрпағымыздың тәрбиесіне қазірден көңіл бөліп, дұрыс тәрбие түрін таңдау керек. М. Жұмабаев айтқандай «Әрбір ұлттың бала тәрбиесінде ескіден келе жатырған жеке-жеке жолы бар. Тәрбиеші, баланы сол ұлт тәрбиесімен жетелеуге міндетті», - делінген. Адамға ең бірінші білім емес тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білімнің еш құндылығы болмайды. Сондықтан да саналы ұрпақ іргетасының мықты қалануы тәрбиешілердің мойнында. Бүгін ақылды ұрпақ тәрбиелеп, ертеңге сенімді ұрпақ табыс ету біздің еншімізде десе де болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет