Глоссарий аксиома — ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем. Анықтама



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата10.08.2024
өлшемі107.75 Kb.
#503139
  1   2   3
Учебник Geometria 7 kz Глосаррий



137
ГЛОССАРИЙ
Аксиома — ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем.
Анықтама — жаңа ұғымдардың мағынасын бұрыннан белгілі ұғымдар 
арқылы түсіндіретін сөйлем.
Әртүрлі қабырғалы үшбұрыш — қабырғаларының ұзындықтары әртүрлі 
болатын үшбұрыш.
Бұрыш — бір нүктеден шығатын екі сәулемен шектелген жа зықтықтың 
бөлігі. 
Бұрыштың биссектрисасы — бұрыштың төбесінен шығып, оны қақ 
бөлетін сәуле.
Бұрыштың қабырғалары — бұрышты құрайтын сәулелер.
Бұрыштың төбесі — бұрышты құрайтын сәулелердің бас нүктесі.
Бірлік кесінді — ұзындығы таңдап алынған өлшем бірлігіне тең болатын 
кесінді.
Вертикаль бұрыштар — бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыштың 
қабырғаларының созындысы болып келетін екі бұрыш.
Гипотенуза — тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан 
қабырғасы.
Дәлелдеу — берілген тұжырымдаманы ретімен талдау арқылы ақиқат-
тығына көз жеткізу.
Доғал бұрыш — тік бұрыштан үлкен, жазыңқы бұрыштан кіші бұрыш.
Доғал бұрышты үшбұрыш — бір бұрышы доғал болатын үшбұрыш.
Дөңгелек — берілген нүктеден белгілі қашықтықтан аспайтын жа-
зықтықтың барлық нүктелерінен тұратын фигура.
Дөңгелектің диаметрі — дөңгелекті шектейтін шеңбердің диаметрі.
Дөңгелектің секторы — центрлік бұрыштың ішінде орналасқан дөң-
гелектің бөлігі.
Дөңгелектің хордасы — дөңгелекті шектейтін шеңбердің хордасы.
Дұрыс үшбұрыш — теңқабырғалы үшбұрыш.
Жазыңқы бұрыш — қабырғалары түзу құрайтын немесе қабыр ғалары 
толықтауыш сәулелер болатын бұрыш.
Жанасу нүктесі — шеңбер мен жанаманың ортақ нүктесі.
Жарты түзу — түзудің берілген нүктесінің бір жағында жатқан барлық 
нүктелерден тұратын бөлігі.
Жартыжазықтық — түзудің бір жағында жататын және сол түзу мен 
нүктелерден құралған жазықтықтың бөлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет