Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы Морфологиялық пәндер кафедрасы Пән: «Жалпы патология негіздері»



бет1/4
Дата04.07.2016
өлшемі332 Kb.
#177294
  1   2   3   4
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы

Морфологиялық пәндер кафедрасы

Пән: «Жалпы патология негіздері»

Пән коды: ООP - 2216

Мамандығы: 5В110100 – «Мейіргер ісі»

Дәріс: 7,5

Оқыту курс және семестр: ІІ, ІV –семестр




ДӘРІС КОМПЛЕКСТЕРІ

2014 ж


Морфологиялық пәндер кафедрасы отырысында қаралған және бекітілген
«____» __________ 2014ж. Хаттама № ______
Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор ________________ Қ.Е. Сисабеков

Кредит -1 № 1

І. Тақырыбы: Жалпы патология пəні, əдістері. Жалпы нозология.

II. Мақсаты: Патологиялық анатомияның мазмұнынын, мақсатын зерттеу әдістерін оқып

үйрену, оның негізгі зерттеу әдісі – мәйіт ашумен танысу.



III. Дәріс тезистері: Патология әртүрлі аурулар кезіндегі организмде болатын морфологиялық өзгерістерді зерттейтін пән. Ол әртүрлі морфологиялық әдістер арқылы ауру дамуының барлық кезеңдерінің, бүкіл өзгерістерін тексереді. Патологиялық анатомия аурулардың құрылымдық негізін зерттейді.

Патологиялық анатомия аурулардың шығу себептерін (этиологиясы) даму механизмін (патогенез), өлу үрдісін және оның себептерін де (танатогенез) жанжақты зерттейді.

Патологиялық анатомияның қазіргі даму кезеңінде ауру морфологиясы тек организмдік, ағзалық, тіндік, жасушалық деңгейге ғана емес, жасуша ішілік және молекулалық деңгейде де зертеледі.

Патологиялык анатомия аурулардың құрылымдық өзгерістері жайлы мағлұматты мәйітті зерттеу, хирургиялық операциялар, биопсия мен эксперимент арқылы алады.

Түрлі аурулардан қайтыс болғандардың мәйітін зерттеу (аутопсия; грекше: autopsia - өз көзімен көру) арқылы клиникалық диагноздың дұрыстығы немесе диагностикалық қателік анықталып, өлімнің себебі, аурудың ағымының ерекшелігі, емдегенде қолданылған препараттардың, құрал-саймандардың тиімділігі айқындалып, өлім-жітім (смертность) мен өлім-жітімділіктің (летальность) статистикасы дәйектеліп, т.б. да мәселелер шешімін табады. Мәйітті зерттегенде ауру адамның өлуіне себеп болған, меңдеп кеткен өзгерістермен қатар, микроскоппен ғана көрінетін бастама өзгерістерді де анықтауға болады.Патологанатом операция кезінде алынған материалды зерттегенде алуан түрлі морфологиялық тәсілдерді қолданып, аурудың түрлі сатыларының морфологиясын анықтай алады.

IV. Иллюстрациялық материалдар:

Кестелер:

1.Дәріс материалдың презентациясы.

2.Тақырып бойынша плакаттар.

V. Әдебиет:

Негізгі:

1. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия.-Алматы. 2003.-393 б.

2. Струков А.И. Патологиялыќ анатомия: медициналыќ жоғары оқу

орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В.

– Ақтөбе. Жалпы білімі– 2-ші бас.-2010.-350 б. Перевод на казахский

Айткулова М.Т.

3. Струков А.И. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу

орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В. –

Ақтөбе. II бөлімінің 1-ші кітабы: жеке аурулар білімі. – 2-ші бас. - 2010.

-338 б. Перевод на казахский Айткулова М.Т.

4. Струков А.И. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу

орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В. –

Ақтөбе. II бөлімнің 2-ші кітабы: жеке аурулар бөлімі. – 2-ші бас. - 2010.-330 5. Перевод на казахский Айткулова М.Т.

5. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. – М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет.



қосымша:

1. Ахметкалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға

кіріспе: Оқу құралы. – Ақтөбе: Ақтөбе медициналық академиясы. -1999. -

С.5-34.


Ағылшын тіліндегі

негізгі:

1. Robbins Basic Pathology //Kumar V., Abbas A.K., Fausto N., Mitchell R.

–Saunders Elsevier, 2007. -851 p.

2. Robbins and Cotran. Review of Pathology //Klatt E.C., Kumar V., - Third

Edition – Saunders Elsevier, 2010. – 423 p.

қосымша:

1. Klatt E.C. Robbins & Cotran Atlas of Pathology - Second Edition - El-sevier Inc., 2009- New York - 464 p.



VI. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Патологиялық анатомия нені оқытады?

  2. Патологиялық анатомияның мақсаттарын атаңыз?

  3. Жалпы және жеке патологиялық анатомияның мазмұны.

  4. Патологиялық анатомияның зерттеу объектілері болып не табылады?

  5. Патологиялық анатомияның зерттеу әдістерін атаңыз?

  6. Аурулардың құрылымдық негіздерін оқып үйренуде қандай деңгейлерін ажыратады?

  7. Назология дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.



Кредит -1 №2

I. Тақырыбы: Жасушалар мен жасушааралық тіндердік патологиясы. Дистрофиялар.

II. Мақсаты: Дистрофияның, жасушалар мен жасушааралық тіндер патологиясының негізгі себептерін, даму механизмдерін және функционалдық маңызын білу. Дистрофияның негізгі жіктелу принциптерін (инфильтрация, декомпазиция, бейтабиғи синтез, трансформация) және морфогенетикалық механизмдерін ашу.

III. Дәріс тезистері:

Жасуша – қоршаған ортамен зат алмаса алатын ең қарапайым жүйе. Адам организміндегі жасушалардың құрлымы, олардың өзіндік әрекетін және «өзін өзі сақтау », яғни жасушалық пулды қолдауды қамтамасыз ете алады. Жасушаның әр органоидындағы бірқатар морфологиялық ерекшеліктер де оның тіршілік негізін қамтамасыз етуге бағытталған. Олар тыныс алу мен энергия қорын жасауды (митохондрия), белоктардың түзілуін (рибосома, гранулалы цитоплазмалық тор), липидтер мен гликогенді жинап, тасмалдауды, детоксикациялық әрекетті (тегіс цитоплазмалық тор), түрлі заттарды өндіріп, оларды бөліп шығаруды (табақша кешен), жасушада заттың қорытылуы мен қорғаныс әрекетін де (лиизосома) орындайды. Бұл ультрақұрлымдардың тіршілігі үйлесімде атқарылып, әр жасушаның өзіне тән өнімді түзінің «жасушалық конвейер» заңдылығына негізделген. Бұл заңдылық жасушаның құрлымдық бөліктерінің өзара әрекеттесуі мен ондағы заттардың алмасу барысын өзін өзі реттеу қағидаты негізінде жүзеге асып отырады.

Жасуша ядросының патологиясы. Оның морфологиялық мәні – ядро мен ядрошықтың саны мен пішініне, құрлысы мен көлеміне және ядрода қосымша заттар пайда болуына, ядро қабықшасына қатысты өзгерістер. Ядролық патологияның ерекше бір митоздық паталогия; өйткені хромосомалық синдромдар мен хромосомалық аурулар ядродағы хромосомалардың паталогиясынен байланысты.

Ядроның құрлысы мен көлемі

Ядроның (интерфазадағы, интермитоздағы) құрлысы мен көлемі ең алдымен оның плоидтылығына, ядродағы ДНҚ- ның мөлшеріне және ядроның әрекеттік ахуалына байланысты болады; диплоидты ядродан тетраплоидты, ал тетаплоидтыдан октоплоидты ядро үлкен.



Ядроның пішіні мен саны

Ядро пішінің өзгерістері – маңызды диагностикалық нышандардың бірі. Мысалы, дистрофиялық үдерістер кезіндегі цитоплазмадағы қосымша заттардан ядроның пішіні бұзылса, гранулемалы қабыну үдерісінде және ісік өскенде(атипиялы жасушада) ол полиморфты(түрлі пішінді).

Ядроның пішіні нуклеин қышқылдары мен белоктар түзілуі жанданғанда ядроның беркейі ұлғайып, цитоплазмада ойыстар қалыптасып та өзгереді.

Ядро санының өзгерістері. Ол көпядролы болып та, «ядролық серік » қалыптасып та немесе ядро жойылып та өзгереді. Көпядролы жасуша кейде жасушалар қосылғанда пайда болады. Мысалы, эпителиоидтық жасушалар қосылып бөгде денешік көпядролы жасуша немесе Пирогов – Лангханс жасушасы түзіледі. Кейде сәулелік әсерден, цитостатиктерді қолданғанда немесе қатерлі ісіктер өскенде митоз бұзылып, ядро бөлінгенімен, цитоплазма бөлінбей, көпядролы жасуша түзіледі.

Дистрофия (грекше dys- бұзылу және trophe, қоректендіремін) тіннің (жасушаның) метаболизмі (зат алмасуы) бұзылуынан құрылымдық өзгерістер дамитын күрделі патологиялық үрдіс. Дистрофия – зақымның бір түрі.

Трофика – тін (жасуша) өзінің арнаулы қызметін атқару үшін қажетті, оның метаболизмі мен құрылысының қалыптасуын қамтамасыз ететін механизмдер жиынтығын қамтитын ұғым. Бұл механизмдердің – жасушалық және жасушадан тыс деп аталатын аса маңызды екі түрі бар. Жасушалық механизмдер жасуша құрылысының қалыптасу ерекшеліктері және оның өздігінен реттелуі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен, жасушаның трофикасы - өздігінен реттелетін күрделі жүйе – жасушаның өзіне ғана тән қасиет. Жасушаның тіршілік әрекетін оны «қоршаған орта» қамтамасыз етіп, организмнің бірқатар жүйелері реттейді. Сондықтан трофиканың жасушадан тыс механизмдері тасымалдау (қан, лимфа, микроциркуляторлық арна) және интегративтік (нейроэндокриндік, нейрогуморалдық) жүйелерді қамтиды.

IV. Иллюстрациялық материалдар:

1.Дәріс материалдың презентациясы.

2.Тақырып бойынша плакаттар.

V. Әдебиет:

Негізгі:

1. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия.-Алматы. 2003.-393 б.

2. Струков А.И. Патологиялыќ анатомия: медициналыќ жоғары оқу

орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В.

– Ақтөбе. Жалпы білімі– 2-ші бас.-2010.-350 б. Перевод на казахский

Айткулова М.Т.

3. Струков А.И. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу

орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В. –

Ақтөбе. II бөлімінің 1-ші кітабы: жеке аурулар білімі. – 2-ші бас. - 2010.

-338 б. Перевод на казахский Айткулова М.Т.

4. Струков А.И. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу

орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В. –

Ақтөбе. II бөлімнің 2-ші кітабы: жеке аурулар бөлімі. – 2-ші бас. - 2010.-330 5. Перевод на казахский Айткулова М.Т.

5. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. – М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет.



қосымша:

1. Ахметкалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға

кіріспе: Оқу құралы. – Ақтөбе: Ақтөбе медициналық академиясы. -1999. -

С.5-34.


Ағылшын тіліндегі

негізгі:

1. Robbins Basic Pathology //Kumar V., Abbas A.K., Fausto N., Mitchell R.

–Saunders Elsevier, 2007. -851 p.

2. Robbins and Cotran. Review of Pathology //Klatt E.C., Kumar V., - Third

Edition – Saunders Elsevier, 2010. – 423 p.

қосымша:

1. Klatt E.C. Robbins & Cotran Atlas of Pathology - Second Edition - El-sevier Inc., 2009- New York - 464 p.



VI. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Жасуша компоненттерін атаңыз?

  2. жасушалық және жасушааралық тіндердің патологиясының қандай түрлері болады?

  3. Жасушаларда патологиялық құрылымдың пайда болу механизмдерін атаңыз?

  4. Апоптоз дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.

  5. Митоз дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.

  6. Дистрофия дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.

  7. Паренхиматозды диспротеиноздардың морфогенетикалық түрлерін атаңыз?

  8. Эпидермистің мүйізгекті дистрофиясы дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.

  9. Дистрофияның дамуында қандай себептерді ажыратады?

  10. Дистрофияның қандай морфогенетикалық механизмдерін ажыратады?


Кредит -1 №3

I. Тақырыбы: Қабыну.

II. Мақсаты: Қабынудың анықтамасын беру. Қабыну кезіндегі тіндік реакцияның даму механизмдерін, негізгі себептерін ашу. Қабынудың жіктелуі.

III. Дәріс тезистері: Қабыну - тіндері әр түрлі агенттердің әсерінен зақымдалған организмнің тамырлары мен мезенхималық құрылымдары арқылы жергілікті, кешенді жауабы. Бұл жауап кеселді агентті жойьш, зақымдалған тіндерді қалпына келтіруге бағыталған. Қабыну - потологиялық және физиологиялық үдерістерге негізделіп, филогенезде қалыптасқан қорғаныстық-бейімделулік үдеріс. Оның құрамында патологиялық та, физиологиялық үдерістер бар. Осы қос мәнділігі - оның өзіндік ерекшелігі.

Қабынуды биологиялық, физикалық (жарақаттық), химиялық факторлар дамытып, олар бұл себептердің табиғаты тұрғысынан, эндогендік немесе экзогендік болуы мұмкін.

Қабыну гистионда дамып, біртіндеп бірі екіншісі ұласатын, сабақтас үш фазадан: 1) альтерация; 2) экссудация; 3) гематогендік және гистиогендік жасушалар, кейде паренхималық жасушалар да көбейетін пролиферация үдерістерінен қалыптасады. Бұл фазалардың өзара сабақтастығы IX тәсімде бейнеленген.

Өнімдік қабыну кезінде жасушалар. мен тіндік элементтердің көбеюі басым. Қабынудың бұл түрінде альтерациялық және экссудациялық өзгерістер онша айқын

болмай, пролиферацияның тасасынды қалады. Көбею барысында ошақты немесе шашырай жайғасқан (диффузды) жасушалық инфильтрат (сіңбе) қалыптасаді Оның кұрамы негізінен полиморф-жасушалы, лимфомоноцитті, макрофагты, эпителиоид немесе «алып» жасушалы, т.с.с. болуы мүмкін. Өнімдік қабыну кез келген мүше мен тінде дами алады. Өнімдік қабынудың 1) аралық (интерстицийлік); 2) гранулемалы және 3) полип (бүртік) немесе істікүшты кондилома түзетін түрлері бар.

V. Иллюстрациялық материалдар:

1.Дәріс материалдың презентациясы.

2.Тақырып бойынша плакаттар.

V. Әдебиет:

Негізгі:

1. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия.-Алматы. 2003.-393 б.

2. Струков А.И. Патологиялыќ анатомия: медициналыќ жоғары оқу

орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В.

– Ақтөбе. Жалпы білімі– 2-ші бас.-2010.-350 б. Перевод на казахский

Айткулова М.Т.

3. Струков А.И. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу

орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В. –

Ақтөбе. II бөлімінің 1-ші кітабы: жеке аурулар білімі. – 2-ші бас. - 2010.

-338 б. Перевод на казахский Айткулова М.Т.

4. Струков А.И. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу

орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В. –

Ақтөбе. II бөлімнің 2-ші кітабы: жеке аурулар бөлімі. – 2-ші бас. - 2010.-330 5. Перевод на казахский Айткулова М.Т.

5. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. – М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет.



қосымша:

1. Ахметкалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға

кіріспе: Оқу құралы. – Ақтөбе: Ақтөбе медициналық академиясы. -1999. -

С.5-34.


Ағылшын тіліндегі

негізгі:

1. Robbins Basic Pathology //Kumar V., Abbas A.K., Fausto N., Mitchell R.

–Saunders Elsevier, 2007. -851 p.

2. Robbins and Cotran. Review of Pathology //Klatt E.C., Kumar V., - Third

Edition – Saunders Elsevier, 2010. – 423 p.

қосымша:

1. Klatt E.C. Robbins & Cotran Atlas of Pathology - Second Edition - El-sevier Inc., 2009- New York - 464 p.



VI. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Қабыну дегенміз не? Анықтамасын беріңіз.

  2. Қабыну үдерісінің қандай кезеңдерін ажыратады?

  3. Экссудативті қабынудың қандай түрлерін ажыратады?

  4. Крупозды пневмония дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.

  5. Бронхопневмония дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.

  6. Қабыну үдерісінің қандай нәтижелері болады?.


Кредит -1 №3

1.Тақырыбы: Аллергия.

2.Мақсаты: Аллергияға анықтама беру. Аллергияның негізгі себептерін және даму механизмдерін, функционалды маңызы мен ақыр соңын түсіндіріп беру.

3.Дәріс тезистері

Аллергия- бұл иммундық механизмдердін нәтижесінде пайда болатын организмнің аллергендердің қайта әсерлеріне жоғары сезімталдығы.

Аллергия реакциялар шақыратын антигендік қасиеті бар көптеген заттар есептеледі. Олар аллерген деп аталады. Аллергендердің жіктелеу

Аллергиялық серпілістердің (реагиндік) I түрі

Иммундық серпілістер сатысында аллерген мен макрофагтардың әсерленуінен Т-жасушалар интерлейкин-4 өндіріп, В-жасушаларын әсерлендіреді. Осыдан олар плазмалық жасушаларға айналып, IgE өндіріп шығарады. IgE лаброциттерге немесе қан базофилдерге жабысады. Организмге аллерген қайталап түскенде ол IgE-мен байланысады. Осыдан жасуша ішіндегі майда талшықтардың жиырылуларынан лаброциттердің түйіршіксізденуі (дегрануляция) болады. Аллергиялық реакциялардың екінші кезеңінде аллергендердін антиденелермен әрекеттесуі өтеді. Ол медиаторлардың бөлінуіне әкеледі. Тез дамитын аллергиялык реакцияларда гистамин, серотонин, брадикинин бөлінеді. Аллергиялық реакциялардың үшінші кезеңі функционалдык, биохимиялык және күрылымдык өзгерістерлің жиынтығы болып есептеледі. Осы кезеңде жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу, ас корыту, эндокринді және жүйке жүйелер жағынан бұзылыстар дамуы мүмкін. Оларға микроциркуляциянын бүзылыстары (капиллярлардың кеңеюі, өткізгіштіктін жоғарылауы, қаннын реологиялық касиеттерінің өзгеруі), бронхтардың тарылуы, глюкокортикоидтардын кобеюі, нерв жүйесінін әр деңгейінде қозу мен тежелудін өзгеруі жатады.Аллергиялық серпілістердің (цитотоксиндік) II түрі

Иммундық серпілістер сатысында аутоаллергеннің танылуы макрофагтардың қатысуымен болады да, Т- және В-лимфоциттердің өзара әрекетесулерінен, В-лимфоциттері плазмалық жасушаларға айналып, IgG1 және IgМ өндіреді. Бұл антиденелер аутоаалергендері бар жасушаларға барып жабысады. Содан патохимиялық өзгерістер сатысы дамиды, аллергияның дәнекерлері пайда болады. Бұл дәнекерлерге комплементтің құрамбөлшектері, лизосомалық ферменттер, оттегінің бос радикалдары жатады. Патофизиологиялық бұзылыстар сатысында аллергені бар жасушалардың ыдырауы байқалады. Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндық II-түрімен гемолиздік анемиялар, тромбоцитопениялар, аутоиммундық тиреоидит, миокардит, гепатит т.б. аутоиммундық аурулар дамиды.Аллергиялық серпілістердің (иммундық кешендік) III түрі

Аллерген болып еріген нәруыздар, дәрі-дәрмектер, емдік қан сарысу, тағамдық заттар, саңырауқұлақ т.б. есептеледі. Бұл аллергенге организмнің иммундық жуйесінде макрофагтар мен Т- және В-лимфоциттерінің өзара әрекеттесулері болып, соңғысының плазмалық жасушаларына айналуынан IgG1, IgG4 және IgМ түзіледі. Бұл антиденелер аллергенмен биологиялық сұйықтарда байланысады да, аллерген – антидене иммундық кешенін құрады. Егер бұл кешен антигеннің шамалы артықшылығымен болса, онда ол майда тамыр қабырғаларына жабысады. Аллерген-антидене кешені құрылудан бірнеше аллергияның медиаторлары босап шығады (комплемент, хемотаксистік және тромбоциттердің белсенділігін көтеретін факторлар, лизосомалық ферменттер, оттегінің еркін радикалдары, гистамин, серотонин). Комплементтің құрамбөлшектері қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін көтереді, Иммундықкешендер тромбоциттердің сыртына жабысып, оларды ыдыратады. Аллергиялық серпілістердің жасушалардың қатысуымен дамитын IV түрі Аллерген болып нәруыздар мен гликопротеиндер және нәруыздарымен байланыса алатын химиялық заттар есептеледі. Бұл серпілістер молекулақ

массасы кішкене және антиденелер өндірілуін сергітетін қабілеті аз нәруыздарға дамиды. Жасушалық иммундық жауап Т-жасушаларымен қамтамасыз етіледі. Организмге сырттан енген немесе өзінде құрылған аллергендер макрофагтармен байланыстырылып, өндеуден өткеннен кейін өсіп-өнеді. Организмге аллерген қайталап түскенінде жедел иммундық жауап қайтаруда Т-жасушаларының маңызы өте зор. Олар аллергенмен байланысады. Аллергені бар жасушаларға жабысқан сезімталдығы көтерілген Т-лимфоциттері осы түрінің медиаторлар- цитокиндер өндіріп шығарады. Олардың әсерінен аллерген орналасқан жерде бірнеше сағаттың ішінде қабыну дамиды.



4.Иллюстрациялы материалдар:

1.Дәріс материалдың презентациясы.

2.Тақырып бойынша плакаттар.

5.Әдебиет

Негізгі:

1. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия.-Алматы. 2003.-393 б.

2. Струков А.И. Патологиялыќ анатомия: медициналыќ жоғары оқу

орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В.

– Ақтөбе. Жалпы білімі– 2-ші бас.-2010.-350 б. Перевод на казахский

Айткулова М.Т.

3. Струков А.И. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу

орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В. –

Ақтөбе. II бөлімінің 1-ші кітабы: жеке аурулар білімі. – 2-ші бас. - 2010.

-338 б. Перевод на казахский Айткулова М.Т.

4. Струков А.И. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу

орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В. –

Ақтөбе. II бөлімнің 2-ші кітабы: жеке аурулар бөлімі. – 2-ші бас. - 2010.-330 5. Перевод на казахский Айткулова М.Т.

5. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. – М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет.



қосымша:

1. Ахметкалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға

кіріспе: Оқу құралы. – Ақтөбе: Ақтөбе медициналық академиясы. -1999. -

С.5-34.


Ағылшын тіліндегі

негізгі:

1. Robbins Basic Pathology //Kumar V., Abbas A.K., Fausto N., Mitchell R.

–Saunders Elsevier, 2007. -851 p.

2. Robbins and Cotran. Review of Pathology //Klatt E.C., Kumar V., - Third

Edition – Saunders Elsevier, 2010. – 423 p.

қосымша:

1. Klatt E.C. Robbins & Cotran Atlas of Pathology - Second Edition - El-sevier Inc., 2009- New York - 464 p.



VІ.Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

1. Аллергия дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.

2. Аллергендер қалай жіктеледі?

3. Аллергиялық реакция дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.



Кредит -1 №5
I. Тақырыбы: Ісіктер.

II. Мақсаты: Ісік анықтамасы. Ісіктердің морфо – гистогенезін зерттеу. Ісіктік үрдістің замануи теориясының маңызын, ісік алды жағдайлары және өзгерістерді түсіндіру.

III. Дәріс тезистері: Ісік, яғни жаңа өскін, бластома (грекше:blasto- бүршік, ескін) - жасушалар тоқтаусыз көбейтін патологиялық үдеріс. Ісікке айналған жасушаның өсуі мен толысуының (дифференцировка) бұзылуы гендік өзгерістермен байланысты.

Ісіктік жасушаның организмнің реттеу әсеріне бағынбай, автономды, яғни ретсіз өсуі – ісіктің негізгі қасиетінің бірі. Ісіктік жасушада қалыпты жасушада болмайтын ерекше қаситтер пайда болады. Ол жсаушаға, оның құрылысына, зат алмасуы, қызметі, көбеюі мен толысуына қатысты қасиеттер – жасушалық атипизм тән.

Тіндік атипизм орын алса, белгілі бір мүшеге тән тіндердің арақатынасы өзгеріп, яғни органотиптік және гистотиптік толысу бұзылады. Сөйтіп, ол эпителийлік, әсіресе безді ісіктің паренхимасы мен стромасының арақатынасының бұзылғанып, мезенхимадан дамыған ісіктегі талшықты құрылымдардың (дәнекер тін біріңғай салалы бұлшықет, т.б.) әртүрлілігін, олардың ретсіз, орналасқандығын бейнелейді. Тіндік атипизм қатерсіз, яғни жетілген ісікке тән.

Ісіктің толысу дәрежесіне қарай үш өсу түрі (жолы бар: экспансиялы, аппозициялы, инфильтрацияль (инфазиялы).



Экспансиялы жолмен ісік төңірегіндегі тіндерді ығыстырып, «өзі-өзінен» өседі. Ісіктің айналасындағы паренхималық элементтер семіп, мүшенің стромасы қабысып, ісікті қоршап, қабық тәрізденіп, қоршайды (псевдокапсула – жалған қабық). Экспансиялы жолмен баяу дамитын, жетілген, қатерсіз ісіктер өседі. Кейбір қатерлі ісіктер де экспансиялы жолмен өсе алады (бүйрек рагы, қалқанша бездің рагы, фибросаркома, т.б.)

Аппозияциялы жолмен өскен кезде ісіктік жасушаға айналады.

Инфильтрациялы, яғни инвазиялы, жолмен ісіктік жасушалар қоршаған тіндерді зақымдап (диструкциялы), арасында жайыла (инвазиялы) өседі. Ісік, әдетте кдергі аздау бағытта, тінаралық саңылауларды, жүйкелік талшықтарды, қан және лимфа тамырларының бойын қуалай жайылады.

Ісіктің қуысты мүшенің саңылауымен арақатынасына қарай, эндофиті және экзофитті өсу түрлері орын алуы мүмкін. Эндофитті өскенде ісік мүшенің қабырғасына терең, инфильтрациялы жайлады. Өсудің бұл түрінде ісік кілегейлі қабықшаның үстіңгі бетінен көрінбейді (мысалы, асқазанның, қуықтың, бронхының, ішектің); қабырғасын кескенде ғана көрінеді.

Эгзофитті өсу – ісіктің мүшенің қуысына қарай, бағытталып, экспансиялы өсуі (мысалы, асқазанның, қуықтың, бронхының, ішектің). Ісік мүшенің қабырғасымен жіңішке сабақ арқылы ғана жалғасып, оның қуысын түгел жайлап кетуі де мүмкін.

Алғашқы қалыптасқан ошақтар санына қарай, ісіктердің уницентрлі (жалғыз ошақты) және мультицентрлі (көп ошақты) түрлері болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет