адаптациялық (ұжым ішінде жеке тұлғаның үйлесімді өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді);
интегративтік(ұжымдық және жеке іс-әрекет түрлерін үйлестіруге мүмкіндік береді; нәтижелі іс-әрекет үшін ата-аналар, балалар және педагогтардың қызметін ұйымдастырады);
прогностикалық(диагностика және рефлексия негізінде ршыни перспективаларды анықтауға жәрдемдеседі);
басқарушылық мәдениетті меңгеру (өзі және ұжым үшін маңызды шешімдерді қабылдауда өз бетімен таңдау жасауды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады).
Балалар ұжымындағы өзін-өзі басқару іс-әрекетті анықтаудан басталады: басқарушылық құрылымды жасауда, міндеттерді бөлуде. Ұжымның жалпы жиналысы (оқушылар комитеті, кеңес, штаб т.б.) өзін-өзі басқару органдарын сайлайды және олардың міндеттерін анықтайды. Белгілі бір тапсырманы алғаннан кейін әрбір бала өз міндеттерін және ол жұмысты орындау жолдарын білуі тиіс. өзін-өзі басқару балалардың бостандық пен жауапкершіліктің қатынасын сезінуін талап етеді.
И.П.Иванов іс-әрекетті өз бетімен ұйымдастыру әдістемесін жасады: құрылған кеңестер көмегімен жұмыстарды дайындау, инициативалық топтың жұмысы, көсбасшылардың ауысуы, микроұжымдар арасындағы тапсырмалардың ауысып келіп отыруы. Бұл әдістерді кез-келген балалар ұжымында қолдануға болады. Педагог ұжым ішінде өзін-өзі басқаруды дамытпайынша, онда жеке тұлғаны дамыту мүмкін емес екендігін үнемі есінде сақтауы тиіс.
51. Табысты тәрбие жұмысынсыз ұжымды топтастыру мүмкін емес. Тек ұжым арқылы сынып жетекшісі мектеп оқушыларының оқу міндеттеріне, қоғамдық пайдалы еңбекке көзқарастарына игі ықпал етеді, олардың тәртібі мен үлгеріміне ықпал жасайды. Жақсы ұйымдасқан және топтасқан ұжымның әсерімен оқушылар саяси адамгершілік және мәдени жағынан өседі, ұйымдастырушылық дағдыларына ие болады. Ұжымда олардың шығармашылық белсенділіг дамиды, достық пен жолдастық байланыстары нығаяды, қоғамдық қатынастарға тән тәртіптің жаңа нормалары пайда болады. Ортақ іс үшін еңбекте, күресте ұжымның ынтымағы жеке адамның дамуы үшін ең маңызды алғы шарт болып табылады. Тату және мақсатты ұжым (оқу, еңбек, спорт) өз мүшелерінің өмірін бай да сұлу да етеді, тек сонда ғана адамның жағымды қасиеттері толық ашылады және одан әрі дамиды.
Мектеп тәжірибесі жас ұрпақ тәрбиесін ұйымдастырудың өте маңызды және ештеңемен алмастырмайтын түрі оқушылар ұжымы екендігін көрсетті. А.С.Макаренко көп жылғы тәжірибесін қорытудың негізінде ұжым тәрбие жұмысының ең басты формасы деп санады. Ол «дұрыс тәрбие бірлігі мол, күшті, әсері мықты ұжым құру арқылы ұйымдастырылуға тиіс» деп атап көрсетті.
Ұжымдағы тәрбие – тәрбиенің негізгі ұстанымдарынң бірі. Ол мектепте қалыптасқан жаңа тәрбиелік қатынастарды бейнелейді. Балалар ұжымын құру мен топтастыру - мұғалімдердің және, ең алдымен, сынып жетекшілерінің маңызды міндеті. Егер мұндай ұжым құрылса , кез-келген тәрбие міндеттерін шешу әлдеқайда жеңіл болады.
Дұрыс қоғамдық пікір, ашық жолдастық сын мен өзара сын мектеп оқушыларының қоғамдық белсенділігінің дамуына және олардың бағалы моральдық қасиеттерінің қалыптасуына көмектеседі. Оқушылардың әр түрлі мінездері, қабілеттері, мүдделері, бейімділіктері топтасқан ұжымда бір-бірін толықтырып тұрғандай болады, қуаныштары мен реніштері айқынырақ, қылықтары жауыптылау,ойлары тереңдеу симяқтанады. Тату және топтасқан ұжым қоғамдық пікір күшімен, иландыру әдісімен (ал кейде зорлау) жеке мүдделерін қоғамдық мүддемен ұштастыруды үйретеді.
Оқушылар ұжымын тәрбиелей отырып, сынып жетекшілері сонымен бірге әр оқушының жеке басын қалыптастырады. Оқушылардың лайықсыз қылықтарын тек педагогтар ғана емес, оқушылардың өздері де айыптайды. Әсіресе, оқушылар өз өмірлерінің көп бөлігін өткізетін мектеп-интернаттарда, ұзартылған күн мектептерінде және ауылдық орта мектептер жанындағы интернаттарда ұжымның рөлі зор. Бұл мектептерде ұжым тек оқу мен сыныптан тыс жұмыс процесінде ғана емес, сонымен бірге оқушылардың демалысын ұйымдастыру кезінде де тәрбие ықпалын жүргізеді.
52. Сонымен ұжым – бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс -әрекетімен сипатталатын адамдар тобы. В.А.Сухомлинский балалар ұжыммын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Мудрая власть коллектива», «Коллективтің құдіретті күші» т.б баяндалды. ВА.Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым – қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым – қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым – қатынас жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қарастырылған.
Біздің елмізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы – мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы - бұл іс - әрекеттермен (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі. Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтары пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, сексиялар оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды. Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезендерін айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс - әрекеттің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара –қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.Бірінші кезенде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс - әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез – құлық нормасын үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдайларда бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін. Бірінші кезең аяқталуы үшін мына мәселелерді еске алған жөн: ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау; ұжым іс - әрекетінің дамуы; жеке адам арасындағы қарым – қатынас іскерлік және гуманистік қатынастардың пайда болуы; барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі;
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі оқушылардың ұжымдық іс - әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс - әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру. А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Екінші кезенде ұжым өзін - өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарыно көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс - әрекеттерін бақылау т.б.
Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш қуатын нығайту. Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципі қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең – бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс -әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір - біріне ілтипатты болу сияқты болымды қасиеттер пайда болады.
Ұжымды ұйымдастыруды неден бастау керек? Ұжым әлеуметтік жанды тұлға. Сондықтан А.С.Макаренко: «Дұрыс тәрбиелеудің бірден – бір жолы жеке адамды тәрбиелеу деп санамаймын, бүтін ұжымды тәрбиелеу деп санаймын. Өзім де 17 жасымнан мұғалім болдым, өзімде көпке дейін ең жақсысы - жеке оқушыны ұйымдастыру, соны төрбиелеу, екіншісін, үшіншісін, оныншысын тәрбиелеу, бәрі де тәрбиелі болған кезде олар жақсы ұжым болады деп ойладым. Ал кейін мен жеке оқушымен сөйлеспей-ақ бәріне айту керек, әрқайсысы амалсыз көпшілікпен ортақ әрекетте болатындай форма жасау керек деген қорытындыға келдім. Міне сонымен біз ұжымды тәрбиелейміз, оны шыңдаймыз, оны мықты етеміз, сонан кейін оның өзі үлкен тәрбиеші күш болып алады.» - деп ұжымды ұйымдастыруды неден бастау қажеттігін түсіндірген.
Қандай болмасын ұжымды ұйымдастыру негізі оның мүшелерінің қоғамдық ортақ мақсатқа бағытталған ісі болады. Ұжым құруды мақсат ете отырып балалар ісін ұйымдастыруда ең алдымен педагогикалық міндеттерді шешу керек: іс - әрекетті тывдау және сол істің мақсаты мен мазмұнына балаларды қызықтыру. Оқушылар ұжымы іс - әрекеттің әртүрлі саласында қалыптасады.(еңбекте, ойында, оқуда т.б). Талап қою ережелерінің педагогикалық негізі - талаптың бір - бірімен байланыстылығы, талап қоюға дайындық, алдын - ала ұжым ережелерін зерттеп білу, бірінші күннің зор шешуші рөлін түсіну, талап түсінікті, нанымды балалар орындай алатын, нақтылы, жігерлі түрде айтылуы, біртіндеп қиындатылуы, әр талаптың орындалу жолдары жәнесенімді, дәйекті болуы өзделінеді. А.С.Макаренко талап қоюдыең алғашқы кездесуді жалпы оқушылар жиналысын бастаудың пайдалы,нәтижелі екенін көрсетті.
Өзін-өзі басқару – ұжым үшін маңызды мақсаттарға жету үшін шешім қабылдау мен оны жүзеге асыруда балалардың өз бетінділігін дамытуға негізделген ұжымдық іс-әрекетті ерекше ұйымдастыру. Жеке тұлғаға қатысты өзін-өзі басқару төмендегідей функцияларды орындайды:
Достарыңызбен бөлісу: |