А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет91/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   231
№8 зертханалық жұмыс. өкпенің тіршілік сыйымдылығын зерттеу.
253-бетті қара.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


118
7-бөлім. БөліП ШығАРу
§28. Шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы
Адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттау. 
Бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу
Жануарлар ағзасынан қандай заттар және қай мүшелер арқылы шығарылады? 
Олар қайдан алынады? Қандай үдерістер нәтижесінде түзіледі? Сүтқоректі 
жануарлардың бөліп шығару жүйесіне қандай мүшелер жатады? Нефрон 
дегеніміз не?
Бөліп шығару жүйесінің рөлі. Бөліп шығару мүшелері ар қылы 
судың, тұздар мен құрамында азот бар зиянды заттардың артық мөлшері 
шығарылады. Құрамында азот бар қосылыстар нәруыздар толық ыдыраған 
кезде түзіледі. Оларға несепнәр (мочевина), аммиак, зәр қышқылы жата-
ды. Бөліп шығарудың орталық мүшесі – бүйрек тер. 
Бүйректер – бұршақ пішінді жұп мүше. Олар бел бө лімінде омыртқа 
жотасының екі жағында орналасқан (63, 64-суреттер). 
Бүйректе 2 қабат болады: 
1) сыртқы қоңыр қызыл – қыртысты қабаты
2) ішкі ашық қоңыр – ми қабаты. 
3
6
5
4
2
1
8
7
9
63-сурет. Зәр шығару жүйесі: 1 – оң жақ бүйрек; 
2 – бүйрекүсті безі; 3 – бүйрек венасы; 4 – сол жақ 
бүйректің боз заты; 5 – бүйрек артериясы; 6 – қолқа; 
7 – төменгі қуысты вена; 8 – несепағар; 9 – қуық 
64-сурет. Бүйректің жарып көр се­
тілгендегі құрылысы: 1 – қыртысты 
зат; 2 – пира мидалар; 3 – бүйрек 
емізікшелері; 4 – кіші тостағаншалар; 
5 – бүйрек қақпасы; 6 – бүйрек 
астаушасы; 7 – несепағар
2
1
6
5
4
3
7
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


119
Басқа мүшелер – несепағар, қуық, зәр шығару түтігі қуыс ішкі 
мүшелер болып табылады. Асқорыту мүшелері, қан тамырлары неме-
се ауа жолдары сияқты олар да 3 қабаттан тұрады. Сыртында 
тығыз­
дәнекер­ ұлпасынан­ тұратын­ қабат, ортанғы қабат – бірыңғай­ сала-
лы­ бұлшық­ ет­ қабаты және ең ішкі қабат – эпителий. Қуыс бөліп 
шығару мүшелерінің міндеті – зәрді жылжыту, оның жиналуы, уақытша 
сақталуы, ағзадан шығарылуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет