А. В. Свищёва Норма бақылаушы Е. В. Петрова Техника ғылымдарының доктары, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Владимир Алексеевич Максимов



Дата08.07.2016
өлшемі169.38 Kb.
#185789
түріПротокол


Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым

министрлігі
Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ


Министерство

образования и науки

Республики Казахстан
ВКГТУ им. Д. Серикбаева






БЕКІТЕМІН


ТКМФ деканы

__________ А.К. Адрышев


«____» ____________ 2010 ж






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ

Силлабус




РАЗВИТИЕ РЫНКА ЗЕМЛИ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН


Силлабус

Мамандық: 6N0905 «Кадастр»


Оқыту түрі: күндізгі

Семестр 2

Дәріс 2 семестр - 15 сағат

Зертханалық сабақтар 2 семестр - 15 сағат

МОАЖ 2 семестр - 30 сағат

МӨБЖ 2 семестр - 90 сағат

Емтихан 2 семестр
Өскемен

Усть-Каменогорск

2010

Силлабус «Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасында Мемлекеттік білім стандартының негізінде 6N0905 «Кадастр» мамандығында оқитын магистранттарға арналған, Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің № 677 31.12.2008 ж. қаулысымен құпталған, ГОСО РК 7.09.074-2008.


Кафедра отырысында қаралған
Кафедра меңгерушісі К.Б. Хасенов
Протокол № ___ ___________2010 ж

Тау-кен металлургиялық факультетінің әдістемелік кеңесінде құпталды


Әдістемелік кеңестің төрағасы Н.А. Нурбаева
Хаттама № ___ ___________2010 ж

Құрастырғандар В.А. Максимов

А.В. Свищёва
Норма бақылаушы Е.В. Петрова
Техника ғылымдарының доктары, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Владимир Алексеевич Максимов.

Тау-кен металлургия факультетінің «Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасы (Г-3-121 аудиториясы).

Жұмыс телефоны: 54-07-76.

Байланыс уақыты: тау-кен металлургия факультетінің сабақ кестесі бойынша.


1 ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР

1.1 Пәнді оқытудың мақсаты

Пәннің мақсаты: жер және жылжымайтын мүліктермен нарықтық операциялар жүргізу технологиясы, әдістемелері және теориялық негіздемелерін, қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес жерді және әр түрлі жылжымайтын мүліктерді бағалау әдістерін магистранттардың меңгеруі.


1.2 Пәнді оқыту талаптары
Пәнді осы бағдарлама көлемінде оқыту барысында магистранттар келесідей талаптарды білуі тиіс:

  • жерді және әр түрлі жылжымайтын мүліктерді бағалау технологиясын;

  • жермен және жылжымайтын мүлікпен нарықтық операцияларды жүргізу әдістемесі.


1.3 Пререквизиттер
«Қазақстан Республикасында жер нарығының дамуы» курсын оқу үшін ЖОО алынған білімдер негізі қажет, келесідей пәндер бойынша:

  • жерге орналастыру;

  • жер құқығы және жер қатынастары;

  • жер кадастры;

  • менеджмент;

  • экономика.


1.4 Постреквизиттер
Курсты оқу барысында алынған білім 6N0905 «Кадастр» мамандығы бойынша кәсіптік қызмет үшін қажет.
2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Курс 30 сағат дәрісхана сабақтарынан тұрады (15 сағат дәрістік сабақтардан, 15 сағат зертханалық сабақтардан), 30 сағат магистрант пен оқытушы арасындағы жұмыстардан (МОАЖ) тұрады, 90 сағат - магистранттың өз бетімен жұмысына (МӨБЖ) берілген.

Магистрант семестр бойы жеке шығармашылық тапсырманы орындап, 2 рефератты жазып, 2 ағымды бақылауды өтуі керек.

Қорытынды баға курс аяқталғаннан соң ағымды үлгерім негізінде қойылады. Баға курс бойынша қарастырылған тапсырмалар негізінде және емтихан бағасының қосындыларынан кейін қойылады.

Ең жоғарғы балдың саны 100 тең.



2.1 Оқыту кестесі
Кесте 1




Сабақ түрлері

Несиелер

Барлығы

1

1

1

2

3

4

5

1

Дәрістер

7,5

7,5

15

2

Зертханалық сабақтар

7,5

7,5

15

3

МОАЖ

15

15

30

4

МӨБЖ

45

45

90

5

Ағымды бақылау

1

1

2

6

Қорытынды бақылау

Емтихан


2.2 Дәріс тақырыптарының тізімі
Кесте 2


Тақырып

Сағат

Әдебиет

1

2

3

Жылжымайтын мүлік нарығының негізгі түсінігі. Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығының ерекшеліктері.

1

2, 4, 6

ҚР жер нарығының дамуы, басқа нарықтардан ерекшеліктері мен айырмашылығы.

1

3, 4, 5, 6

Жер нарығының жағдайы, факторлары және негізгі қағидалары.

1

3, 4, 5, 6

Жер нарығының инфрақұрылымы.

1

3, 4, 5, 6

Жерді бағалау, нарықтық бағасын анықтау.

2

3, 4, 5, 6

2-кестенің жалғасы




1

2

3

Жер нарығы, жүргізу формасы, тәртібі және рәсімделуі.

2

4, 5

Нарықтық қатынастарды реттейтін заңнама.

1

1, 2, 3

Жер нарығы дамуын мемлекеттік басқару.

2

1, 2, 3

Жердің мақсатты тағайындалуы және жерді пайдалануды жобалау. Жерді қорғау. Жерді қорғау мен пайдалануды бақылау.

1

1, 2

Жерді және жылжымайтын мүлікті бағалау әдістемелері. Сатылымды салыстыру әдістемесі, шығынды әдіс және кірісті әдіс (пайданы капиталға айналдыру).

2

3, 4, 5, 7

Кірісті шығару әдістемесі. Кірісті анықтау.

1

5, 6


2.3 Зертханалық сабақтардың тізімі
Кесте 3


Тақырыптың атауы

Сағат

Әдебиет

1

2

3

Жылжымайтын мүлік объектісінің типологиясы.

1

4, 5

Жылжымайтын мүлікке салық салу сараптамасы.

1

3, 4, 5

Жылжымайтын мүлікті бағалауда шығысты әдіс.

1

4, 5

Жылжымайтын мүлікті бағалауда кірісті әдіс.

1

4, 5

Жылжымайтын мүлікті бағалауда салыстырмалы әдіс.

1

4, 5

Инвестициялық ипотекалық сараптау негізі.

1

4, 5, 6

Жер теліміне және жылжымайтын мүлікке қор тартуды бағалау.

1

4, 5, 6, 7, 8

Жылжымайтын мүлікті және жерді бағалау тәжірибесі.

1

4, 5, 6, 7

Жылжымайтын мүлікті пайдалану және нарықтық бағасын анықтау.

1

5, 6

Жерге құқықты және онымен шарт жасасуды мемлекеттік тіркеу.

1

1, 2, 3

Жеке меншікке сатылатын немесе жер пайдалануға берілетін жерлерге төлем мөлшерін анықтау.

2

1

Жеке меншікке сатылатын немесе жер пайдалануға берілетін жерлерге баға мөлшерін анықтау.

2

1

Жермен байланысты операцияларды орындау және келісімдерді рәсімдеу.

1

1, 2

2.4 Магистранттың оқытушымен өздік жұмыс тақырыптарының тізімі
Кесте 4


Тақырыптың атауы

Сағат

Әдебиет

1

2

3

Жылжымайтын мүлік пен жер нарығы. Жылжымайтын мүліктің түрлері.

2




Қала құрылысы мен үй құрылысы саясаты және жылжымайтын мүлік нарығы.

2

6, 7, 8

ҚР жылжымайтын мүлік пен жер нарығының даму ерекшеліктері.

2

3, 4, 5

Жер мен жылжымайтын мүлікті бағалау әдістері.

2

4, 5

Жердің бірінші және екінші нарығы.

2

3, 4, 6

Жылжымайтын мүлікті бағалау мен техникалық тізімге алуды ұйымдастыру.

2

3, 4, 5

Нарықтық жер операцияларының құқықтық негізі.

2

1, 2

Жылжымайтын мүлік пен жер нарығын мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері.

2

1, 2

Жерді нарықтық бағалаудың қағидалары. Нарықтық және тұтыну бағасы.

2

3, 4, 5

Жер ипотекасы.

2

4, 5, 7, 8

Жердің нарықтық айналымын басқару.

2

1, 2, 3

Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді бағалық аумаққа бөлу.

2

1

Жерге салық салу, жер пайдалану ақысы.

2

1, 3

Жалпы және арнайы қызметтік жылжымайтын мүлік пен жер ресурстарын мемлекеттік басқару органдары.

2

1

Жер мониторингі (бақылау жүргізу).

2

1


2.5 Магистранттың өз бетімен жұмыстарының тақырып тізімі (рефераттар)

Кесте 5


Рефераттардың тақырыптары

Әдебиет

Жер нарығы: негізгі түсініктер мен түсіндірмелер.

3, 4, 5

Жылжымайтын мүлік нарығының сараптама негізі.

5, 6, 7

Жер нарығы, жермен нарықтық операцияларды жүргізу.

1, 2, 3

Қазақстан Республикасының жер нарығының қалыптасуы.

1, 2

Жер нарығының дамуын мемлекеттік басқару.

1, 2, 3, 4

Елді мекен жерлерін бағалау ерекшеліктері мен әдістері.

4, 5

Жылжымайтын мүліктің нарықтық бағасын экспресс әдіспен бағалау.

5, 7, 8

3 БІЛІМ БАҒАЛАУ


3.1 Бағалау түрі
Ағымды бақылау жүргізу әрі апта сайын дәріске қатысуды бақылау, зертханалық және 6-кестеге байланысты өзіндік жұмыстарды орындауға байланысты бағаланады.
Кесте 6 – Ағымды бақылауды құрайтындар

Бағаланатын жұмыстар түрі

Апталар

Баллдар

Дәріске қатысу

1-15

1 сағатқа 1

Зертханалық сабақ

1-15

1 сағатқа 1

Реферат № 1

5

22

Тестілеу

8

50

Реферат № 2

12

23

Тестілеу

15

50

Пән бойынша аралық бақылау семестрдің 8 және 15 апталарында тестілеу түрінде жүргізіледі.

Ағымды және аралық бақылау қосындысы 7 кестеге қатысты магистранттың рейтингін (Р) құрайды.
Кесте 7

Рейтинг

Рейтингтің құрамы

Жоғарғы балл

Жоғарғы рейтингтік балл

1

2

3

4

1-рейтинг

1)

1-8 апталар


Дәріске қатысу

8

100

Зертханалық сабақ

20

Реферат № 1

22

Тестілеу

50

2-рейтинг

2)

9-15 апталар


Дәріске қатысу

7

100

Зертханалық сабақ

20

Реферат № 2

23

Тестілеу

50


3.2 Бақылау критерийі
Пән бойынша магистранттың қорытынды бағасының құрамына кіреді:


  • рейтинг бойынша бақылау қорытындысы – 40%;

  • емтихан бағасы – 60 %.

Есептеу формуласы:
(1)
мұндағы Р1 – бірінші аралық бағаның цифрлік эквиваленті;

Р2 – екінші аралық бағаның цифрлік эквиваленті;

Е – ематихан бағасының цифрлік эквиваленті.

Таңбалық баға және оның цифрлік эквиваленті балл түрінде дұрыс жауаптардың пайыздық құрамымен анықталады (кесте 8).


Кесте 8 - Таңбалық баға және оның цифрлік эквиваленті балл түрінде


Таңбалық баға

Цифрлық эквиваленті

Пайыздық

құрамы, %



Бағалаудың дәстүрлі түрі

А

4.0

95-100

Өте жақсы

А-

3.67

90-94

В+

3.33

85-89

Жақсы


В

3.0

80-84

В-

2.67

75-79

С+

2.33

70-74

Қанағаттанарлық



С

2.0

65-69

С-

1.67

60-64

D+

1.33

55-59

D

1.0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарсыз

4 ЕМТИХАНҒА ДАЙЫНДАЛАТЫН ТЕОРИЯЛЫҚ СҰРАҚТАР




  1. Жылжымайтын мүлік нарығының негізгі түсініктері. Жылжымайтын мүлік нарығының объектісі мен субъектісі. Жылжымайтын мүлік нарығының сегментациясы.

  2. Объектінің бағасы мен құны. Жылжымайтын мүлік құнының түрлері.

  3. Сұраныс пен ұсыныстың объектінің бағасын қалыптастыруға әсері.

  4. Жылжымайтын мүлікті міндетті және бастамашылық бағалау.

  5. Жылжымайтын мүлік сараптамасының негізгі қағидалары мен әдістері.

  6. Жылжымайтын мүлік нарығының әлеуметтік, экономикалық және типтік факторлары.

  7. Коммерциялық және өндірістік мақсаттағы жылжымайтын мүлікті міндетті бағалау нарығының эксперттік сараптамасы.

  8. Жер нарығы, жермен нарықтық операцияларды жүргізу.

  9. Жердің бірінші және екінші нарығы.

  10. Жер нарығының дамуына әсер ететін факторлар.

  11. Нарықтық жер операцияларының құқықтық негізі.

  12. Жер қатынастарын мемлекеттік басқару түсінігі.

  13. Жылжымайтын мүлік нарығын мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері.

  14. Жылжымайтын мүлікті бағалау әдістемелері. Сатылымды салыстыру әдістемесі, шығынды әдіс және кірісті әдіс (пайданы капиталға айналдыру).

  15. Жерді нарықтық бағалаудың қағидалары. Нарықтық және тұтыну бағасы.

5 ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5.1 Кесте бойынша дәрісхана және зертханалық сабақтарға қатысу міндетті болып табылады және әрбір дәрісханалық сағат 1 баллмен бағаланады.

5.2 Магистранттың сабаққа қатысуы сабақ басында тексеріледі. Егер магистрант сабаққа кешігіп келсе, онда еш шусыз дәрісханаға кіріп оқуды жалғастыру керек, ал үзіліс кезінде оқытушыға кешігу себебін түсіндіруі керек.

5.3 Сабақ кезінде ұялы телефондар сөндірулі болуы тиіс.

5.4 Жұмыстар уақытында тапсырылуы тиіс. Уақыттан кешігіп тапсырылған жұмыстың бағасы төмендетіледі.

5.5 Аралық бақылауды қанағаттанарсыздай бағаға жазған магистранттың оны қайтадан тапсыруына рұқсат берілмейді.

1 мен 2 рейтингтердің орташа мәні 50 балдан төмен болған жағдайда магистрант емтиханды тапсыруға жіберілмейді.


6 ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиет
1 Земельный кодекс Республики Казахстан. - Алматы: ЮРИСТ, 2004

2 Дегтярев Н.В. Земельный кадастр. - М.: Колос, 1979

3 Гедельман М.А. Оценка земли и использование ее результатов. - Алматы: Кайнар, 1979

4 Варламов А.А. Земельный кадастр. Теоретические основы государственного земельного кадастра. Т.1. - М.: Колос, 2004

5 Спектор М.Д. Прогнозирование и планирование использования земельных ресурсов - Акмола: АСХИ, 1995

6 Магазинщиков Т.П. Земельный кадастр. - Львов, 1980

7 Ткачук С.А. Управление земельными ресурсами. Госагропром СССР.-Целиноград: Целиноградский СХИ, 1986

  1. Архипов П.Г. Земельное право Республики Казахстан. - Алматы: Жеті Жарғы, 1997

  2. Мауль Я.Я. Экономика и экология землепользования. – Алматы: Кайнар, 1991

  3. Максимов В.А. Кадастровая оценка недвижимости. – Усть-Каменогорск, 2002

  4. Ипалаков Т.Т., Максимов В.А. Геоэкологическая оценка земель населенных пунктов. – Усть-Каменогорск: Изд-во ВКГТУ, 1999

  5. Есполов Т.И., Сейфуллин Ж.Т. Управление земельными ресурсами – А: КазНау – Агроуниверситет, 2004

Қосымша әдебиет


13 Комов Н.В. Управление земельными ресурсами России - М., 1995

14 Чешев А.А., Фесенко В.М. Земельный кадастр. – М:. Колос, 2002

15 Николенко Г.С. Экономическая оценка земли. – Алматы: Кайнар, 1968




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет