Ақай селолық округінің әкімі Ә. Сәрсеннің 2013 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі



Дата03.07.2016
өлшемі49.81 Kb.
#174455
Ақай селолық округінің әкімі Ә.Сәрсеннің 2013 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына өркениеттің шыңына жетуді мақсат ететін маңызды құжат «Қазақстан -2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауын жария еткені белгілі. Бүгін еліміз өз дамуының жаңа кезеңінде тұр.

Елбасы еліміздің 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытын айқындап, баршамыздың алдымызға маңызды міндеттер қойып отыр.

Ақай селолық округінде Ақай,Көлтабан елді мекендері және 6 қыстақ орналасқан.

Округтегі тұрғын үйлер саны 237, жалпы халқының саны -863 адам, ъсоның ішінде мектеп жасындағы оқушылар -139,зейнеткерлер саны 127 және мүгедектер саны -7 адам.

Еңбекке жарамды тұрғындар -230, жұмыспен қамтылғандар саны -214, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-100,жұмыссыздар саны-16.

Тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында еңбек биржасы арқылы 4адам жұмысқа қабылданды.

ҚР-сы «Салық және міндетті бюджеттік төлемдер туралы» Заңының талабына сәйкес жиналғаны – 188700тенге ,оның ішінде: мүлік салығы – 16269тенге(100 %), жер салығы – 48137 тенге(100 % ), көлік салығы – 124294 тенге (95%).



І.Ауыл шаруашылық саласы бойынша.

Селолық округ жалпы жер көлемі 65906(га),оның 11298(га) егістік,28874га жайылымдық жерлер.

Өткен жылы округ бойынша 24 ШҚ-ғы мен 1 ЖСШ-і болса,биыл «Әділбек», «Кенжемурат» ШҚ-тары ашылып,мал шаруашылығымен айналысуда.

Биылғы егін шаруашылығымен айналысқан «Абылай» ШҚ-ғы.300 га бидай, 180 га арпа егіліп,90 тонна өнім алынды.

2013-2014 жылдарының қысына сапалы мал азығын дайындау жұмыстары ойдағыдай аяқталып,қысқа қажетті 3,0 т шөп дайындалды.

2. Ветеринария саласы.

Мал басының жалпы саны округ бойынша 2013 жылдың қаңтар айында 1640 бас ірі қара, 4817 бас ұсақ мал,572 бас жылқы бар.Осы уақыт аралығында 2200 бас ірі қарадан сарып ауруларына қарсы қан алынып,нәтижесінде 70 бас ауру деп танылды.Мал иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,малдың көзі жойылды.

1800 бас ұсақ мал зерттеліп, нәтижесінде анықталған 9 бас қойдың көзі жойылып, тиісті құжаттары толтырылды.Сонымен қатар «Сібір жарасына» қарсы 2000 бас ірі қара, 1800 бас ұсақ мал, 490 бас жылқы егілді.

Бруцеллез ауруына 1950 бас, қарасан ауруына 965 бас ірі қара егілді.Басқа да профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Ауыл шаруашылығы жануарларың бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, деректер компьютерге енгізілуде.

3.Білім саласы.

Округте 2 мектеп оқушыларға білім беруде.Мұндағы оқушылар саны 137. Мектеп жанынан ашылған шағын орталықтарда 33 бала тәрбиеленуде.Мектеп жасындағы балалар100% ыстық тамақпне қамтылып,жазғы демалыс лагерлері ұйымдастырылды.

Ильинка орта мектебіне соңғы рет жөндеу жұмыстары 2008 жылы жүргізіліп,мектептің төбесі қатты жабынмен жабылды.Ал 2013-2014 оқу жылының басталар алдында демеушілер көмегі арқылы мектептің спорт залына төсеніш(линелиум) төселді.

Мектептің резервте тұрған қазандығының тозып, істен шығуына байланысты Шибаевка орта мектебінің қазандығына ауыстырылды.

Ал Көлтабан негізгі мектебіне ешбір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ,сол себептен мектептің төбесін ауыстыру,спорт залын қайта іске қосу үшін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

4. Денсаулық саласы.

Округте 1 медициналық пункт қызмет қөрсетеді. Соңғы рет 2010 жылы күрделі жөндеуден өткен. Мұнда 3 медицина қызметкерлері бар.

Тұрғындардың денсаулығын нығайту, адамдардың әлеуметтік жағдайын оңалту мәселелері үнемі басты назарда тұр.

Жоспарға сәйкес скринингтік тексерулер өткізілді.Диспансерлік есепке алынған 111 адам, оның ішінде бала саны 26. Олар тегін дәрі – дәрмектермен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар туберкулезбен ауыратын (БК+) 1 категория тобына жататын 2 адам бар. Оларға аудандық аурухана , мектеп, әкімшілік тарапынан азық – түлікпен және ақшалай материалдық көмек көрсетілді.Осы отбасындағы мектепте оқитын 2 бала мектеп жанынан ашылған жазғы демалыс лагерінде болып тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Туберкулез ауруының алдын алу мақсатында манту сынамасы 74 адамға жасалынып, жаңадан тіркелген адам болған жоқ.



5. Мәдениет және байланыс туралы.

Ауылда 176 абоненттік номерлерге Казақ телеком және Билайн ұялы байланысы халыққа қызмет көрсетуде. Округте Қазпошта филиалы тұрғындарға зейнетақы және газет - журнал басылымдарын жеткізіп тұрады.

Селолық кітапханада 15556 дана кітап қоры бар.68 дана жаңа кітап қосылды. Оқырман саны 297.

. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша ауыл көшелерін жарықтандыру мақсатында аудандық әкономика бөліміне берілген сұраныс негізінде В.Фоменко,Ә.Молдағұлова көшелерін жарықтандыру үшін бюджеттен 772,0 мың теңге қаржы бөлініп, сметалық – жобалау құжаттарына сәйкес аталған екі көше жарықтандырылды.

Ақай ауылында 1972 жылы пайдалануға берілген Мәдениет үйі бар.

Мәдениет үйі мен ауыл кітапханасының одан әрі дамуына материалдық –техникалық базасын нығайтуға жұмыстар жасалуы керек.



6.Халыққа қызмет қөрсету.

Халыққа қызмет көрсету барысында 2013 жылы мал шаруашылығына 146 анықтама берілді.

Халықты азық – түлікпен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болып саналады. Осы бағытта округ бойынша 5 сауда нүктесі халықты азық- түлікпен қамтамасыз етуде. Әлеуметтік маңызы бар азық – түлік бағалары барлық сауда нүктелерінде қадағаланып отыр. Бағаны бақылап отыру мақсатында әрбір сауда нүктесіне Ақсақалдар кеңесінің мүшелері бекітілді.

Ай сайын тасымалданатын газ жеткізіліп тұрады.

Сонымен қатар халықтың сұранысы бойынша «Рамазан» ЖШС-нен 20 т арзандатылған ұн кебегі тасымалданды және 500 кг арзандатылған бағамен жуа таратылды.

«Жұмыспен қамту -2020» мемлекеттік бағдарламасы қазақстандықтардың әлеуметтік әл- ауқатын арттыруға бағытталған. Округ бойынша 2014-2016 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту картасы жасалып,бұл жобаға қатысатын ШҚ-ры анықталды.---



7. Ауыз су мәселесі.

«Ақбұлақ» ауыз су мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғындарды ауыз сумен қамту мақсатында облыстық бюджеттен 183,3 млн. тенге көлемінде қаражат бөлінді.Ағымдағы жылдың мамыр айында ашық конкурс өткізіліп, 162,3 млн. тенгеге жеңімпаз атанған «Бабэк-Құрылыс» ЖШС –мен келісім шарт жасалынды. Су құбырын тарту жұмыстары 2013 жылы шілде айында басталып, желтоқсан айының 1 күні пайдалануға берілді.Осы уақыт ішінде 5 адамға жұмыс орны ашылды.



8. Ауылдың қоғамдық – саяси ахуалы.

Ақай округінде 1 полиция қызметкері жұмыс істейді. Аудан бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі аймақтық бағдарламасы аясында өткізілген 6 ай қорытындысы бойынша «Қауіпсіз ауыл - 2013» байқауында Ақай селолық округі 3-ші орынды иеленді.

Жыл бойы 4 қылмыстық іс қозғалып,оның 3-уі ашылды. Ауылды көріктендіру 2 айлығының қорытындысы нәтижесінде 20 адамға әкімшілік іс қозғалды.

Бүгінгі таңда Қазақстан телеарнасы және 30 үйде «Отау ТВ» арналары пайдаланып отыр. Келесі жылы сандық теледидар жүйесі іске қосылады деп күтілуде.



9. Жол мәселесі.

Округ орталығынан күре жолға қосылатын 16 шақырым жолдың жиегін шөптерден тазарту үшін «Серікжан» ШҚ-мен шартқа отырып,жол жиегіндегі ағаштар мен шөптер шабылды. Бөлінген 150,0 мың тенге игерілді. Өткен есептік жиналыста алға қойылған мәселелердің бірі - ауылдағы бұзылған нысандардың орнын тазарту және әкімшілік ғимаратының бөлмесіне жылу жүйесін өткізу жұмыстары орындалды.



Алда тұрған мәселелер:

1.Есет батыр көшесін жарықтандыруды қолға алу.

2.Аудан денгейіндегі 16 шақырым жолды жөндеуден өткізу.

3. «Жұмыспен қамту-2020» , «Бизнес жол картасы -2020» бағдарламалары бойынша жұмысты жандандыру.

4.Ауыл аумағын қатты күл қоқыстардан тазарту.

5.Мәдениет Үйін күрделі жөндеуден өткізуге қаржы көзін іздестіру.



Ә.Сәрсен

Ақай селолық округінің әкімі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет