АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВРСИТЕТІ
ӨНЕР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ
ИНСТИТУТЫ
СӨЖ №12
Тақырыбы:
Сыртқы қан кетуді уақытша тоқтату әдістері.
Десмургия , таңғыштардың түрлері
Орындаған: Эскуват Дамира
Тексерген: Ислямов Берік
Мамандық: Cән дизайны
Топ: 218- 1 топ
Қансырау көп топқа бөлінеді. Қан тамырда нағып жатса, оны анатомиялық
қансырау дейміз. Бұл топқа артериялық, капиллярлық, паренхималық
қансырау жатады. Артериялық қансырау мал үшін өте қауіпті. Себебі, азын-
аулақ уақыт ішінде қан тоқтату шаралары қолданылмаса, мал көп қан
жоғалтып алады.Артериялық
тамыр жараланғанда, қан жоғары атқылап,
шашып ағады, Қанның түсі шымқай қызыл. Қансырау көп уақыт созылса , қан
шашуы әлсірей бастайды. Қантамырдың қиылған өзегінің бірінен ғана ақса(
орталықжағы), кейде қиылған өзгенің екі жағынан да ағуы мүмкін. Мысалы,
күре тамыры жараланса, қанқиылған тамырдың екі шетінен да шапшып
ағады.
Веналық қансырау. Вена қантамыры жараланса, қан шапшымай жайлап,
біркелкі ағады, түсіқызыл. Қанжараланған тамырдың тек төменгі шетінен
ғана ағады. Жүреке жақын, кеуде қуыстарындағы
қан тамыры, жараланса
қауіпті жағдай туыы мүмкін. Яғни, жараланған тамырға ауа кіріп, ауа
эмболиясы атты жағдай туып, мал өлімге шалдығуы ықтимал. Сол себептен
кеуде төңірегіндегі жараны тез арада матамен жауып, кеудеге ауа кіруін
болдырмау керек. Веналық тамыр жараланғанда қан ағуы өз бетімен
тоқтайды немесе
жараланған аяқты көтерсе, қан тоқтату үшін соның өзі
жеткілікті.
Капиллярлық қансырау деп ұсақ артерия мен қан тамырлардың ең жіңішке
бөлімшелерінен аққан қанды айтады. Жараланған жердің тіндері қансырап
тұрады, қан ұю процесі нашарламасы, қансырау өз бетімен тоқтайды.
Паренхималық қансырау дегеніміз паренхималық органдар (бауыр,
еөкбауыр, өкпе) жараланған жағдайда болад. Бұл капиллярлық қансырауға
ұқсас, бірақ та өте қатерлі, себебі ұсақ қан тамырлардың өзегі жабылмайды.
Сондықтан қан тоқтату қмиынға түседі. Қансырап тұрған бауырды операция
кезінде қара ет, фасция, фабриндік пленкаларымен жауып, тығындап қан
тоқтату әрекетін жасаса, өкпенің жараланған жерін тігеді, ал көк бауырды
операция кезінде алып тастайды.
Анатомиялық қансыраудан басқа қансырауларды топтастырсақ,
механикалық қансырау (жаралану – жарақаттану себептерңнен),
тамыр
қабырғаларының әр түрлі ауру себептерінен өзгеруі, қан ұю процестерінің
өзгеруінен, сыртқы атмосфералық қысымның азаюы не ұлғаюы, фосфор,
бензол сияқты химиялық заттармен улануы сияқты әр түрлі себептерден
қансырау пайда болатынын айтқан жөн.
Сонымен қатар, дене сыртына аққан қанды сыртқы қансырау дейді, ішкі
қансырау мен бірге жасырын атты және бір түрі болатынын айта кеткен
артық емес. Жасырын қансыраудың
сырт белгісі болмайды, қансырап тұрған
тамырды болжау қиын. Ауру малдың белгілері мен қансыраған жерді
анықтайды.
Уақытқа байланысты қансырауды алғашқы деп бөледі. Алғашқы қансырау
мал жарақатқа, жаралануға шалынғанда басталады. Қайталап қансыраудың
өзі екі түрге бөлінеді. Ол жаралағаннан кейін бірнеше сағат немесе екі тәулік
ішігде пайда болады. Яғни қан түйіршіктерімен
тамыр өзегі бітеліп, қан
тоқтаған соң біраз уақыттан кейін қан қысымы көтерілгенде орнынан
қозғалып кетіп қайталап қансырау басталады. Ертен қайтарһлап қансырау
жарадағы микробтар жараны іріңдеткенше пайда болады. Ал қансыраудың
кеш қайталап пайда болу себебінің бірі – жараның іріңдеуң. Ірің қан
тамырының өзегін балқытып, жібергендіктен
немесе тамыр ішіндегі қан
түйіршіктерінен пайда болған тромб балқып қайтадан қансырау басталады.
Кеш қайталап қансырау операциядан кейін бірнеше күннен кейін
немесе бірнеше жетіден кейін басталуы мүмкн. Қайталап қансыраудың
себептері көп. Олардың кейбірі:
1. Операция кезінде жараланған қан тамырының толық байланбауы;
2. Қан қысымы күрт көтеріліп жоғарылап кетуі;
3.
Қанның ұю процесі нашарлап, химиялық қасиеті өзгеріп, витаминдер
жетіспегендіктен;
4. Жарадағы құрғап қатып қалған таңғышты қалай болса солай жұлып
алу;
5. Жара төңірегіндегі қан тамырына тромб бітеліп қалып және ол
ерігенде жараның іруі-шіруі, жараға микробтың енуі, сіңуі;
6.
Жараның ішінде бөтен заттар, тас, темір, ағаш қалуы және олар қан
тамырының қабырғасын жатқандықтан тесіп жіберуі.