КТ Тромбоз және эмболия.«Ірі қантамырлардың бітелуі» синдромы кезенде мейірбике жұмысының ерекшелігі.
Тромбоз (thrombosіs; гр. thrombos – ұйыған қан) – тірі организмнің қан тамыры қуыстарында қанның ұюы. Ұйыған қан (тромб) тамыр арқылы қанның қалыпты ағуын баяулатады немесе толық тоқтауына әкеледі. Тромбоздың даму патогенезіне:
Кан тамырлары қабырғаларындағы (әсіресе оның ішкі қабатындағы) әр түрлі аурулардың салдарынан (атеросклероз, тромбофлевит, т.б.) болатын өзгерістер;
Кан ағымының баяулауы, яғни қан тамырларының кеңеюінен болатын аурулар (аневризма, варикоз);
Тромбоциттердің адгезиялық-агрегациялық белсенділігінің артуы;
Уюға қарсы факторлардың тапшылығы немесе белсенділігінің төмен болуы;
Кан ұю факторларының белсенділігінің артып кетуі;
Фибринолизді күшейтетін ықпалдардың азаюы;
Тромбоздың дамуы үш сатыда өтеді:
*Тромбоциттердің эндотелий жасушалары бүлінген жерге жабысуы (адгезия);
*Тромбоциттердің өзара бір-бірімен жабысуы (агрегация);
*Плазмалық қан ұю факторларының қатысуымен қанның ұюы (коагуляция);
Тромбоздың дамуының салдарлары мен ақыры
Пайда болған тромбтың клиникасы әр түрлі. Ол жұмсарып, біртіндеп еруі мүмкін, ал екінші бір жағдайда іріңдейді. Тромб немесе оның бір бөлігі өзінің бастапқы пайда болған жерінен үзіліп, қанмен жылжи отырып, ол жерден алшақ орналасқан қан тамырларын бітеп тастауы (эмболия) мүмкін. Бұл жағдай, сол органды қанмен қамтамасыз ету қызметінің бұзылып, тіндердің өліеттенуіне (миокард инфарктысы, гангрена, ішек некрозы, т.б.) әкеледі. Кей жағдайда Тромбоздың пайдалы жағы да бар. Мысалы, әр түрлі себептермен организмнен қан кетудің тоқтауына әсер етіп, қан жоғалту доғарылады.
Қан қатпасының өзі бірнеше өзгерістергі ұшырауы ықтимал:
*бактериялардың қатысуынсыз (асептикалық), фибринолиздік т.б. гидролиздік ферменттердің әсерінен қан қатпасының ыдырауы;
*бактериялардың әсерінен қан қатпасының ыдырауы бүкіл денеге іріңді ошақтың тарап кетуіне әкелуі мүмкін;
*қан қатпасының дәнекер тіні өсіп-өніп, оның беріштеніп қалуы тромбтың организациясы делінеді;
*беріштенген қан қатпасының талшықты тіндері қысқарып жиырылуынан оның ішінде жаңа өзектер ашылуы (реканализация) болып, қанайналым қалпына келуі мүмкін;
*қан қастпасында кальций тұздарының жиналуынан (кальцификация) ол қатайып қалуы мүмкін.
*қан қатпасының бір бөлшегі үзіліп кетіп, жалпы қанайналымға түсуінен тромбоэмболия дамуы мүмкін;
Экзогендік эмболиялар - шығу тегіне байланысты ағзада кездеспейтін заттардан дамитын эмболия. Ең жиі кездесетін экзогендік эмболиялар: ауа және газ эмболиясы.
Эндогендік эмболиялар — организмде кездесетін тіндер есебінен (май, тромб) дамитын эмболия.
Май эмболиясы
май талшықтарының қан тамырларына түсуінен дамиды. Бұл эмболия түтікті сүйектердің жаншылып сыну кезінде орын алады. Өйткені, сүйек кемігі майында қантамырлардың қабырғалары сүйек перделеріне жабысқан. Сондықтан олар жарақат кезінде жабылмайй ашық тұрады. Осы ашық тұрған тамыр саңылаулары арқылы кемік майы жеңіл өтіп кетеді. Май эмболиясы көктамырлардан өкпе артерияларына өтеді. Кейде майдың ұсақ тамшылары өкпе қылтамырларынан өтіп, үлкен қанайналым шеңберіне түседі.
Тромбэмболия
Қан тамыры ішінде орналасқан қан қатпасының бір бөлшегі үзіліп, тромбэмболия дамуына әкелуі мүмкін. Мәселен, аяқтың көктамырлары қабынып, ішінде тромб пайда болғанда (тромбофлебит), оның бір бөлшегі үзіліп оң жақ жүрекшеге, одан өкпе артерияларына түсу мүмкіншілігі болады. Содан өкпе инфаркті дамиды, тыныс алу бұзылады. Оң жақ жүрекше мен қарынша аралық қақпақшалардан үзілген тромб өкпе артериясының, сол жақ жүрек қуысындағы (эндокардит, аневризма кездерінде) немесе артериялардағы тромбтар үлкен қанайналым шеңбері тамырларының эмболиясына әкеледі.
Ірі қантамырлар-- Жүректің алдыңғы көрінісі, барлық ірі тамырлар белгіленген.
Ірі қантамырлар (ағылш. Great vessels) —- үлкен қантамырлар болып, олар жүрекке қан әкеледі/шығарады.
*Жоғарғы көктамыр қуысы
*Төменгі көктамыр қуысы
*Өкпе күретамырлары
*Өкпе көктамырлары
*Қолтық күретамыры
Ірі қантамырлар транспозициясы дегеніміз тума жүрек ақауы, ол кез-келген ірі қантамырдың үйлесімсіз кеңістіктік орналасуына қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |