4 тарау. Ұйымдастыру комитеті
4.1. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін
ұйымдастыру комитеті
(бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
4.2. Ұйымдастыру комитеті Конкурсқа дайындық және ұйымдастыру
жұмыстарына басшылық етеді.
4.3. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері
өз функцияларын қоғамдық
негізде жүзеге асырады.
4.4. Ұйымдастыру комитеті туралы жеке мәліметтер: байланыс
телефоны: 8 707 690 1991, электронды пошта: karimkhan.art@gmail.com
5 тарау. Конкурстың қазылар алқасы
5.1. Қазылар алқасы номинация
бойынша байқау құжаттарын
қарастырады, бағалайды, сыйақыларды табыстау туралы шешім қабылдайды.
5.2. Қазылар алқасының құрамы, төрағаны қосқанда, тақ саннан тұруы
тиіс, дауыс саны тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып
табылады.
5.3. Конкурстың Қазылар алқасы
өтінімдерді қарау барысында
үміткерлердің өтінімдері мен шығармашылық жұмыстарын келесі
критерийлер: көркемдік жағынан (критерийлер бойынша)
сапалы және
ұсынылған тақырыптың идеясын (автордың ойын) ашып көрсететін,
шығармашылық жұмыстардың креативтігі негізінде бағалайды.
5.4. Қазылар алқасы:
1) атаулы сыйлықтар беруге және сыйлықтарды қатысушылар арасында
бөлуге;
2) арнайы марапаттарды тағайындауға құқылы.
5.5. Конкурстың Қазылар алқасы ашық
дауыс беру арқылы көпшілік
дауыстардың негізінде шешім қабылдайды,
нәтижесі Қазылар алқасының
төрағасы мен мүшелері қол қойған хаттамамен рәсімделеді.
5.6. Конкурстың Қазылар алқасының сыйақыларды беру жөніндегі
шешімі конкурстың
жабылу рәсімінде жарияланып, соңғы шешім болып
саналады және қайта қаралмайды.
5.7. Конкурстың Қазылар алқасы отырысының өткізілетін орны: Абай
атындағы ҚазҰПУ, Өнер, мәдениет және
спорт институты, 7 аудитория.
Достарыңызбен бөлісу: