Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 95 жылдық мерейтойы мен Қоғам
қайраткері Т.Жүргеновтың туғанына 125 жыл және «Бейнелеу өнері
және сызу» мамандығына 60 жыл толуына орай «Суретші әлемі» атты
республикалық шығармашылық конкурсын өткізу
ЕРЕЖЕСІ
1 тарау. Жалпы ережелер
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 95
жылдық мерейтойы мен Қоғам
қайраткері Т.Жүргеновтың туғанына 125 жыл және де 1963 жылы алғаш рет
«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 60 жылдығына орай «Суретші
әлемі» атты республикалық шығармашылық конкурс-көрмесі өткізіледі.
2 тарау. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
3.
Конкурстың мақсаттары:
- Қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың қазақ өнері,
әдебиеті,
мәдениетіне және білім саласына қосқан зор үлесін дәріптеу;
- Еліміздің тұңғыш ЖОО Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 95 жыл
толуына орай, Өнер, мәдениет және спорт институты түлектері мен
Қазақстанның басқа да ЖОО-дағы суретші-педагог,
кәсіби суретшілердің
шығармашылық жұмыстарын көпшілік назарына ұсыну:
- 1963
жылдан бастау алған «Бейнелеу өнері және сызу»
мамандығының қазіргі таңдағы орны мен болашағын зерделеу.
Конкурстың міндеттері:
- педагог-суретшілер және кәсіби суретшілердің шығармашылық
жұмыстарын Республикалық
арт аренада бірлестіру;
- ұжымдар арасындағы шығармашылық байланыстарды кеңейту;
- шығармашылықпен араласу алаңын құру,
көрмеге қатысушылар
арасында достық қарым-қатынасты дамыту;
- кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы
номинациялары бойынша
көрмеге қойылған шығармашылық жұмыстары арқылы білім алып жатқан
студенттердің ой-өрісін кеңейту, өздерінің көркем қабілеттерін, дағдыларын,
қиялын және даралығын көрсету мүмкіндігі;
- қосымша
көркем білім беруді дамыту, білім алушының тұлғасын
әлемдік
және
отандық
көркем
мәдениеттің
дәстүрлеріне
жеке
қызығушылығын
тәрбиелеу;
- қазақ өнерінің ұлттық игілігін қазіргі заманға сай көркем
интерпретациялау;
- қазақ
халқының ұлттық құндылықтары
мен тарихи-мәдени
объектілерін бейнелеу өнері арқылы насихаттау;
- өскелең ұрпақ үшін ұлттық көркем бейнелерді анықтауға бағытталған
шығармашылық пікірталастар өткізу үшін белсенді арт-алаң құру;