Абай ауданы бюджетінің 2014 жылдың 4 тоқсанына рындалысына талдау жазбасы Жалпы бюджет орындалысы



Дата03.03.2016
өлшемі93.89 Kb.
#36588
Абай ауданы бюджетінің 2014 жылдың 4 тоқсанына рындалысына

талдау жазбасы
1.Жалпы бюджет орындалысы.

Абай ауданы бюджетінің орындалысы төмендегі көрсеткіштермен берілді:

(мың тенге)

Атауы


Есепті қаржы жылына бекітілген бюджет


Есепті қаржы жылына нақтыланған бюджет



Есепті кезеңге түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары


Кассалық атқару



Есепті кезеңде түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына % кассалық атқару



I.Кірістер

2 748 743,0

2 830 674,7

2 975 290,7

2 984 822,3

100,3
Салық түсімдері

277 279,0

263 215,2

263 215,2

268 925,6

102,2
Салықтан тыс түсімдер

7 001,0

4 866,8

4 866,8

8 127,2

167,0

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

567,0

1 165,0

1 165,0

1 725,8

148,1

Ресми трансферттердің түсімдері

2 463 896,0

2 561 427,7

2706 043,7

2706 043,7

100,0

II. Шығындар

2 738 875,0

2 859 010,5

3003626,5

2 997 998,0

99,8

III. Таза бюджеттік кредит беру

18 330,0

18 330,0

18 330,0

18 489,6




IV. Қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо

9 868,0

9 868,0

9 868,0

9 868,0

0,0

V. Бюджеттің тапшылығы (профициті)

-18 330,0

-56 533,8

-56 533,8

-41 533,2




VI. Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)

18 330,0

56 533,8

56 533,8

41 533,2




Қарыздар түсімі

22 176,0

22 176,0

22 176,0

22 176,0

100,0

Қарыздарды өтеу

3 846,0

3 846,0

3 846,0

3 846,0

100,0

Бюджет қаражаттары қалдықтарының қозғалысы




38 203,8

38 203,8

23203,2




Анықтамалық;

Бюджет қаражаттарының қалдықтары

Есепті кезең соңындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары









38 203,9

15 000,7




I. Бюджет кірісінің орындалысы.

2014 жылдың 12 айыдың жылдық жоспары 3 001 312,7 мың теңге, орындалысы бойынша аудан бюджетіне 3 010 684,8 мың теңге түсті немесе 100,3 пайыз .

Меншікті кірістер бойынша Аудан бюджетінің кірісі 2014 жылдың жалпы жоспары 269 247,0 мың теңге , орындалысы 278778,5 мың теңге немесе 103,5 пайызға орындалды. Кірістердің 35 түрінен 9531,5 мың теңге жоспарланғаннан артық жергілікті бюджетке түсті.

Кірістердің 4 түрі бойынша жоспар қойылған жоқ.

Оның ішінде меншікті кірістер 102,2 пайыз;

Салықтық емес кірістер 167,0 пайызға орындалды.

103101 коды бойынша жоспар артық қойылғандықтан 1153,4 мың теңгеге орындалған жоқ.

Алдағы уақытта жергілікті бюджет кірісі барлық кодтар бойынша орындалады.



II . Шығыс бөлігінің орындалуы.
Бюджет шығысының жоспары 2014 жылға келіп түскен республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер мен субвенцияны қосқанда толықтай 100 пайызға орындалды. Жалпы шығысы 3 033 888,0 мың теңге болып орындалды. Жергілікті бюджет бойынша 99,8 пайызға орындалды, республикалық бюджет бойынша орындалысы 100,0 пайызды құрады.

Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға 2 312 346,4 мың теңге (жоспардан 99,9 пайыз) орындалды, даму бағдарламасы бойынша 721 541,6 мың теңге 99,6 пайыз орындалды.

Бюджет есебінен қаржыландырылатын 13 функционалдық топтын 12 бағыты бойынша тікелей қорытынды 98,4 ден 100-ды құрады. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету топтамасы бойынша 100 пайыз, қорғаныс саласы бойынша 100 пайыз, білім беру саласы бойынша 100 пайыз, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету саласы бойынша 100 пайыз, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы бойынша 98,4 пайыз, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк саласы бойынша 100 пайыз, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дұниесін қорғау, жер қатынастары бойынша 100,0 пайыз, өнеркәсіп, сәулет,қала құрылысы және құрылыс қызметі бойынша 100 пайыз, қөлiк және коммуникация саласы бойынша 100 пайыз.Өзгеде функционалдық топ бойынша 100,0 пайыз орындалды.

«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету» топтамасы бойынша есепті кезеңге төлемдер бойынша орындалысы 291 834,3 мың теңге немесе 100 пайыз.

«Қорғаныс» саласы бойынша 15196,8 мың теңге орындалды немесе 100 пайыз. Жалпы әскери даярлық шараларына, әскер қатарына тіркелушілерді дәргерлік тексеруден өткізу, оларды облыс орталықтарына тасымалдау және жинақтау пункттарының коммуналдық шығындарына жұмсалды.

«Білім бөлімі аппараты» білім беру объектілерінің шығыстары күрделі, ағымды жөндеу жұмыстарымен жүргізілген. Республикалық бюджеттен трансферт есебінен 111 759,0 мың теңгеге оның ішінде мектеп жасына дейінгі мекемелерде мемлекеттік тапсырысты іске асыру үшін , мұғалімдерге төленетін үстем ақыға- 37 190,0 мың теңге, физика,биология,химия кабинеттерін алуға - 1921,0 мың теңге, Молдағалиев орта мектебінің химия кабинетіне құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді, мұғалімдердің үшсатыдағы жүйені өтіп келуіне байланысты -10 156,0 мың теңге, жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша ауылды мекендерді дамытуға 62 492,0 мың теңге бөлінді оның ішінде, Тоқтамыс ауылындағы Молдағалиев орта мектебінің ғимаратын ағымдағы жөндеуге 44096,0 мың теңге, Ауэзов орта мектебінің акт және спорт залдарын ағымдағы жөндеуге 6188,0 мың теңге, Гимназия мектебінің шатыры мен жылу жүйесін ағымдағы жөндеуге 12208,0 мың теңге жұмсалынды.

Жергілікті бюджет есебінен материалдық техникалық базаны нығайтуға 25 170,2 мың теңге қарастырылды, оның ішінде:

- 4 мектепке компьютер жиынтықтары алынды- 723,9 мың теңге,

- ас үйдің құрал жабдықтары алынды- 791,0 мың теңгеге,

- жиһаздар сатып алынды 3 мектепке- 653,4 мың теңге,

- кітәптар алынды- 10 500,0 мың теңге,

- мультимедиа кабинеті – 2350,0 мың теңге,

- бірінші президент кабинетіне – 1730,0 мың теңге жұмсалынды.

Автобус ПАЗ 32053 маркалы көлік 5721,0 мың теңгеге алынды.



«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету» бойынша 2014 жылы 198 768,8 мың теңге орындалды немесе 100 пайызға орындалды.

- 2138,0 мың теңгеге 19 отбасы мүшесіне атаулы әлеуметтік көмекке жәрдемақы төленді;

- 6500,0 мың теңгеге 275 аз қамсыздандырылған отбасына тұрғын үй жәрдемақысы көрсетілді;

- өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде 15533,0 мың теңге қаралған 40 адам қайта даярлау курстарын өтті, жастар-іс тәжірибесіне 25 адам әр түрлі мекемелерге жұмысқа тартылды және әлеуметтік жұмыс орындарына 15 адам орналасты , 118 адам жұмысқа орналасты;

- Жергілікті бюджет қаражатынан қоғамдық жұмысқа 240 жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тартуға 18700,0 мың теңге жұмсалды немесе 100 пайыз орындалды;

- 1818,0 мың теңгеге 20 жұмыссыз азаматтарды кәсіптік білім беру және қайта даярлықтан өткізілді;

- 3168,0 мың теңгеге 36 жастар іс тәжірибесіне жоғарғы және арнаулы оқу орындарын бітіріп келген жастар, әлеуметтік жұмыс орындарына 18 адам жіберілді, 203 адам тұрақты жұмысқа орналасты;

«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк» «Мәдениет үйі» бағдарламасы бойынша 210 282,6 мың теңгеге жұмсалды. 10 кітапханаға және кітапханалық жүйенің қызмет етуіне 22 367,0 мың теңге қаралған. 394,0 мың теңгеге кітап сөрелері сатып алынды, 500,0 мың теңгеге кітаптар алынды.

Жыл ішінде жергілікті деңгейдегі өтетін мәдени іс-шараларына бюджет есебінен 500,0 мың теңге жұмсалды.

Облыстық бюджеттен трансферт есебінен 2014 жылы 3 857,0 мың теңге Саржал ауылындағы клубтың штат санын көбейтуге жұмсалды.

Тоқтамыс ауылындағы клуб үйінің ағымдағы жөндеуіне 9801,0 мың теңге , Саржал ауылындағы клубтың метал қоршауына 1000,0 мың теңге бағытталды.Сахна киімдерін тіктіруге 10194,0 мың теңге жұмсалынды. Әр түрлі мәдени шараларға , конкурстарға 3 287,0 мың теңге жұмсалынды.

10538,0 мың теңгеге қызметтік автокөлік сатып алынды.

«Ауданның денешынықтыру және спорт бөлімі» 21 762,9 мың теңгеге игерілді оның ішінде аудандық спорттық іс шараға 2500,0 мың теңге жұмсалынды, облыстық дәрежеде өткізілетін спорттық іс шараға 12 320,0 мың теңге жұмсалды.



«Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық» бойынша 2014 жылы жоспарланған 342552,2 мың теңге толык орындалды немесе 100 пайыз орындалды.

-Жеке санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге 9000,0 мың теңге, оның есебінен 6 үй: оның 2-і Қарауыл, Құндызды ауылдарындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына, 2-уі жергілікті атқарушы орган қызметкерлеріне , 2 –уі Орда және Медеу ауылдарында амбулатория ғимаратын жасақтау мақсатында сатып алынды. .Ауылды мекендерді су мен қамтамасыз етуге 32 984,0 мың теңге жұмсалынды. Оның 11200,0 мың теңгесі Медеу ауылының су құбырының ағымдағы жөнде жұмыстарына жұмсалынды, 21784,0 мың теңгесі жалпы ұзындығы 88,2 км су құбырының жұмыстарына Қараул, Кенгірбай би, Құндызды, Медеу, Архат, Қасқабұлақ, Саржал ауылдарына жұмсалынды. Ауылдық мекендерді көркейтуге 51 783,0 мың теңге жұмсалынды оның ішінде: Қарауыл ауылының көшелерін көркейтуге – 13 812,0 мың теңге, Бекбосынов атындағы саябақты көркейтуге 15 176,0 мың теңге, Қарауыл ауалындағы Абай және Мамай көшелерін көркейтуге – 15 000,0 мың теңге, саябақтарды көгалдандыруға – 7 795,0 теңге жұмсалды. 3063,0 мың теңге жергілікті бюджет есебінен Қарауыл және Көкбай ауылдарының су құбырын қайта жаңғырту ЖСҚ жасатуына қаралған қаржының мемлекеттік және экологиялық сараптаманың уақытылы өтпеуіне байланысты жұмыс көлемі тоқтап тұр.Қарауыл ауылындағы спорт алаңын қайта жаңғыртудан 2,0 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнем.



«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дұниесін қорғау, жер қатынастары бойынша бойынша 129 513,6,0 мың теңге жоспарланып, ол 129 484,8 мың теңге болып орындалды. Немесе 100,0 пайыз.

Әлеуметтік саланың жас мамандарын әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік саланың 8 маманына 22 176,0 мың теңге көлемінде несиелер берілді. Бұл несиелерге ауылдан тұрғын үйлер сатылып алынды, ауылды жерде жұмыс істеуге келген 18 маманға көтерме ақылар берілді.

Эпизотияғы қарсы шараларды жұзеге асыруға 113 407,0 мың теңге бөлінді.

Оның ішінде, 164,0 мың теңге дәрі-дәрмектерді жеткізу және сақтауға қаралған. 2014 жылға 113 215,6 мың теңге малдәрігерлік алдын алу шараларына жұмсалды, оның ішінде, МІҚ- 42 311 бас, қой ешкі- 329 203 бас, жылқы-21359 бас, 1200 бас иттер, 136 бас түй егілді.Құс тұмауына 7980 бас құс егілді.Диогностикалық зерттеулер бойынша бруцеллез ауруына қарсы 83000 бас МІҚ, 508300 бас қой, ешкі, 1723 бас жылқы тексерілді.

475007000159 бағдарлама бойынша қаңғыбас ит, мысықтарды аулау үшін 1200,0 мың теңге қаралып толықтай игерілді. 738 ит, 12 мысықтың көзі жойылды.



«Өнеркәсіп, сәулет,қала құрылысы және құрылыс қызметі» бөлінген 13 026,8 мың теңгенің 13 022,3 мың теңгесі орындалды.

Көлiк және коммуникация саласы бойынша 38142,0 мың теңге жоспарланып толық игерілді. 23600,0 мың теңгеге ауданаралық деңгейдегі жолдарды ағымдағы жөндеу, қысқы - жазғы ұстау жумыстарына 3660,0 мың теңге жұмсалынды, жол жөндеу жұмыстарына 6082,0 мың теңге 8 км-ге көшелерге толықтай асфальт төсеулеріне , шұнқырларды жамау жұмысына 4800,0 мың теңге 74,5 км-ге жұмсалынды.

Қаржы бөлімінің басшысы А.Асқатов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет