Абай ауданының 2008 жылғы екінші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы



Дата25.02.2016
өлшемі150.13 Kb.
#22648
Абай ауданының 2008 жылғы екінші тоқсандағы

әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы.
ӨНЕРКӘСІП
2008 жылдың қаңтар – маусым айларында өндіріс орындары қазіргі бағамен 18453 мың тенгенің тауарлық өнімдерін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 72,0 пайыз. Былтырғы жылы осы мерзімде 25482 мың теңгенің тауарлық өнімі өндірілген болатын.

Үстіміздегі жылдың 6 айы ішінде «ВК РЭК» АҚ Семей филиалы 10483 мың теңгенің өнімін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 107 пайызды құрайды.

Қосалқы кәсіпорындар 5 айда 7694 мың теңгенің өнімін өндірген, былтырғы жылмен салыстырғанда өнім көлемі 53,4 пайыз болды.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Аудан бойынша 2008 жылдың 1-ші жарты жылдығында ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен 590 шаруа қожалығы және 4034 жеке меншік қосалқы шаруашылық айналысуда. Өндірілген мал өнімдерінің көлемі: ет – 2521,3 тонна (былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 113%), сүт – 7651,8 тонна (былтырғы жылмен 105,0%), жұмыртқа – 357,8 мың дана (106%).

Ауылшаруашылық құрылымдарында мал шаруашылығы өнімдерінің өскені байқалады. Мал басының өсуіне байланысты мал өнімдерін өндіру өсті. Қой, ешкі малы 368877 бас болды немесе былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 108,7% өсті, мүйізді ірі қара 47302 бас немесе 111,4%, жылқы 16329 бас немесе 111,8 % өсті.

Ауданда қой малының тұқымын асылдандыру жұмысымен 11 шаруашылық: «Қасқабұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Мағжан», «Ұлан», «Дәурен», «Жанабай», «Қарашоқы», «Айтуған» «Қабанбай», «Нұрсұлтан» және биылғы жылдан “Би ата”, “Сертек” шаруа қожалықтары айналысып келеді. Бұлардың иелігінде 31490 бас қазақтың қылшық жүнді асыл тұқымды қой малы өсіріледі. Осы малдардың 12914 басы элита класына, 11185 басы І класқа жатқызылды. Мемлекеттік тапсырыс уақытымен орындалып отыр. Бүгінгі күні 330 тонна мемлекеттік тапсырыс бойынша толығымен орындалып, 27720,0 мың тенге субсидия алынды. Сондай-ақ, 2007 жылы «Ильяс и К» 2008 жылы маусым айында “Би ата” және “Құрмет”шаруа қожалықтары жылқы малын асылдандыру бағытында ашылды. Осы асыл тұқымды 3 шаруа қожалықтарының иелігінде 661 бас асыл тұқымды қазақтың жабы тұқымды жылқы малы өсіріледі. Осы малдардың 179 басы элита класына, 189 басы І- класқа жаққызылады. Болашақта МІҚ малдарын асылдандыру жоспарлануда. «Шалипан» шаруа қожалығы Коростылевское асыл тұқымды шаруа қожалығынан 293 бас қазақтың ақ бас сиырын сатып алды. Асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алуға құжаттарын дайындау үстінде. Сол сияқты қой малын асылдандыруға “Серік” жылқы малын асылдандыруға “Айдос” шаруа қожалықтары құжаттарын дайындауда.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге несие алуға Нұрсұлтан ш/қ, 15 млн. тенге, Жақия-қажы ш/қ 15 млн тенге, Құрмет ш/қ 10 млн.тенге, Би ата ш/қ 5 млн. тенге, Шалипан ш/қ 30 млн. тенге, Жарылғасын ш/қожалықтары несие алуға бизнес-жоспарларын жасап қорғау үстінде.

МІҚ малдарын бордақылау жұмыстарымен “Шалипан” “Олжас” шаруа қожалықтары айналысуда. Олардың иелігінде биылғы жылы 360 бас бордақыланып сатылуда. Бөлінген субсидия 6 млн 824 мың тенге болса бүгінгі күнге игерілгені 2 млн 360 мың тенге. Жаңа типтегі мал қораларын салып, келесі жылы асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алу жоспарланып отыр. Сол сияқты қой малын бордақылауда 11 шаруашылық айналысуда. Оларға биылғы жылға бөлінген субсидия 4 млн. 932 мың тенге игерілу үстінде.

Ауылдық округтерде қолдан ұрықтандыру пункттерін ашу мақсатында ауылдардан арнайы ғимараттар бөлініп, күрделі жөндеуден өтті. Бүгінгі таңда 5-ауылдық округтерінде Қарауыл, Саржал, Архат, Медеу, Көкбай ауылдарында мал бордақылау алаңы жұмыс жасайды. Мүйізді ірі қараны қолдан ұрықтандыратын 5 пункт бар. Биылғы жылы қосымша тағы 4 пункт ашылады. Аудан бойынша: «Қасқабұлақ» ЖШС-гі негізінде машина-трактор жөндеу шеберханасы жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта шаруа қожалықтарымен, ауыл тұрғындарымен келісім шартқа отырып, тапсырыс бойынша қызмет көрсетуде.

Қарауыл ауылында да машина-трактор жөндеу шеберханасы МТС «Дерикар» ЖШС-гі негізінде ашылып, халыққа қызмет жасауда. Сондай-ақ, ауылдық округтерде жеке кәсіпкерлердің халыққа техникалық қызмет көрсету орындары жұмыс істейді. Олар халыққа аппаратура жөндеу, сваркалық жұмыс, токарлық жұмыс, шөп дайындап тасымалдау жұмыстары, қысқы отынмен қамтамасыз ету, т.б. қызмет түрлерін көрсетуде.

«Қарғалы» шаруа қожалығы негізінде жұмыс істеп отырған қымыз цехы күніне 250 литр жоғары сапалы қымыз өндіріп, аудан көлемінде, Семей қаласының дүкендерінде литрі 120 теңгеден саудалануда.

2006 жылдан бастап «Шыңғыстау несие» серіктестігі 31 шаруа қожалығы негізінде жарғылық қоры 13 337 000 теңге болып құрылып, әділет басқармасына тіркелген. 2006 жылы “Ауыл шаруашылығын қаржылай қорғау” АҚ арқылы ауданның 55 тұрғындарына 6,5 млн. теңге несие берілсе, 2007 жылы несие көлемі көбейіп, 65 адамға 10790,0 мың теңге несие берілді. Ағымдағы жылдың қаңтар айында несиелік серіктестіктің жарғылық қоры 18337,0 мың теңгеге үлғайып, қайта тіркеуден өтті. Құрылтайшылар саны – 34, оның ішінде 2 заңды тұлға және 32 шаруа қожалығы кіріп отыр. Қазіргі уақытта 73348,0 мың теңгенің несие желісі ашылды. «Аграрлық несие корпарациясы» АҚ-нан мал өсіру мақсатында қосымша 20000,0 мың теңгенің несиесін алу үшін құжаттар дайындалу үстінде. Несиелік серіктестік 2009 жылы 1 – категорияға өтуді жоспарлап отыр. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры АҚ-нан биылғы жылы 2008 жылы 1-жарты жылдықта 45 адам 12 млн. 600 мың тенге шағын несие алды. Олар алынған несиеге мал сатып алып мал басын өсіруде.

Шаруа қожалықтарының өсу қарқыны






Малдың басы



Ауылдық округтер бойынша шаруа қожалықтарының саны






КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
Жасалған сараптама бойынша 2008 жылдың қаңтар – маусым айларында аудандық көлікпен 9500 тонна жүк тасымалданған, бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 6,7%ке артық. Жүк тасымалдауда жеке кәсіпкерлердің ықпалы басым болып отыр.

Абай ауданы аумағында коммуналдық меншіктегі 369 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бар. Оның ішінде 255 шақырымы облыстық коммуналдық меншігіне қараса, 114 шақырымы жергілікті маңызы бар жолдар.Осы жолдардың 225 шақырымы қатқыл табанды, ал қалған 144 шақырымы қиыршық құм төселген көтерілген жолдар. Бұдан басқа аудан аумағынан республикалық маңызы бар Семей-Қайнар автомобиль жолының 70 шақырымы өтеді. Барлығы 439 шақырым. Бұл жолдардың күтіп ұсталуы, ағымдағы жөндеу жұмыстары, автокөлік қозғалысының бөгетсіз, кедергісіз жүруі аудан әкімдігінің үнемі назарында.

Ауданда бүгінгі күні 2148 телефон нүктелері жұмыс істейді, оның ішінде 264 телефон нүктесі кәсіпкерлер, мекемелер мен кәсіпорындардікі, 1884 жеке тұрғындардікі. Осы жылдың 6 айында қалааралық телефонмен сөйлесу көлемі 20322,0 мың теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда болжам 110,1%-ға артығымен орындалды.
ТҰРҒЫН ҮЙ – КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ,

СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС
Ауданның әлеуметтік-мәдени және әкімшілік нысандарын дер уақытында 2007-2008 жылдардағы күзгі-қысқы от жағу маусымына дайындау мақсатында аудандық топ құрылды, ауыл әкімдеріне және мекеме басшыларына нысандарды жылу мерзіміне дайындау үшін нақты тапсырмалар берілді. Оның ішінде:


  • 13 білім нысандарын, оның ішінде 11 орта мектеп, 1 балабақша, 1 спорт мектебі;

  • 14 денсаулық сақтау нысандарын, оның ішінде 1 емхана, 8-ЖДА, 5-ФП;

- аудан бойынша 11 жылу қазандығын дайындалды.

Ақпанда жергілікті және облыстық маңызы бар жолдарды ағымдағы жөндеу, ұстау және қысқы ұстау жұмыстарын жүргізуге, жалпы сомасы 26000,0 мың теңге және облыстық деңгейдегі Семей-Қарауыл 102 шақырым /80-182 км/ автокөлік жолын орта жөндеуге, жалпы сомасы 36100,0 мың теңге ашық конкурс өтті. Конкурс жеңімпазы болып «Дерикар» ЖШС анықталды. Бөлінген 36100,0 мың теңгенің 1498,15 мың теңгесі орта жөндеу авансына, 4343,49 мың теңге ұстау, қысқы ұстауға 908,49 мың теңгесі жобалық сметалық құжат дайындауға жұмсалып, игерілді.

Өңірлік тұрғын үй бағдарламасы бойынша 2008 жылға екі пәтерлі бір тұрғын үй құрлысына 11,0 млн.теғге осы салынатын үйлердің инженерлік жүйелеріне 2,0 млн.теңге облыс маслихат шешімімен бөлінді. 6 ақпан 2008 жылы осы салынатын үйге, инженерлік желісі жүйесіне ашық конкурс өтті. Конкурс жеңімпазы Семей қаласынан «Сәуле» жауапкершілігі шекткулі серіктестігі. Көкбай ауылындағы бала бақша ғимаратын қайта жасақтау құрылысына 10,0 млн.теңге, Құндызды ауылдық округіндегі су құбырын қайта жасақтау құрылысына 27721,0 млн.теңге, Кеңгірбай би ауылдық округіне қарасты Шәкәрім орта мектебін кә»сіптік техникалық мектепке қайта жабдықтау құрылысына 150,0 млн.теңге бөлінді.

Абай ауданы бойынша жеке меншік тұрғын үй қорын жалпы алаңы 266334 шаршы метр 2980 тұрғын үй және жалпы тұрғын алаңы 11750 шаршы метр 20 көп қабатты үйлер құрайды. 2006 жылы үш екі пәтерлі коммуналдық тұрғын үй салынды. Аудан бойынша жаңадан салынып және қайта жасақталынып жатқан тұрғын үй саны жетеу, екі мал базы, екі сауда дүкені, бір жанар-жағармай қүю станциясы.

Аудан  бойынша бүгінгі күні бес елді мекенде су құбыры жұмыс жасап /Қарауыл, Кеңгірбай би, Архат, Қасқабұлақ және Медеу/, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде.

Абай ауданы орталығы Қарауыл ауылын тұрғындары мен мекемелерін ауыз сумен «Риза» КМҚК қамтамасыз етеді.Мекемелер мен кәсіпорындарға судың 1текше метрінің тарифі 262,41 теңге, ауыл тұрғындарына ай сайын 1 адамға 100 теңге болып белгіленген.


ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
Ауданымызда 887 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Шағын кәсіпкерлер субъектілерінен салық түсімі 7259,7 мың теңгені құрады. Жалпы шағын кәсіпкерлер субъектілерінде 1584 адам жұмыс жасайды.

Аудан бойынша 590 шаруа қожалығы тіркеліп, 1333 адам жұмыс атқарады және 3136,5 мың теңге салық түсімі түскен. Жеңілдетілген декларация және жалпыға бірдей тәртіп бойынша 115 шағын кәсіпкерлер субъектілері тіркелген, түскен салық түсімі 2321,0 мың теңге. 168 кәсіпкер патент жүйесімен қызмет атқарып, 1023,0 мың теңге салық төлеген. Заңды тұлға ретінде аудан бойынша 14 кәсіпорын қызмет атқарады және онда 191 адам жұмыс жасайды. Бұлардан түскен салық көлемі 779,2 мың теңге. Осы орайда ауданда кәсіпкерлік бөлімі ашылып, қызмет көрсетуде.

Аз қамтамасыз етілген жанұяларды күнделікті пайдаланылатын негізгі тағам түрлерімен қамтамасыз ету үшін аудан орталығынан арнайы төмендетілген бағамен сауда жасайтын «Ардагер» дүкені ашылды. Осындай бөлімдер 8 ауылдық округтер бойынша да ашылмақшы.

2008 жылдың бірінші тоқсанына ШҚО ауыл шаруашылық департаментінің бағаны тұрақтандыру қорынан, Абай ауданына нан өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін 100 тонна ұн бөлінген. Бұл бөлінген ұн 12 кәсіпкерге Келісім- Меморандум бойынша бөлініп беріліп, бүгінгі күні 95 тоннасы алынды. Кәсіпкерлер, Меморандум шарты бойынша әлеуметтік нанның бір бөлкесін 45 теңгеден сатып отыр.



БАҒАЛАР
Бүгінгі күні бөлімде күнделікті дүкендерден негізгі азық – түлік түрлерінің бағалары алынып мониторинг жүргізіліп тұрады. Аудан бойынша бағаны тұрақтандыруға байланысты жұмыстар үнемі бақылауда ұсталынады. Сондай-ақ, аудандағы негізгі азық-түліктердің, жанар-жағар майдың, құрылыс материалдарының бағасының облыстық деңгейден асып кетпеуі үнемі қадағаланып, бақылауда ұсталынуда.

Инфляция үдерістерін тежеу жөніндегі аудандық штаб құрылды. Штаб мүшелері ауданда сауда қызметімен айналысатын кәсіпкерлерді штаб отырысына шақырып, халық тұтынатын негізгі тауарларға бағаны тұрақтандыру бағытында мәселе көтеріп, кәсіпкерлермен ортақ келісімге келіп отыр.


Тағамдардың бағасы


Р\с

Тағамның атауы

өлшем бірлігі


бағалары


2004ж

2005ж

2006ж

2007ж

2008 жылдың 6 айы

1

Нан

Дана

35

35

35

45

45

2

Ұн

Кг

37

39

39

64

72

3

Шәй

қорап

120

120

120

250

250

4

Сүт

Литр

30

30

30

80

80

5

Ет

Кг

300

400

370

450

450

6

Қант

Кг

85

85

85

110

130

7

сары май

Кг

300

300

350

400

450

8

өсімдік майы

Литр

130

130

135

300

300

9

Картоп

Кг

35

35

35

70

90

10

Пияз

Кг

35

35

55

60

65



БЮДЖЕТ
Аудан бойынша 2008 жылдың 6 айында бюджет кірісі 516578 мың теңгеге жоспарланып, ол 528380 мың теңгеге немесе 102,3% болып орындалды. Бюджеттің шығыс бөлігі бойынша жоспар 516578 мың теңге болса, ол 511049 мың теңгеге орындалды, немесе 98,9%. Бюджет бағдарламалары әкімшілерінде жиыны 5529 мың теңге қалдық қалды.

Ауданның өз кірісі көздері 44488 мың теңгеге жоспарланып, ол 56763 мың теңгеге орындалды, немесе 128%. Жоспарлы 29 түрлі кіріс түрлері толықтай артығымен орындалды.

Республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер жоспары 9547 мың теңге болса, ол 9506 мың теңгеге орындалды немесе 99,6%. Қалған 41 мың теңге қаржылық қызметке байланысты ұсақ ақшалар.

Облыстық бюджеттен 26593 мың теңге мақсатты трансферт бөлініп, ол 26432 мың теңгеге немесе 99,4% болып орындалды. Бұның 161 мың теңгесі мақсатты ағымдық трансферт ретінде қалып отыр.




ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМА
2008 жылдың жарты жылдығында 128 отбасыға және 459 отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек 4110,0 мың теңге төленді.

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 2032 балаға 11764,0 мың теңге толенді. Тұрғын үй жәрдемақысы 163 жанұяға 2320,0 мың теңге төленді.

ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, тыл ардагерлері, 90 жастан асқан қарттардың және ауған соғысы қатысушылары отбастарына зерттеулер жүргізіліп, арнайы бағдарламаға енгізілді. Ортопедиялық-протездік сұранысқа 11 мүгедек адамдарға тегін ортопедиялық- протез жасау үшін Семей қаласындағы протез жасайтын орталыққа жолдамалар берілді.

23 мүгедек адамға 4559 дана гигиеналық құралдар таратылды .3-ші топтағы 5 мүгедек адам жұмыссыз ретінде тіркеліп,4 мүгедек адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, 1 мүгедек адам кәсіптік оқуға жіберілді.

«УБА» шипа жайында 19 адам демалып қайтты, оның ішінде 15 адам жасына байланысты зейнеткерлер және тыл ардагерлері, 4 адам I-II-III топтағы мүгедектер, «Мойылды» шипажайында 3 мүгедек адам демалды.

Аз қамтамасыз етілген жанұяларға аудан бойынша 321 адамға 1197,0 мың теңгенің көмегі отындай, азық-түлік, ақшадай көрсетілді.

Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы №110 қаулысына сәйкес, 7 адамға экологиялық өтемақылар төленді.

2008 жылдың жарты жылдығында 103 жұмыссыз адам есепте тұр, жұмыссыздық деңгейі 1,3 пайыз. Ақылы қоғамдық жұмысқа 01.07.2008жылға 108 адам жіберіліп, 3350 ,0 мың теңге төленді. Кәсіптік білім беру және қайта даярлыққтан өткізуде Семей қаласындағы «Болашақ! Кәсіптік мектебі, «Семей құрлыс» колледжі және «Білім» Семей қоғамы жауапкершілігі шектеулі серіктестігің оқу базасымен келісім шарт жасалып жұмыссыз азаматтарды оқытуға мүмкіндіктер жасалып отыр.

Жұмыссыз азаматтарға, кәсіптік білім беру және қайта даярлықтан өткізу мақсатында шаштараз, дәнекерлеуші, есепші мамандықтарына жиыны 8 адам оқуға жіберілді. Жастар іс тәжірибесіне арнаулы оқу орындарын бітіріп келген 4 жұмыссыз жастар және әлеуметтік жұмыс орындарына 2 адам жіберілді. Биылғы жылы 40 жұмыссыз адам жұмысқа орналасты.

Жұмыссыздық деңгейі




БІЛІМ
Аудан бойынша 1 бастауыш мектеп-балабақшасы, 1 негізгі мектеп, 10 орта мектеп (оның ішінде 1 гимназия , 1 мектеп-лицей) барлығы 12 білім мекемесі жұмыс жасайды. Осы мектептерде 3052 оқушы оқиды, оларға 506 мұғалім сабақ береді.Мектептер бойынша 169 сынып, 165 сынып комплектісі бар. Сыныптар бойынша балалардың орташа сыйымдылығы 18,7.

Ауданы мектептерiнде жұмыс жасап отырған педагогтар саны -506. Оның ішінде жас мұғалімдер саны 48. Облыстық біліктілік арттыру институты жанынан аудан мектептерінің ұстаздар қауымының арнайы курстан өтуінде біршама алға жылжушылық бар. 2006 –2007 оқу жылында- 112. 2007 – 2008 оқу жылында –187 ұстаз курстан өткен. Өткен жылға қарағанда мұғалімдердің сапалық құрамы, біліктілік дәрежесі біршама жақсарды.

Педагог қызметкерлердiң әлеуметтiк жағдайлары қанағаттанарлық жағдайда . Мектепiшiлiк кәсiподақ комитетiне өтiнiш түсiрген мұғалiмдерге көмектер көрсетiлiп отыр. Санаторий, курорттарға өтiнiшiне сәйкес жолдама берiлiп, көмектер көрсетiлуде. Мұғалiмдер ай сайын еңбек ақыларын уақытылы алып отыр. 2006 жылы тұрғын үйге өтiнiш берген 6 жас мұғалiм үймен тегiн қамтамасыз етiлдi.

2007-2008 оқу жылында аудан мектептерiне 6 жас маман жұмысқа орналасып, 6 мұғалiмге көтерме ақы әрқайсысына 120 000 теңге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi мекемесi төлеген болатын.

Аудан бойынша мектеп бітірген 227 түлектің ҰБТ-ға 175 түлегі толықтай қатысып:

2006 жылы орта балл 58,9; 275 оқушының 227 ҰБТ қатысуы 82% 2007 жылы орта балл 61,3; 227 оқушының 175 ҰБТ қатысуы 77 %

2008 жылы орта балл 63,6; 203 оқушының 168 ҰБТ қатысуы 82,7%

51 түлек – «3-49» балл алып, 30 пайыз

32 түлек - «50-59» балл алып, 19 пайыз

27 түлек – «60-69» балл алып, 16 пайыз

26 түлек - «70-79» балл алып, 15 пайыз

20 түлек - «80-89» балл алып, 12 пайыз

9 түлек - «90-99» балл алып, 5 пайыз

3 түлек - «100-125» балл алып, 2 пайыз құрап

жиыны: орта балл 63,64 жоғары балл – 115 болды.

2008 жылы аудан бойынша 2 оқушы «Алтын белгіге ие болды.

2008-2009 оқу жылы 6 жастан 253, 7 жастан 51 бала 1 сыныпқа 304 бала тартылмақшы.

1 мектепке дейінгі мекеме Б.Байғожина атындағы бастауыш мектеп- балабақшасы жұмыс істейді. Онда 2007-2008 оқу жылында 1-4 жас аралығындағы 100 балалық - 4 балабақша тобы және 5-6 жас аралығындағы - 100 балалық мектепалды даярлық 4 тобы жұмыс жасауда.

Қарауыл гимназиясы, М.Әуезов , Ш.Әбенов, Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектептері жанынан 100 балалық шағын орталыққа 3-4 жастағы балалар тартылуда. Аталған мектептер лицензияларына өзгерістер еңгізуде. Шағын орталық ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Қайнар – мектепке дейінгі балаларды балабақша жағдайында оқыту, тәрбиелеу және дамыту бағдарламасы» негізінде жұмыс жасайды.

Білім бөлімі бойынша 2008 жылы жазғы каникул кезеңінде 12 мектепте мектеп жанындағы демалыс лагерi жұмыс жасап, оған 1993 бала тартылды.

Бұл лагерлерде “Математика-компьютерлiк”, пәндiк, тәрбиелiк, спорттық-сауықтыру , музыкалық бағыттарда жүйелi жұмыс жасап, өз деңгейiнде жұмыс атқарылды.

Аудан бойынша барлық мектептерде компьютермен қамтылған , жиыны – 289 компьютер, әр балаға шаққанда 11 балаға – 1 комьютерден келеді. Б.Байғожина атындағы бастауыш мектеп-балабақшасында, Көкбай, Молдағалиев, Тоғжігітов, Бекбосынов орта мектептері интерактивті тақта орнатылған. Барлық мектептер интернетке қосылған. Қарауыл гимназиясы, Абай лицейі, Б.Байғожина атындағы бастауыш мектеп-балабақшасы жоғары жылдамдықпен жұмыс жасайтын Мегалайын жүйесіне қосылды. 8 мектеп мултимедиялық кабинетпен жабдықталған.



ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
2008 жыл I жарты жылдық денсаулық сақтау саласында қайта құру жұмыстары жүргізілді.

Денсаулық сақтау мекемелерінің желісі:

1 Денсаулық сақтау бірлестігі

1 орталық емхана (кеңес – диагностикалық ауруханасымен), 7 дәрігерлік амбулатория. Қарауыл ауылындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы орталық емхана құрамында.

Орталық емханаға құны 15 мың доллар тұратын жаңа рентген аппараты берілді. Осы рентген аппаратын құру мақсатында рентген бөлмесі күрделі жөндеуден өткізілді.

Барлық жанұялық-дәрігерлік амбулаторияларға портативті ИВЛ аппараты, хирургиялық жабдықтар, электронды салмақ өлшегіштер, бактериоцидтік лампалар және басқа да қажетті құралдар алынды. Осы 3 айда жұқпалы аурулар түрімен ауырғандар тіркелген жоқ. Туберкулез ауруына қарсы жүргізген жұмыстар өз нәтижесін көрсетуде, атап айтқанда 2008 ж. I жарты жылында туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 2007 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 74,5 пен 56,2 төмендеген . Алайда экологиялық жағдайларға байланысты қатерлі ісікпен ауру деңгейі жоғарлап отыр. Бұл көрсеткіш 2007 ж. - 118,0 болса 2008 ж. бірінші жартысында 138,0 көбейген.



Ауданда санитарлық – эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету, денсаулық сақтау бағдарламасын реформалау тұрғындарды ФГ тексеруі мәселелерімен тығыз байланысты. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың басты міндеті.
ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС
Жыл басынан бері құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатысымен ауданда 21 қылмыс тіркеліп, 87,5 пайызы ашылды. Ауыр қылмыстардан 4 іс тіркеліп, 100 пайыз ашылды. Ұрлық жасау бойынша 11 қылмыстық іс тіркеліп, 90,9 пайыз ашылды. Кәмілетке толмағандар жасаған қылмыста 1 іс тіркелді.
ДЕМОГРАФИЯ
Аудан бойынша негізгі демографиялық көрсеткіштерге келетін болсақ, ауданда халық санының азаюы байқалады. 2008 жылдың 6 айында туған бала саны –54, қайтыс болғандар саны – 28 адам, табиғи өсім 26 адам. Аудан бойынша келген адамдар саны – 108 адам, ал кеткені - 286 адам. Көші-қон сальдосы - 178 адам. Аудан бойынша 01.07.2008 жылға халық саны – 15833 адам.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет