Абай ауданының 2009 жылдың 1-ші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы
ӨНЕРКӘСІП
2009 жылдың қаңтар – наурыз айларында өндіріс орындары қазіргі бағамен 78761,0 мың тенгенің тауарлық өнімдерін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 118,0 пайызды құрайды. Былтырғы жылы осы мерзімде аудан көлемінде 66688,0 мың теңгенің тауарлық өнімі өндірілген болатын.
«ВК РЭК» АҚ Семей филиалы 3424,0 мың теңгенің өнімін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 38,6 пайыз құрайды, былтыр 8869,0 мың теңгенің өнімі өндірілген.
«Қазақалтын» Тау-Кен-Концерны Жанан кен орнында жұмыстарын тоқтатуына байланысты көрсеткіші күрт төмендеп отыр.
Қосалқы кәсіпорындар жыл бойы 2046 мың теңгенің өнімін өндірген, былтырғы жылмен салыстырғанда өнім көлемі 73,8 пайызға кеміген. Былтырғы жылы 2772 мың теңгенің өнімі өндірілді. Өндірілген өнімнің азайу себебі биыл жұмыс істеп тұрған қосалқы кәсіпорындардың санының азайуы.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ауданның негізгі саласы ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы. Аудан бойынша 2009 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен 590 шаруа қожалығы және 4034 жеке меншік қосалқы шаруашылық айналысуда. Өндірілген мал өнімдерінің көлемі: ет – 1101,2 тонна (былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 111,9%), сүт – 3595,8 тонна (былтырғы жылмен 104,9%), жұмыртқа – 154 мың 600 дана (109,3%).
Ауылшаруашылық құрылымдарында мал шаруашылығы өнімдерінің өскені байқалады. Мал басының өсуіне байланысты мал өнімдерін өндіру өсті. Қой, ешкі малы 305377 бас болды немесе былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 105% өсті, мұның ішінде 195787 басы шаруа қожалықтарының иелігінде, 105338 басы жеке тұрғындардың, 4252 басы ЖШС иелігінде. Мүйізді ірі қара 42199 бас немесе 100,8% өсті, мұның ішінде 12601 басы шаруа қожалықтарының, 29488 басы жеке тұрғындардың, 110 басы ЖШС үлесіне тиеді. Жылқы малы 15709 бас немесе 110,5% өсті, мұның ішінде 7327 басы шаруа қожалықтарының, 7737 басы жеке тұрғындардың, 645 басы ЖШС үлесіне тиеді.
Ауданда қой малының тұқымын асылдандыру жұмысымен 20 шаруашылық айналысып келеді. Бұлардың иелігінде 30776 бас қазақтың қылшық жүнді асыл тұқымды қой малы өсіріледі. Сондай-ақ, екі шаруа қожалықтары жылқы малын асылдандыру бағытында ашылған. Бүгінгі таңда 5-ауылдық округтерде Қарауыл, Саржал, Архат, Медеу, Көкбай ауылдарында мал бордақылау алаңы жұмыс жасайды. Мүйізді ірі қараны қолдан ұрықтандыратын 5 пункт бар. Биылғы жылы қосымша тағы 4 пункт ашылады
2006 жылдан бастап «Шыңғыстау несие» серіктестігі 31 шаруа қожалығы негізінде жарғылық қоры 13 337 000 теңге болып құрылып жұмыс жасауда. “Ауыл шаруашылығын қаржылай қорғау” АҚ арқылы ауданның тұрғындарына жылма жыл несие берілуде.
КӨЛІК ЖӘНЕ БАИЛАНЫС
Жасалған сараптама бойынша 2009 жылдың 3 айында аудандық көлікпен 5340 тонна жүк тасымалданған, бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 12%ке артық. Жүк тасымалдауда жеке кәсіпкерлердің ықпалы басым болып отыр.
Абай ауданы аумағында коммуналдық меншіктегі 369 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бар. Оның ішінде 255 шақырымы облыстық коммуналдық меншігіне қараса, 114 шақырымы жергілікті маңызы бар жолдар. Осы жолдардың 225 шақырымы қатқыл табанды, ал қалған 144 шақырымы қиыршық құм төселген көтерілген жолдар. Бұдан басқа аудан аумағынан республикалық маңызы бар Семей-Қайнар автомобиль жолының 70 шақырымы өтеді. Барлығы 439 шақырым. Бұл жолдардың күтіп ұсталуы, ағымдағы жөндеу жұмыстары, автокөлік қозғалысының бөгетсіз, кедергісіз жүруі аудан әкімдігінің үнемі назарында. Осы уақытта ауданда 31610 жолаушы тасмалданған, оның 12410-ы бағытты автобуспен болса, 19200 жолаушы жеке меншік көліктері бар тасмалдаушылардың үлесіне тиеді, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 115 пайызға артық.
Ауданда бүгінгі күні 2262 телефон нүктелері жұмыс істейді, оның ішінде 218 телефон нүктесі мекемелер мен кәсіпорындардікі, 2044 жеке тұрғындардікі. Осы жылы қалааралық телефонмен сөйлесу көлемі 7323,0 мың теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда болжам 128%-ға артығымен орындалды.
ТҰРҒЫН ҮЙ – КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ,
СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС
Ауданның әлеуметтік-мәдени және әкімшілік нысандарын дер уақытында 2008-2009 жылдардағы күзгі-қысқы от жағу маусымына дайындау мақсатында аудандық топ құрылып, ауыл әкімдеріне және мекеме басшыларына нысандарды жылу мерзімінде жылумен толықтай қамтамасыз етіліп, оның ішінде:
-
16 білім нысандарын, оның ішінде 11 орта мектеп, 1 балабақша, 1 спорт мектебі;
-
13 денсаулық сақтау нысандарын, оның ішінде 1 емхана, 7-ЖДА, 5-ФП;
- аудан бойынша 12 жылу қазандығы қалыпты жұмыс жасап, жылу маусымын қалыпты жағдайда өткізді.
Өңірлік тұрғын үй бағдарламасы бойынша 2008 жылдан құрылысы басталған екі пәтерлі бір тұрғын таяу арада пайдалануға берілмекші. Көкбай ауылындағы бала бақша ғимаратын қайта жасақтау құрылысы аяқталды, Құндызды ауылдық округіндегі су құбырын қайта жасақтау құрылысына биылғы жылға 15000,0 мың теңге бөлінді. Кеңгірбай би ауылдық округіне қарасты Шәкәрім орта мектебінің жанынан кәсіптік техникалық мектеп ашылып, пайдалануға берілді.
Абай ауданы бойынша жеке меншік тұрғын үй қорын жалпы алаңы 266334 шаршы метр 2980 тұрғын үй және жалпы тұрғын алаңы 11750 шаршы метр 20 көп қабатты үйлер құрайды. Аудан бойынша жаңадан салынып және қайта жасақталынып жатқан тұрғын үй саны жетеу, екі мал базы, екі сауда дүкені, екі жанар-жағармай құю станциясы.
Аудан бойынша бүгінгі күні бес елді мекенде су құбыры жұмыс жасап /Қарауыл, Кеңгірбай би, Архат, Қасқабұлақ және Медеу/, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде.
Абай ауданы орталығы Қарауыл ауылын тұрғындары мен мекемелерін ауыз сумен «Риза» КМҚК қамтамасыз етеді. Мекемелер мен кәсіпорындарға судың 1текше метрінің тарифі 262,41 теңге, ауыл тұрғындарына ай сайын 1 адамға 100 теңге болып белгіленген.
Аудан әкімінің 16 наурыз 2009 жылы № 552 санды «Ауданның елді мекендерін көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жөнінде екі айлық өткізу туралы» қаулысы шыққан болатын. Осы бағытта барлық 9 ауылдық округтерде тазалық жұмыстары басталып кетті. Бүгінгі күні аудан бойынша 16,3 шақырым көшелер мен жолдар, 13 алаңдар, 541 тұрғын үйлердің аулалық аумақтары, 17 мекемелер аумақтары тазартылды. 2915 тонна қоқыс шығарылды. 12 ескерткіштер жөнделді.
ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
Ауданымызда 926 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Шағын кәсіпкерлер субъектілерінен салық түсімі 8040,0 мың теңгені құрады. Жалпы шағын кәсіпкерлер субъектілерінде 2104 адам жұмыс жасайды.
Аудан бойынша 583 шаруа қожалығы тіркеліп, 1839 адам жұмыс атқарады және 3450,0 мың теңге салық түсімі түскен. Жеңілдетілген декларация және жалпыға бірдей тәртіп бойынша 182 шағын кәсіпкерлер субъектілері тіркелген, түскен салық түсімі 2408,0 мың теңге. 145 кәсіпкер патент жүйесімен қызмет атқарып, 1381,0 мың теңге салық төлеген. Заңды тұлға ретінде аудан бойынша 16 кәсіпорын қызмет атқарады және онда 191 адам жұмыс жасайды. Бұлардан түскен салық көлемі 801,0 мың теңге. Осы орайда ауданда кәсіпкерлік бөлімі ашылып, қызмет көрсетуде.
БАҒАЛАР
Кәсіпкерлік бөлімі тарапынан бағаға күнделікті мониторинг жүргізіліп отырылады. Ауданда бағаның өзгеруі, өсуі көбінесе тауарлар әкелінетін Семей және басқа қалалардағы базар бағасының өзгеруіне байланысты. Сондай-ақ, аудандағы негізгі азық-түліктердің, киімдердің, жанар-жағар майдың, құрылыс материалдарының бағасының өзгерістері үнемі қадағаланып, бақылауда ұстанылуда.
Аз қамтамасыз етілген жанұяларды күнделікті пайдаланылатын негізгі тағам түрлерімен қамтамасыз ету үшін аудан орталығынан арнайы төмендетілген бағамен сауда жасайтын «Ардагер» дүкені ашылды. Осындай бөлімдер 8 ауылдық округтер бойынша да ашылмақшы.
2008 жылы ШҚО ауыл шаруашылық департаментінің бағаны тұрақтандыру қорынан, Абай ауданына нан өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін үнемі ұн бөлініп отырады. Бұл бөлінген ұн 13 кәсіпкерге Келісім- Меморандум бойынша бөлінді. Кәсіпкерлер, Меморандум шарты бойынша әлеуметтік нанның бір бөлкесін орташа 39 теңгеден сатып отыр.
БЮДЖЕТ
Аудан бойынша 2009 жылға бюджет кірісі 985224,0 мың теңгеге бекітілді. Ресми трансферттердің көлемі 880201,0 мың теңге. Ауданның өз кіріс көздері есебінен түсім 105023,0 мың теңге болып жоспарланды.
2009 жылдың 3 айында бюджеттің кіріс бөлігі 252249,0 мың теңгеге жоспарланып, ол 261079,5 мың теңгеге, 103,5 пайыз болып орындалды. Бюджеттің шығыс бөлігі 3 айда 252751,0 мың теңгеге жоспарланып, 245293,3 мың теңгеге орындалды, 97 пайыз болды. Жергілікті бюджет кірісі бірінші тоқсаңға 23007 мың. теңгеге жоспарланып 31872 мың. теңгеге орындалды, немесе 138,5 пайызды құрады.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМА
2008 жылға 114 отбасыға және 428 отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек 2679,4 мың теңге төленді.
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 274 жанұя 1856 балаға 4758,1 мың теңге төленді. Тұрғын үй жәрдемақысы 65 жанұяға 1200,0 мың теңге төленді.
ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, тыл ардагерлері, 90 жастан асқан қарттардың және ауған соғысы қатысушылары отбастарына зерттеулер жүргізіліп, арнайы бағдарламаға енгізілді. Ортопедиялық-протездік сұранысқа 5 мүгедек адамдарға тегін ортопедиялық-протез жасау үшін Семей қаласындағы протез жасайтын орталыққа жолдамалар берілді.
22 мүгедек адамға 2640 дана гигиеналық құралдар таратылды. 3-ші топтағы 1 мүгедек адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.
Аз қамтамасыз етілген жанұяларға аудан бойынша 132 адамға 367,1 мың теңгенің көмегі отындай, азық-түлік, ақшадай көрсетілді. Күнкөріс денгейі төмен халық саны 1080 адам.
Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен 5 адамға экологиялық өтемақылар, 342,5 мың теңге төленді.
2009 жылдың 3 айында 105 жұмыссыз адам есепте тұр, жұмыссыздық деңгейі 1,3 пайыз. Ақылы қоғамдық жұмысқа осы уақытқа дейін 80 адам жіберіліп, 2200,0 мың теңге төленді. Жұмыссыз азаматтарға, кәсіптік білім беру және қайта даярлықтан өткізу мақсатында шаштараз, дәнекерлеуші, есепші мамандықтарына жиыны 12 адам оқуға жіберілді. Жыл басынан 21 жұмыссыз адам жұмысқа орналасты.
БІЛІМ
Аудан бойынша 1 бастауыш мектеп-балабақшасы, 1 негізгі мектеп, 10 орта мектеп (оның ішінде 1 гимназия , 1 мектеп-лицей) барлығы 12 білім мекемесі жұмыс жасайды. Осы мектептерде 2915 оқушы оқиды, оларға 485 мұғалім сабақ береді. Мектептер бойынша 169 сынып, 165 сынып комплектісі бар. Сыныптар бойынша балалардың орташа сыйымдылығы 18,7.
Ауданы мектептерiнде жұмыс жасап отырған педагогтар саны -485. Оның ішінде жас мұғалімдер саны 48. Облыстық біліктілік арттыру институты жанынан аудан мектептерінің ұстаздар қауымының арнайы курстан өтуінде біршама алға жылжушылық бар. 2006 –2007 оқу жылында- 112. 2007 – 2008 оқу жылында –187 ұстаз курстан өткен. Өткен жылға қарағанда мұғалімдердің сапалық құрамы, біліктілік дәрежесі біршама жақсарды.
Педагог қызметкерлердiң әлеуметтiк жағдайлары қанағаттанарлық жағдайда. Мектепiшiлiк кәсiподақ комитетiне өтiнiш түсiрген мұғалiмдерге көмектер көрсетiлiп отырады. Санаторий, курорттарға өтiнiшiне сәйкес жолдама берiлiп, көмектер көрсетiлуде. Мұғалiмдер ай сайын еңбек ақыларын уақытылы алып отыр. 2006 жылы тұрғын үйге өтiнiш берген 6 жас мұғалiм үймен тегiн қамтамасыз етiлдi.
2008-2009 оқу жылында аудан мектептерiне 6 жас маман жұмысқа орналасып, 6 мұғалiмге көтерме ақы әрқайсысына 120 000 теңге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi арқылы төленген болатын.
1 мектепке дейінгі мекеме Б.Байғожина атындағы бастауыш мектеп- балабақшасы жұмыс істейді. Онда 2008-2009 оқу жылында 1-4 жас аралығындағы 50 балалық - 4 балабақша тобы және 5-6 жас аралығындағы - 50 балалық мектепалды даярлық 4 тобы жұмыс жасауда.
Қарауыл гимназиясы, М.Әуезов , Ш.Әбенов, Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектептері жанынан 100 балалық шағын орталыққа 3-4 жастағы балалар тартылуда. Аталған мектептер лицензияларына өзгерістер еңгізуде. Шағын орталық ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Қайнар – мектепке дейінгі балаларды балабақша жағдайында оқыту, тәрбиелеу және дамыту бағдарламасы» негізінде жұмыс жасайды.
Аудан бойынша барлық мектептер компьютермен қамтылған, жиыны - 289 компьютер, әр балаға шаққанда 11 балаға – 1 комьютерден келеді. Б.Байғожина атындағы бастауыш мектеп-балабақшасында, Көкбай, Молдағалиев, Тоғжігітов, Бекбосынов орта мектептері интерактивті тақта орнатылған. Барлық мектептер интернетке қосылған. Қарауыл гимназиясы, Абай лицейі, Б.Байғожина атындағы бастауыш мектеп-балабақшасы жоғары жылдамдықпен жұмыс жасайтын Мегалайн жүйесіне қосылды. 8 мектеп мултимедиялық кабинетпен жабдықталған.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Аудан халқына медициналық көмек бір орталық емханамен, 7 дәрігерлік амбулаториялармен, 3 медициналық пунктімен,2 ғимаратсыз медицина қызметкерлерімен атқарылады.
ШҚО Әкімінің шешімімен аудандық медицина бірлестігі құрылған.
Ауданда 40 жоғары білімді дәрігер, оның 28 квалификациялық категориясы бар – 66,7%, орта буын медицина қызметкерлері 77, оның 46% да квалификациялық категория бар.
Дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 27,6 – 10 000 халыққа облыс көрсеткіші 37,9. Медбикелермен қамтамасыз етілуі 48,3 – 10 000 адамға облыс көрсеткіші 87,2.
Аудан бойынша ана мен бала денсаулығын қорғау және жақсарту бағдарламасы жасалынған. Бала мен ана денсаулығына басты назар аударылып отыр, мамандар уақытында білімін жетілдіріп отырады, маман сертификаттары бар.
2009 жылдың 3 айында туған бала саны – 70, қайтыс болған бала–3; Бастапқы медициналық – санитарлық ұйымдардың нормативке сәйкес медициналық жабдықтармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуі – аудан бойынша – 24%.
Профилактикалық қарау жұмыстары барлық категория бойынша жоспарға сәйкес 100% орындалып отыр.
Облыстық бюджеттен үстіміздегі жылдың 3 айында орталық емханаға жұмсақ және қатты мүліктер алуға 2324,7 мың теңге, материалдық-техникалық жарақтандыруға 2000,0 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді.
ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС
Жыл басынан бері құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатысымен ауданда 44 қылмыс тіркеліп, 71,4 пайызы ашылды. Ауыр қылмыстардан 12 іс тіркеліп, 100 пайыз ашылды. Ұрлық жасау бойынша 36 қылмыстық іс тіркеліп, 69,2 пайыз ашылды. Кәмілетке толмағандар жасаған қылмыста 4 іс тіркеліп, 100 пайыз ашылды.
ДЕМОГРАФИЯ
Аудан бойынша негізгі демографиялық көрсеткіштер: ауданда халық санының азаюы байқалады. 2009 жылдың 3 айында туған бала саны –70, қайтыс болғандар саны – 36 адам, табиғи өсім 34 адам. Аудан бойынша келген адамдар саны – 76 адам, ал кеткені - 177 адам. Көші-қон сальдосы - 101 адам. Аудан бойынша 01.04.2009 жылға халық саны – 15701 адам.
Достарыңызбен бөлісу: |