Абай ауданының 2012 жылдың 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы
Өнеркәсіп
2012 жылдың қаңтар-наурыз айы бойынша өндіріс орындары қазіргі бағамен 47,4 млн. тенгенің тауарлық өнімдерін өндірген, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 166,5 пайызды құрайды. Оның ішінде 26,1 млн. теңгесі (былтырғы жылмен салыстырғанда 233,3 пайыз) тамақ өнімдері, 19,05 (100 пайыз) электрмен жабдықтау және 2,25 (149 пайыз) млн. теңгесі сумен жабдықтау.
Ауыл шаруашылығы
Аудан ауыл шаруашылығы бағытында дамығын. Ауылшаруашылық құрылымдары мен жеке меншік тұлғалар осы мерзімге тірі салмақтағы ет –1164,3 тонна, немесе былтырғы жылмен салыстырғанда -107,8 пайызға, сүт -3341,0 тонна немесе 101,7 пайызға, жұмыртқа -133,7 мың дана өндіріп, 101 пайызды құрады.
Бүгінгі күні аудан бойынша 284920 бас қой-ешкі малы (100,6%), 41014 бас мүйізді ірі қара (100,4%), 16764 бас жылқы (103,3%) малдары қолда бар.
37 шаруа қожалықтары асыл тұқымды мал өсірумен айналысуда. Оның ішінде қой малының тұқымын асылдандыру жұмысымен -24 шаруашылық, жылқыдан -11 шаруашылық, ірі қара малынан -1 шаруашылық.
Инвестиция
Негізгі капиталға инвестиция көлемі осы мерзімге 219,8 млн.теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 188 пайызды құрап отыр. Былтыр 109,9 млн. теңгенің инвистициясын «ФМЛ Қазахстан» ЖШС-гі тартқан, биыл 100,0 млн. теңгенің инвистициясын тартып отыр. Қалған 31,025 млн. теңгегесі үйлер мен ғимараттарды салу есебінен, 88,8 млн. теңге машина мен жабдықтар сатып алу есебінен, яғни жергілікті бюджет есебінен тартылды.
Тұрғын үй
Былтырғы және биылғы жылдың қаңтар-наурыз айында 284 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынды, былтырғы жылмен салыстырғанда -163,2 пайыз. Құны 88,352 млн. теңгенің құрылыс монтаж жұмыстары атқарылды. Оның ішінде 59,352 млн. теңге Спорт модуль салу, 29 млн. теңге жеке тұрғын үй, мал базы мен гараж құрылысы.
Кіші бизнес
Қаңтар-наурыз айында 15 кіші бизнес тіркеуде түр, былтырғы жылмен салыстырғанда 100 пайыз. Оның ішінде белсенді 9 кіші бизнес тіркеуде, былтырғы жылмен салыстырғанда 150 пайызға өскен. «Бақанас» ЖШС, «Абай Көркем» ЖШС, «Абай елі» ЖШС-гі белсенді кіші бизнес қатарына кірді.
Бюджет
2012 жылы аудан бюджеті 1 млрд. 942 млн. 750 мың теңгеге бекітілді. Жергілікті бюджет 163 млн. 638 мың теңгеге жоспарланды.
3 айда меншікті кірістер 36094,0 мың теңгеге жоспарланып, ол 55812,3 мың теңгеге орындалды немесе 154,6 пайыз.
Бюджет шығысы 435472,5 мың теңгеге жоспарланған. Ол 427128,8 мың теңгеге орындалды, яғни 98,1 пайыз. Қаржы қалдығы 8343,7 мың теңге. Оның ішінде; Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен үйден оқылатын мүгедек балаларды жабдықтап, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз етуге арналған қаржыдан, облыстық білім басқармасы себепсіз қате жоспарлағандықтан 7030,7 мың теңге үнем қалып, оны алдағы маслихатпен алу жоспарланып отыр. Жетім баланы асыраушыларға арналған қаржыдан 99,0 мың теңге қалдық қалды. Өйткені жоспарланған 18 бала саны 17-ге азайып отыр. Мемлекеттік сатып алудан 1038,1 мың теңге үнемделді. Оның ішінде 656,0 мың теңгесі аудан әкімі аппаратында негізгі құрал-жабдықтар сатып алуға тиесілі қаржы. 175,9 мың теңге 40 бюджеттік бағдарлама әкімшілігіндегі ұсақ қаржылар.
Қысқы жылыту маусымы
Ауданның әлеуметтік–мәдени және әкімшілік нысандарын 2011-2012 жылдардағы қысқы от жағу маусымына дайындауға іс-шаралар бекітілген. Аудан бойынша:
Барлығы 16 жылу қазандығы бар. Оның ішінде, қатты отынмен жанатын 11 дана, электр желісімен жылытылатын 7 білім саласы мекемелері, 8 денсаулық сақтау нысандары дайындалып, апатсыз, қалыпты жұмыс істеуге жұмыстар жүргізіліп, от жағу маусымында қалыпты жұмыс жасауда.
Аудан бойынша 2011 – 2012 жылдарға 25,008 мың тонна көмір қажет деп жоспарланған. Жоспарланған көмір толықтай тасылған.
Сумен қамтамасыз ету
Аудан бойынша бүгінгі күні 7 елді мекенде су құбыры жұмыс жасап (Қарауыл, Кенгірбай би, Архат, Қасқабұлақ, Құндызды, Медеу және Саржал), халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде.
Аудан тұрғындары мен мекемелерді ауыз сумен жергілікті «Риза» КМҚК қамтамасыз етеді. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы аудан бойына 84,6 шақырым, 18 скважина бар.
Аудан халықтарын сумен қамтамасыз ету үшін 2012 жылға жергілікті бюджеттен 9 145,0 мың теңге қаражат бөлініп, жергілікті «Риза» КМҚК-мен келісім шарт жасалған. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айында оның 2202,0 мың теңгесі игерілген.
2011 жылы орындалған Саржал ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының жобасына кірмей қалған Саржал ауылындағы 181 үйге су құбыры жүйелерін тартуға жобалық – сметалық құжат дайындатуға ашық конкурс өткізуге хабарлама берілді. Конкурс қорытындысы бойынша «Семейпроект» ӨК-і жеңімпаз болып анықталды. Келісім-шартқа отырып, жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жолдар
Абай ауданы бойынша жолдар жүйесі 372,91 шақырым. Оның ішінде 293 шақырым облыстық маңыздағы жолдар, қалған 79,91 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар.
2012 жылға аудан бюджетінен аудандық маңызды жолдарды қысқы-жазғы ұстау, күтіп ұстауға 10264,0 мың теңге бөлінген. Қаңтар-наурыз айында 2569,0 мың теңгесі игерілді. Қысқы мерзімде жолдарды қалыпты және қауіпсіз жағдайда ұстауға байланысты жол техникалары үздіксіз жұмыс жасауда.
Әлеуметтік қолдау
Қаңтар-наурыз айында 36 отбасыға және 133 отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек 1660,0 мың теңге төленді. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 1637 балаға 5200,0 мың теңге, тұрғын үй жәрдемақысы 36 жанұяға 800,0 мың теңге төленді.
Аз қамтамасыз етілген жанұяларға аудан бойынша демеушілік арқылы 84 адамға 557,2 мың теңгенің көмегі отындай, азық-түлік, ақшадай көрсетілді. Үйде тәрбиеленетін және оқитын 24 мүгедек балаларға 846,0 мың теңге материалдық көмек төленді. Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерге облыстың жоғарғы оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 6949,0 мың теңге әлеуметтік көмек 28 балаға төленді.
55 жұмыссыз адам есепте тұр, жұмыссыздық деңгейі 0,7 пайыз. Жұмыссыздарды әлеуметтік жағынан қолдау көрсету және жұмыссыздықты азайтудың бір түрі ақылы қоғамдық жұмысқа 87 адам жіберілді. Жұмыссыз азаматтарға, кәсіптік білім беру және қайта даярлықтан өткізу мақсатында 12 адам оқуға жіберілді. Жастар іс тәжірибесіне жоғарғы және арнаулы оқу орындарын бітіріп келген 7 жұмыссыз жастар жіберілсе, әлеуметтік жұмыс орындарына аз қамтамасыз етілген жұмыссыз 3 адам жіберілді. Жиыны 40 жұмыссыз адам жұмысқа орналасты
Білім беру
Бүгінде аудан бойынша 10 орта білім беретін, 1 негізгі мектеп жиыны 11 білім мекемесі жұмыс істейді. Оның 7-і шағын құрамды, 1- орта мектеп, 1 гимназия және 1 мектеп-лицей ретінде жастарға білім мен тәрбие беруде. Сонымен қатар 2 қосымша білім беру мекемесі – саз және өнер мектептері, 3 балабақша, 9 шағын орталық жұмыс жасайды. Жұмыс атқарып отырған 3 балабақшада 382 бала, мектептер жанындағы 9 шағын орталықта 364 бала тәрбиеленіп отыр.
Денсаулық сақтау
Абай аудандық медицина бірлестігі құрамында кеңес-диагностикалық емхана, 50 төсектік аурухана, 7 дәрігерлік амбулатория, 2 медицина қызметкері ғимаратсыз жұмыс жасайды. Ауданда 39 дәрігер, 93 орта медицина қызметкері халыққа медициналық көмек көрсетуде.
Демография
Аудан бойынша 2012 жылы негізгі демографиялық көрсеткіштер бойынша туған бала саны –31, қайтыс болғандар саны –39 адам, табиғи өсім -8 адам. Аудан бойынша келген адамдар саны –354 адам, ал кеткені -774 адам. Көші-қон сальдосы -420 адам. Аудандағы халық саны 15410 адам.
Абай ауданы бойынша 2012 жылғы инвестициалық жоба
-
Қарауыл ауылындағы «Нива» дүкенін өлкетану мұражайы етіп қайта жөндеу – құны 48,038 млн.теңге облыстық бюджет есебінен.
Достарыңызбен бөлісу: |