Анаңсыз сен сөз түсінбес шаласың
Біле алмаймыз кейде бірақ бағасын
Сөздеріңіз сақталады жадымда
Алыс кетсем алаңдайтын Анашым
Сағынады,кейде тіпті жылайды
Аман жүрсін деп Алладан сұрайды
Уайымдатпай,биіктерден көрінсең
Осы ғана Анашыңа ұнайды
Берер саған,қолда тұрса барлығы
Сен деп өтер әр түн менен әр күні
Уақытында бағасына жетейік
Соқпай тұрған кезде өмір салқыны
Ең бірінші сөзіміз Ана болған
Ана деген өмірде дара болған
Мама емес адамдар Ана деші
Мама емес,Ана ғой пана болған
Анашым,ардақтым ау,ақ жүрегім
Сіз барда қорықпаймын сақ жүремін
Қолдауыңыз бар кезде өзіңіздің
Адаспаймын,Өмірді нақ сүремін
Қандай ана мықты десе аян дер ем
Менің анам ең мейірімді,ең көркемі
Атыңыздан айналдым Баян деген
Достарыңызбен бөлісу: |