Зере Досжан,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Аударма ісі»
мамандығының 2
курс магистранты
АБАЙДЫҢ «ҚАРТАЙДЫҚ, ҚАЙҒЫ ОЙЛАДЫҚ, ҰЙҚЫ СЕРГЕК...»
ӨЛЕҢІНІҢ ОРЫС, АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ АУДАРМАЛАРЫ
«ҚАРТАЙДЫҚ, ҚАЙҒЫ ОЙЛАДЫҚ, ҰЙҚЫ СЕРГЕК...» – Абайдың 1886 ж. жазған
өлеңі. Өлең 4 тармақты 12 шумақтан тұрады. Өлеңде ақын өз заманы жайлы ой толғайды және
замандастарының жақсы, жаман қасиеттерін сыни тұрғыдан сипаттайды. Алғаш 1909ж.
Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты
жинақта жарияланды. Туынды ағылшын, араб, белорус, қарақалпақ, қырғыз, латыш, орыс,
өзбек, украин, үйғыр т. б. тілдерге аударылған.[1] Абай Құнанбаевтың өлеңдерін алғашқы-
лардың бірі болып орыс тілінде К.Н. Кудашев 1897 жылы жазып алған. Бұл қолжазбаларда
Абайдың өлеңдері, оның орыс тіліндегі
аудармасы және Қозы-Көрпеш, мақалдар және ертегі,
т.б. берілген. Құнды жинақты 1946 жылы Ленинградтағы Бүкілодақтық География қоғамы
архивінен Ә. Марғұлан тапқан.
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,
Ашуың – ашыған у, ойың – кермек.
Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық,
Кім көңілді көтеріп, болады ермек? [2,17 ].
Аудармашының алғашқы шумақты барынша дәлме-дәл аударуы маңызды.
Себебі
алғашқы шумақта өлеңнің тақырыбы беріледі және де басты айтылар ой айқындалады.
Төменде Д.Бродский аудармасының алғашқы төрт тармағы берілген.
Вот и старость.
Скорбны думы,
чуток сон,
Ядом гнева дух угрюмый распален.
Мыслью не с кем поделиться! Кто поймет,
Кто ободрит, услыхав твой тяжкий стон? [ 3,44].
Д.Бродский алғашқы жолды «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Вот и старость.
Скорбны думы, чуток сон» деп дәлме – дәл аударма жасаған. Абай түпнұсқаның алғашқы
жолын көпше түрде жазған. Ақын өз ішкі қаймыққан көңіл – күйін оқырмандарымен бөлісіп,
оларға заман жайлы, жақсы мен жаман жайлы баяндайды. Д.Бродский болса осы жолда көпше
түрді пайдаланбаған. Соның әсерінен Абайдың өлеңі орыс тілінде тек өзгеге сың айтып, өзін
елден жоғары санайтын ақынды елестеді. Ал аударманың екінші жолын «Ядом гнева дух
угрюмый распален» қазақ тіліне кері аударатын болсақ, мынадай жол шығады: «Ашу уымен
түнерген рух күйіп-жанды». Аудармадағы
Распален ядом гнева тіркесін қарастырайық.
Sozdik.kz бойынша,
Распалиться гневом, ашу қысу деп аударылады. Түпнұсқада ешқандай
түнерген рух жайлы айтылмаған. Бұл әрине Абайдың «Ашуың – ашыған у, ойың – кермек»
деген өлең жолына мағыналық жағынан сәйкес келмейді, керсінше жаңа мағына қосады. Ал
енді, Абайдың өлеңіндегі осы жолды сөзбе – сөз орыс тіліне аударатын болсақ, мынандай жол
шығады: «Гнев – прокисщий яд, мысль – горька». Абай өз өлеңінде метафоралық қатынастағы
тең дәрежелі екі бөлікті пайдаланған, ал аудармада бұл метафоралық құрылым сақталмаған.
Аудармашы метафораны аудармада пайдаланбаған, бір сөйлеммен қарапайым жеткізген.
Үшінші «Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық» тармақ «Мыслью не с кем поделиться! Кто
поймет» болып балама тәржімаланған. Аударманың барынша сәйкес, түпкі мағынасы жеткі-
зілген.
Түпнұсқадағы «Кім көңілді көтеріп, болады ермек?» делінген төртінші жол Д.Бродский
нұсқасында «Кто ободрит, услыхав твой тяжкий стон?» «Ауыр зарыңды(мұңынды) естігенде
сені кім қолдайды» болып аударылған. Әрине бұл дәлме – дәл, балама аудармадан гөрі
аудармашы өз ойынан қосқан, жаңа сөздермен өзертілген, еркін аудармаға сәйкес. Себебі
түпнұсқадан мағынасы мен құрлымы алшақтап кеткен. Түпнұсқада Абай «Кім көңілді көтеріп
болады ермек» деп өзі жеткен білім шыңынан сұхбаттасар, ой бөлісер замандасын таба алмай
кейігендей. Аудармашы мағынаны ашып қөрсетпей үшінші «Мұңдасарға кісі жоқ сөзді
ұғарлық», «Мыслью не с кем поделиться! Кто поймет» жолдағы айтылған ойды төртінші «Кто
ободрит, услыхав твой тяжкий стон?» «Ауыр зарыңды(мұңынды) естігенде сені кім қолдайды»
жолда қайта жалғастырған.
Төменде берілген жолма – жол аударма 1944 жылы басылып шыққан «Абай (Ибраһим)
Кунанбаев. Однотомник» жинағында кездеседі. Бұл кітап Ғ.Мүсіреповтың басшылығымен
жасалынған. Осы кітаптағы жолма – жол аудармаға назар салайық:
Вот и старость. Скорбны думы, чуток сон,
Ядом гнева дух угрюмый распален.
Стал далек и непонятен людям он.
Тот кто молод – постареет, а родившийся умрет [5,8].
Аударманың алғашқы екі жолы Д.Бродский тәржімасымен бірдей болып келген. Ал
үшінші жолды аудармашы өз жанынан жаңа сөздер қосып еркін аударма жасаған.
Түпнұсқадағы «Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық» деп келетін үшінші жол «Стал далек и
непонятен людям он» деп бұрмаланып аударылған. Абай «Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық»
деп өзімен тең дәрежеде, өзі жеткен білім шыңынан сұхбаттасар, ой бөлісер замандасын таба
алмай кейігендей. Бұл жердегі «он» сөзі өлеңге жаңа мағына қосып тұр. Ал аудармашы «стал
далек и непонятен людям он» деп (
дум) ой, (дух) рухты яғни нені меңзеп тұрғаны нақты
көрсетілмей оқырманға түсінбеушілік тудырады. Ал төртінші жол аударылмай тасталып кетіп
бірден бесінші жол басталып кетеді. Жолма-жол аудармада поэтикалық ырғаққа, ұйқасқа аса
үлкен мән берілмесе де түпнұсқадағы әр сөзді бұрмаламай, тастамай, алмастырылмай,
барынша дәлме – дәл жеткізілуі қажет. Жолма – жол аударманы көбіне аудармашылар келе-
шекте көркем аударма жасауда өз еңбектерінде қолданылатын түсіндірмелі
аударма болып
табылады.
Келесі, Ю.Кузнецовтың аудармасын қарастырамыз.
Старость,тяжкие думы,стал чуток твой сон,
Яд и горечь – твой гнев,желчью ум поражен.
С кем печаль разделить,кто бы слово ценил?
А найдется такой, не утешит и он [3,46].
Ю. Кузнецов алғашқы жолды «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Ста-
рость,тяжкие думы, стал чуток твой сон» (Қарттық, ауыр ойлар, сенің ұйқын сергек болды)
деп аударған. Әрине бұл аудармада сөздер дәлме-дәл сәйкес келген. Алайда аудармашы көпше
түрде айтылған тармақты, жекеше түрде екінші жақта «Старость,тяжкие думы, стал чуток твой
сон» (Қарттық, ауыр ойлар, сенің ұйқын сергек болды) берген. Соның әсерінен Абайдың өлеңі
орыс тілінде тек өзгеге сың айтып, өзін елден жоғары санайтын ақынды елестеді. Түнұс- қада
ақын керсінше өз ішкі көңіл-күйін оқырманмен бөлісіп, халқына сыр шертіп тұрғандай. Екінші
«Ашуың – ашыған у, ойың – кермек» делінген жолда, Ю.Кузнецов «Яд и горечь – твой
гнев,желчью ум поражен» (У мен күйініш– сенің ашуын, умен ақыл-ойың зақымдалған
) деп
көркем аударып метафоралық қатынасты пайдаланған. Дегенмен аудармашы осы жолдағы
екінші «ойың – кермек» бөлікті ,«желчью ум поражен» (умен ақыл-ой зақымдалған)деп бала-
ма аударма жасаған.
Кермек сөзінің орыс тілінде
горький сөзі тура аудармасы болып келеді.
Ал аудармашы
кермек сөзін зақымдалу сөзімен алмастырған.
«Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық, Кім көңілді көтеріп, болады ермек?» деген екі
тармақты, «С кем печаль разделить,кто бы слово ценил? А найдется такой, не утешит и он»
деп тәржімалаған. Бұл жердегі көңілді көтеру,ермек болу тіркестері
орысша нұсқада сөзді
бағалау, жұбату сөздерімен алмасқан.
Келесі Б.Момышұлының жолма-жол аудармасын қарастырамыз
«Постарели,печали думали,сон чуток,
Гнев-прокисший яд,мысли – желчь(зловонны)
Поделиться грустью нет человека, способного понять,
Кто же будет наперскником (забавой),
Способным душу видеть?»[3,42 ].
Жолма – жол аударманы көбіне аудармашылар келешекте көркем аударма жасауда өз
еңбектерінде қолданылатын түсіндірмелі аударма болып табылады. Аудармадағы «Ашуың –
ашыған у, ойың – кермек» секілді метафоралық тіркестерді аудармашы «Гнев-прокисший
яд,мысли – желчь (зловонны)» (ашу- ашыған у,ойың – ыза) деп аударған. Бұл аударма түп-
нұсқа мағынасына балама болғанымен
кермек сөзі орысша
горький деп аударылады. Түп-
нұсқада ой кермек болып тұрса, ал аудармада ойды ызаға теңеген. Алайда бұл сөздер өлең
мазмұнын айтарлықтай өзгертпеген. Келесі екі жолды «Кто же будет наперскником (забавой),
способным душу видеть?» (Кім болады сырласым, көңілді аулайтын, жан дүниені көре ала-
тын?) тәржімалаушы балама аударма жасаған. «Кім көңілді көтеріп, болады ермек?» делінген
тармақта Абай өзімен сырласар ақылды жолдас іздеп отырғандай.
Осы тармақтағы ойды
толықтай жеткізу мақсатында аудармашы
наперсник (жолдас), «способным душу видеть?»