Астана қ-сы 10 желтоқсан
БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
«Жас тұлпар - 2014» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін Астанада ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында, «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына арналған, «Жас тұлпар» сыйлығын табыс етудің ІІ –ші салтанатты рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі күні қарсаңына орай өтетін «Жас тұлпар» республикалық байқауы отандық патриотизмнің дамуына айтарлықтай үлесін қосқан жас таланттардың белсенділігін қолдауға бағытталған. Жеңімпаздарды анықтау мен сыйлықты беру туралы шешімді, құрамында партияның Саяси кеңесінің мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, республикамызға танымал қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері бар Байқау комиссиясы қабылдайды.
Атап айтсақ, ағымдағы жылы «Жас тұлпар» байқауына қатысуға еліміздің барлық өңірлерінен 230 өтініш түсті. Құжаттарды қабылдау 2014 жылдың 31 қазанында басталды.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде, «сыйлықтың негізгі мақсаты – белсенді азаматтық ұстанымымен қазақстандық патриотизмді дамытуға айтарлықтай үлесін қосып жатқан талантты жастарды қолдау. Сондықтан да сыйлықтың терең символдық мәні бар. «Жас тұлпар» студенттік қозғалысы өткен ғасырдағы 60 жылдардың басында Тәуелсіздікті армандаған, мәдени ерекшелігін, тілін, дәстүрі мен тарихи мұрасын сақтап қалуға ұмтылған қазақ жастарының ынта-жігерінің арқасында дүниеге келген болатын» дегенді айтты.
Сыйлықтар 7 аталым бойынша берілді:
-
Аталым «Азаматық қорғаныс саласындағы кәсіби қызметі үшін» - Арғын ҚУАНОВ, Павлодар облыстық ІІБ қызметкері (а.ж. қарашасында «Қызылорда –Павлодар» бағытында 50 оқушыны апаратын автобусқа жол бастап келе жатқанда, алдарынан автокөлік шыға келіп, Арғын мен оның серіктесі еш ойланбастан соққыны өздеріне қабылдады. Балалардың ешқайсысы да зардап шеккен жоқ).
-
Аталым «Мемлекеттік тіл саясаты саласындағы жетістіктері үшін» - Оксана ПЕТЕРС, Astana TV тележүргізушісі (10 жыл бойы қазақ тіліндегі жаңалықтар шығарылымының үздік тележүргізушісі болып келеді, сондай-ақ, ол қазақ тіліндегі «Біз біргеміз» қайырымдылық тележобасының жүргізушісі болып табылады);
-
Аталым «Әдебиет саласындағы жетістіктері үшін» - Серік СЕЙІТМАН, «Шалқар» радиосының бас редакторы (бірнеше кітаптардың авторы - «Қазақтың қаны», «Қырсық қызға қолтаңба», «Қара шаңырақ», «Домбыра»);
-
Аталым «Білім мен ғылым саласындағы жетістігі үшін» - Ұлықбек ҚАЙЫРОВ, Назарбаев Университеті, Өмір туралы ғылымдар орталығындағы биоинформатика және ісіктің есептеуші жүйелік биологиясы тобының жетекшісі (жас ғалым ісік ауруларын зерттеуге және геномды мәліметтерді анализдеудің жаңа әдістерін құруға бағытталған биоинформатика аймағындағы ғылыми-зерттеу жобаларының авторы және жетекшісі болып табылады).
-
Аталым «Спорт саласындағы жетістіктері үшін» - Илья ИЛЬИН, қазақстандық ауыр атлет (екі мәрте олимпиада чемпионы, төрт мәрте әлем чемпионы, Азия ойындарының екі мәрте чемпионы. Сонымен бірге 94 кг салмақта жұлқа көтеру (233 кг) мен қоссайыс жиынтығындағы (418 кг) және 105 кг салмақта жұлқа көтеруден (242 кг) әлем рекордшысы.
-
Аталым «Мәдениет пен өнер саласындағы жетістігі үшін» - Жанар ДОҒАЛОВА, қазақстандық әнші және композитор («Turkvision-2014» халықаралық байқауының жеңімпазы);
7.Аталым «Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы қоғамдық-саяси белсенділігі үшін» - Евгений РИБАЛКО, «КазБренд» қоғамдық қорының директоры (Қазақстандағы скаут қозғалысы ұйымы кеңесінің мүшесі, «Еуразия өңірінің Джамбориі» жастар слетінің ұйымдастырушысы, «Менің елім –Мәңгілік ел» жастар этнографиялық автоэкспедициясының жетекшісі).
Әр аталым бойынша 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді.
Сыйлықтарды Қазақстан халықтары Ассамблеясы Төрағасының орынбасары –Ералы Тоғжанов; ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі және «Жас тұлпар -2014» комиссиясының төрағасы Мәулен Әшімбаев; ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов; Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Нұрлан Ерімбетов, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыханов; Қазақстандағы көптеген ақындар айтысының жеңімпазы Айнұр Тұрсынбаева сынды белгілі адамдар, елімізге танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері табыс етті.
2013 жылы «Жас тұлпар» сыйлығын иеленгендердің есімін атай кеткіміз келеді: олар - актер Нұрлан Әлімжанов, әнші Артур Сүлейменов (бүркеншік есімі Emir Franc), бокстан әлем чемпионы Данияр Елеусінов, өрт құтқарушысы Еркін Бейсекенов (2013 жылдың шілдесінде Ақтөбе қаласында болған өрт кезінде 4 баланы ажалдан аман алып қалған), әнші, «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі Ибрагим Ескендір (Лондон олимпиадасында орындалған оның әні нағыз хитқа айналды), шахматшы, мектеп оқушыларының арасында күшті шахматшы титулын иеленген Жансая Әбдімәлік (12 жасында гроссмейстер болды), Шымкенттің учаскелік полицейі Тұрар Артықбаев (2009 жылдың желтоқсанында қызметтік борышын атқару барысында қылмыскердің оғынан өз денесімен адамды қорғап қалып, ерлік көрсеткен)
Анықтама үшін:
Студенттік «Жас тұлпар» қозғалысы 1963 жылғы 5 қарашада құрылған. Қозғалыстың белсенді қатысушылары Москваның, Ленинградтың, Киевтің, Одессаның, Риганың 800-ден астам студенттері болды. Ұйым Қазақстанда тұратын жастар үшін де идеялық дем беруші болды. Түрлі қалаларда – Қарағандыда «Жас қазақ» , Семейде «Тайшұбар» сияқты бірлестіктер құрылды. Белгілі «Дос Мұқасан» ансамблі осы кезеңде және дәл осы «Жас тұлпардың» ықпалымен пайда болды.
60-70-жылдары студенттік «Жас тұлпар» қозғалысының қатысушылары Мұрат Әуезов, Марат Сембин, Ғаділбек Шалахметов, Мырзатай Жолдасбеков, Тимур Сулейменов, Ерсайын Тәпенов, Гүлжан Бейбітова, Әміржан Әлпейісов және басқалар болды.
2013 жылы «Жас тұлпар» қозғалысына 50 жыл толды. Мерейтой құрметіне жазушы Әміржан Әлпейісов 60-70-жылдардағы жастар қозғалысы туралы «Жас тұлпар» дүбірі» атты кітап шығарды.
«Жас тұлпар» қозғалысының мерейтойын мерекелеу шеңберінде 2013 жылы «Нұр Отан» партиясы осы қозғалыс атындағы сыйлықты тағайындаған еді. Аталған сыйлықты тағайындау «Нұр Отан» партиясы Саяси Доктринасының мәдениет пен өнерді дамыту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен нығайту, Қазақстан халқының ынтымағын қамтамасыз ету бағытындағы мақсаттарына сай келеді.
www.nurotan.kz; www.twitter.com/Nur_Otan; www.facebook.com/nurotan.kz;
http://instagram.com/nur_otan; http://www.flickr.com/people/99240259@N06/;
e-mail: pressa.nurotan@gmail.com тел: +7 7172 55-55-63, +7 7172 55-55-96
Достарыңызбен бөлісу: |