Қ. Жұбанов университеті
№6 ӨСӨЖ
«Абайтану» ғалымы XX ғасыр басында Алаш қозғалысымен бірге қалыптасты. «Қазақ»
газеті
Абай кітабын нәсихаттап, оқырманға Абай ақлияларын ұсынып отырды. Алаш көсемдері
өздерімен бірге Абай кітабын үнемі бірге алып жүрді. Оларды Үкімет тұтқындағанда Абай кітабы
да бірге тәркіленді. «Абай өлеңдерінің» 1909 жылы Петербордағы алғашқы, 1922 жылы
Қазандағы екінші һәм Ташкенттені үшінші басылуының басы қасында Алаш оқығандары болды.
1924 жылы Ташкентте Абай кітабы 10 мың тираж және 1928 жылы Қызылорда да 40 баспа
табағымен 10 тиражбен басылуы жоспарланды. Бірақ, түрлі
саяси себептерге байланысты
жарық көрмеді. Тек, 1933 жылы Қызылордада Абай кітабы 6000 тиражбек толық басылды.
Төменде XX ғасыр басында Абайтанудағы жетістіктер мен кедергілерге қысқаша
тоқталамыз.Абайтанудың көшін бастап берген және қалыптастырған Алаш қозғалысының
жетекшілері болатұғын Әрине, «Абайтанудың» тұп қазығы және негізін қалаушы Алашорда
көсемі – Әлихан Бөкейхан еді. Әлихан Бөкейхан ең алғаш Абай туралы деректерді жинап,
қолжазбаларымен танысқан «Абайтанушы». Сонымен қатар
Абай ұрпақтарымен де қою
байланыста болды. Әлихан Бөкейхан Кәкітайды алғаш 1900 жылы Семейде көргенін айтады.
Абай қайтыс болған соң, «Абай марқұмның өлеңін кітап қылып басыңдар!» - деп, балаларына
хат жазады. «1905 інші жылы апрел аяғында Кәкітай,Абайдың жазба кітабын алып, Омбыға
маған келді. Кәкітай біздің үйде бірер жұма жатты. Абай, Пушкин,
Лермонтов сөздерін бірге
оқып, мәз-майрам болдық. Анық таныстық ... сонан бері саясат ісінде бір одақ болдық» [1].
Әлихан Бөкейхан Абай ұрпақтарына Абай өлеңдері мен қолжазбаларын жинақтап алғаш
баспаға беруге, кітабын шығаруға кеңес береді. «1905 інші жылғы жазғытұры саясат ісі не
екенін біздің «Қазақ» оқушылары білер» - деп, саяси жағдайларға байланысты Абай кітабының
баспа бетін көрмегенін тілге тиек етеді. Демек, 1905 жылғы саяси жағдайлар Абай кітабының
баспа бетін көруін кешіктірген алғашқы кедергілер еді. Ал өзі Абай Құнанбайұлы туралы 1905
жылы «Семипалатинский листок» газетінің 25 қараша, жұма күнгі №250 санында «Абай
(Ибрагим) Кунанбаев» деген тақырыппен жазба жариялады. Бұл Абайдың алғаш жарияланған
өмірбаяндық дерегі болатұғын. Бұл жазбада Әлихан
Бөкейхан ақынның туған жері, шыққан тегі
туралы айта келіп, Абайдың Тобықты руынан екені, арғы аталары Ырғызбай, Өскенбайлар
туралы һәм әкесі Құнанбайдың ел басқарғаны және қажыға барғанын да жаза кетеді. «Абай 60
қа қараған шағында өмірден озды. Ол 1845 жылы (жылан жылы) туылып, 1904 жылы (қоян
жылы) қайтыс болды» [2] деп, даталарды нақты атап көрсетеді.
Абайдың әр нәрсені білуге
ерекше құштарлығы мен ой зерделігінің арқасында қазақтың ғұламаларының халық аузындағы
нақыл сөздерін, мақалдарын және ертегілерін еркін меңгергенін айтады. Сонымен қатар орыс
әдебиетімен өте таныс екенін баяндайды.
Осылайша, алаш көсемі Әлихан Бөкейханнан бастау алған «Абайтану» үрдісін Ахмет
Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы жалғастырды. Абай һәм «Абай кітабы» туралы жазбалар
«Қазақ» газеті арқылы кең көлемді таралып «Абай кітабын» оқушылар һәм
қазақтың қалам
ұстаған ағартушылары Абай өлеңдерін дәйексөз ретінде қолдану үрдісі қалыптасты. Абайға
арнап кеш өткізу, Абай атында қираатхана ашу мәселелері т.б игі іс- шараларды
ұйымдастырыла бастады. Әрине мұндай іс-шаралар ақынның өз туған жері Семейден бастау
алған-ды. «Қазақ» газеті Семейде Абай құрметіне қираатхана ашуға талпынғаны бастамышы
Райымжан Мәрсеков екенін жазады [9].
Сонымен қатар, Семейде Абай құрметіне арнап «Әдеби
кеш» өткенін, Нәзипа Құлжанованың Абай туралы орысша баяндама оқығаны һәм Абай әндері
шырқалғанын, жұрттың шаттанғанын, кештің мәнде де сәнді болғанын жазады [10].Абай
Құнанбайұлының шығармалар жинағы Қазақстан ағарту кемесериятының 1927-1928 жылғы
Қызылордадан басып шығаратын қазақ тілінде кітаптарының планына да кірген. Жалпы бұл
пыланда қазақ тіліндегі мектеп оқулықтары мен әдеби басылымдардан 88 кітапты әр түрлі
тиражбен жалпы 1 миллион 220 мың тиражбен басу планы еді. Соның ішінде «Абай
Құнанбайұлының шығармаларының толық жинағы» 40 баспа табақ, 10 мың тиражбен 1928
жылы февралда басып шығару жоспарланған [17]. Бірақ түрлі саяси себептерге байланысты
Абайдың толық жинағы басылмай қалады. Соңында Алашордашыл
деп айпталған алғашқы
«Абайтанушылар»: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек
Аймауытұлы, Мұқтар Әуезұлы қатарлы азаматтар саяси қудалауға ұшырап, тұтқындалады.
Абайдың толық жинағы тек 1933 жылы ғана Мұқтар Әуезұлының жинақтауымен Абай
Құнанбайұлы «Толық жинақ» деген атпен Қызылордағы «Қазақстан баспасы» жағынан 6000
тиражбен жарық көреді[].
Қорыта айтқанда: түрлі кедергілерге қарамастан 1909
жылғы алғашқы басылым, 1922 жылғы
екінші һәм үшінші басылымнан соң 1933 жылғы төртінші басылымы ғана Қазақстанның өз
териториясында толықтай жарық көріп, бүгінгі ұрпаққа жетті. Бұл барыста Абай еңбегі
нәсихатталуы – түрлі жетістіктер мен кедергілерге ұшырады.