І ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Халықты жұмыспен қамтудың түсінігі және оның түрлері
Жұмыссыздық - экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың бiр бөлiгiнiң еңбек рыногында қажет болмай қалуына байланысты әлеуметтiк-экономикалық құбылыс болып табылады.
Жұмыссыздар - жұмысы, табысы (кiрiсi) жоқ, лайықты жұмыс iздеп жүрген және оған кiрiсiп кетуге әзiр, еңбекке жарамды жастағы азаматтар.
Боc орын - жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (қызмет); ұзаққа созылған жұмыссыздық - 12 және одан да көп айға созылған жұмыссыздық болып табылады. [1,1]
Жұмыспен қамтылу - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне қайшы келмейтiн жеке қажеттерiн қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кiрiс әкелетiн қызметi.
Табысы аз адамдар - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы адамдар.
Қоғамдық жұмыстар - атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлықтан өтуiн талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшiн жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi органдардың жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi.
Жұмыспен нәтижелi қамтылу - тұрақты экономикалық өсу мен әлеуметтiк нәтиженi қамтамасыз ететiн жұмыспен қамтылу.
Рантье - негiзгi кiрiс көзi несиеге берiлген ақшадан немесе сатып алынған бағалы қағаздардан алатын проценттер болып табылатын тұлға.
Еңбек рыногы - экономикалық тұрғыдан белсендi халыққа сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала.
Өз бетiнше жұмыспен айналысушылар - өздерiн кiрiс әкелетiн жұмыспен қамтамасыз еткен еңбекке жарамды азаматтар.
Еркiн таңдап алынған жұмыс - азаматтардың өздерiнiң еңбекке, жұмыс орны мен кәсiптi таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы таңдап алған қызметi.
Жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау - осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешенi.[1,2]
Еңбек делдалдығы - уәкiлеттi органның, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттiгiнiң жұмысқа орналастыру iсiнде халыққа көрсететiн жәрдемi.
Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган - жергiлiктi атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу iсiн және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган).
Нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар ретiнде осы заңмен белгiленген адамдар топтары.
Орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестiріп отыратын мемлекеттік орган. [1,3]
Жеке жұмыспен қамту агенттiгi - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсететiн кез келген жеке және заңды тұлға.
Экономикалық тұрғыдан белсендi халық (жұмыс күшi) - еңбекке жарамды жастағы адамдар (экономикада жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар).
Экономикалық тұрғыдан енжар халық - экономикалық тұрғыдан белсендi халықты есепке алу үшiн белгiленген жасқа толмаған адамдарды да қоса алғанда, жұмыс күшi құрамына кiрмейтiн халық, жұмыс iстемейтiн және жұмыс iздемейтiн азаматтар, оның iшiнде: үй шаруасындағы әйелдер, жұмыс iстемейтiн мүгедектер, жұмыс iстемейтiн зейнеткерлер, оқушылар мен студенттер, күндiз оқыту нысанындағы бөлiмдердiң тыңдаушылары мен курсанттары (магистратура мен аспирантураны қоса алғанда), рантье, сондай-ақ жылжымалы немесе жылжымайтын мүлiктi жалға беруден кiрiс алатын өзге де тұлғалар. [1, 2]
Жұмыспен қамтылған халыққа:
1) жеке еңбек шартымен жұмыс iстейтiн, оның iшiнде толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшiн жұмыс орындайтын немесе өзге де ақы төленетiн жұмысы (қызметi), кiрiсi бар;
2)кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын;
3)өз бетiнше жұмыспен айналысатын;
4) қосалқы кәсiпшiлiкпен айналысатын және өнiмдi шарттар бойынша өткiзетiн;
5)жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын азаматтар, сондай-ақ өндiрiстiк кооперативтердiң (артельдердiң) мүшелерi;
6) ақы төленетiн қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе бекiтiлгендер;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық қауiпсiздiк органдарында, Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерiнде, Республикалық ұланда, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң бөлiмдерiнде және өзге де әскери құралымдарда қызмет өткерiп жүрген азаматтар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |