Абдразаков б. Б


Халықаралық ұйымдар құқығы –



бет30/37
Дата13.06.2022
өлшемі0.88 Mb.
#459196
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37
Халықаралық процесс

Халықаралық ұйымдар құқығы – халықаралық ұйымдардың құрылуы, құқықтық жағдайы және қызметіне қатысты мәселелерді реттейтін қағидаттар мен нормаларды біріктіретін қазіргі халықаралық құқықтың саласы болып табылады.
Халықаралық ұйымдар құқығы көбінесе халықаралық құқықтың саласы ретінде танылады. Сонымен қатар, бұрыңғыдай халықаралық құқық жүйесінің ішкі құрылымына, оның ішінде, халықаралық ұйымдар құқығының мұнда алатын орны мәселесі әлі де болса шешілмеген. Х1Х ғ. орта шенінде тұрақты қызмет етуші халықаралық ұйымдардың пайда болғанына дейін халықаралық қатынастардың негізгі түрі болып тікелей мемлекеттер арсындағы қатынастар есептеліп келеді. Кейіннен келсе, яғни халықаралық ұйымдардың пайда болуымен бірге халықаралық ұйымдар шеңберіндегі халықаралық қатынастар пайда болады. Оларға:
-мемлекеттердің халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасы;
-мүше мемлекеттердің халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасы;
-халықаралық ұйымның оның мүшесі болып табылмайтын басқа да мемлекеттермен қарым қатынасы жатады;
Жоғарыда аталып кеткендермен қатар, ұйымдар арасында да қарым-қатынастар туындайды. Сонымен халықаралық қатынастардың жаңа түрлерінің пайда болуы олардың халықаралық құқық нормаларымен реттелу қажеттілігін көрсетеді.
Халықаралық құқықта құқықтық реттеудің өзіндік нысанасы – халықаралық ұйымдар шеңберіндегі халықаралық қарым-қатынастар пайда болады. Халықаралық ұйымдардың қызметі барысында нормативтік база құрылады. Халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалған шарттар снының өсуі- халықаралық ұйымдардың шарттық құқығының қалыптасуының көрінісі болып келеді.
Құқық ғылымындағы құқық саласын бөліп қарастыру өлшемі ретіндегі құқықтық реттеу әдістерінің ролі жайындағы мәселелер төңірегінде әр түрлі көз-қарастар бар. Реттеудің халықаралық құқықтық әдісінің мазмұнын қарастыра отырып, біз осы әдістің құқықтық қарым-қатынас қатысушылары теңдігі өздеріне ерікті түрде міндеттемелерді жүктеуі және құқықтардың тараптардың келісімі арқылы үстемділік элементтерінсіз сиақты белгілермен сипатталатынын көре аламыз.
Халықаралық ұйымның қызмет етуі, оның органдарының әралуан қызметтері белгілі бір құқықтық тәртіптің орнығуына әкеледі. Халықаралық құқық жүйесіндегі халықаралық ұйымдар құқығынан басқа бірде- бір құқық саласының құқықтық реттеу әдісінде ерекшелігі жоқтығын ескере отырып, бұл сала дербес сала ретіндегі мәнге ие болатынын басып айтуымызға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет