Қаулысымен бекітілген



Дата23.02.2016
өлшемі232.12 Kb.
#5982
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 13 қыркүйектегі

1195 қаулысымен



бекітілген

 


«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер



 

1. «Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган): 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен бекітілген Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) 6-қосымшасы, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына және 48-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 440 қаулысымен бекітілген азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және жөндейтін ұйымды сертификаттау қағидасы (бұдан әрі - Қағида), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 446 қаулысымен бекітілген авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары (бұдан әрі - сертификаттық талаптар) негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты: www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналасқан.

5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және жөндейтін ұйымның сертификатын (телнұсқасын) беру не қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын дайындаған сертификаттық зерттеуге алдын ала қорытындыны алған күнінен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері - күнтізбелік 30 күн;

2) телнұсқаны беру мерзімі - күнтізбелік 10 күн;

3) осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған кезде уәкілетті органда кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;



4) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын (телнұсқа) алған кезде уәкілетті органда кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.

9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.



Мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету уәкілетті органның дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдайлар жасалған, күту және құжат толтыру, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілерден үзінділер (үзінді көшірмелері) көрсетілген стенділермен қамтамасыз етілген ғимараттарында жүзеге асырылады.



Уәкілетті органда жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында жеке және заңды тұлғаларға арналған шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат алу үшін мынадай құжаттарды ұсына отырып, өтініш береді:



1) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсететін және жөндейтін (АТТҚЖ) ұйым жарғысының көшірмесі;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі;

3) АТТҚЖ ұйымының қаржы-экономикалық жай-күйі туралы анықтама;

4) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес АТТҚЖ ұйымының қызметі жөніндегі басшылығы;



5) Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламалары (регламенттері) туралы мәліметтер;

6) АТТҚЖ ұйымының бекітілген құрылымы;

7) АТТҚЖ ұйымының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелер;

8) АТТҚЖ ұйымының штат кестесі;

9) АТТҚЖ ұйымының командалық-басқарушылық құрамы туралы мәліметтер және білімдері туралы тиісті құжаттардың көшірмелері;

10) АТТҚЖ ұйымының командалық-басқарушылық құрамының қызметтік нұсқаулары;

11) авиациялық техника түрлері бойынша жұмыс түрлері мен босатулар түрлерін көрсете отырып, АТТҚЖ ұйымының инженерлік-техникалық персоналдар тізімі;

12) қозғалтқышты іске қосу және сынауға инженерлік-техникалық құрамды босату туралы ақпарат;

13) сақтандыру полистері мен медициналық анықтамалардың әрекет ету мерзімдері туралы ақпараттары көрсетілген базадан тыс әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетулерді орындауға арналған экипаж құрамындағы ұшуды орындауға босатылған АТТҚЖ ұйымының инженерлік-техникалық құрамы адамдарының тізімі;

14) АТТҚЖ ұйымының қызметтері жүзеге асырылатын қолданыстағы құжаттар тізбесі;

15) АТТҚЖ ұйым және келісімшарттың мәні мен әрекет ету мерзімдерін көрсете отырып, азаматтық авиацияның ғылыми-зерттеу ұйымдары немесе авиациялық техниканы әзірлеушілері, өңдеушілері бекіткен шарттардың тізбесі;

16) АТТҚЖ ұйым және келісімшарттың мәні мен әрекет ету мерзімін көрсете отырып, азаматтық авиацияның өзге тарапты ұйымдары арасындағы техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға бекітілген шарттардың тізбесі;

17) АТТҚЖ және азаматтық авиацияның жөндейтін ұйымдары арасындағы авиациялық техниканы жөндеуге бекітілген келісімшарттардың мәні мен әрекет ету мерзімі көрсетілетін келісімшарттардың тізбесі;

18) келісімшарттың мәні мен әрекет ету мерзімін көрсете отырып, АТТҚЖ ұйымы қызметін метрологиялық қамтамасыз етуге бекітілген келісімшарттардың тізбесі;

19) келісімшарттың мәні мен әрекет ету мерзімін көрсете отырып, АТТҚЖ ұйымы инженерлік-техникалық құрамына техникалық оқыту жүргізу және біліктіліктерін жоғарылатуға бекітілген келісімшарттардың тізбесі;

20) келісімшарттың мәні мен әрекет ету мерзімін көрсете отырып, жерүсті қызмет ету құралдары және жалға алынатын ғимараттарды қолдануға бекітілген келісімшарттардың тізбесі;

21) келісімшарттың мәні мен әрекет ету мерзімі көрсетілген ұшу ақпаратын өңдеуге және талдауға бекітілген келісімшарттардың тізбесі;

22) әрбір әуе кемесіне берілетін ақпарат:

халықаралық ұшуларды орындау үшін орнатылған қосымша қондырғылар тізімі;

әуе кемесінің жеке ерекшеліктері (қажеттілігіне қарай);

нақты жұмыс жасалуы, шектеулі ресурстары бар әуе кемесі, қозғалтқыштар және агрегаттардың тағайындалған және жөндеуаралық ресурстары;

23) мекеменің ТҚжЖ бойынша қызметтер көрсететін коммерциялық пайдаланушылар тізімі;

24) қосалқы мердігерлік мекемелер тізбесі;

25) барлық әуе кемелері бойынша ұшу жарамдылығы, бюллетендер директиваларының орындалу мәртебесі.

Ескертпе: осы тармақтың 15), 16), 17), 18) 19), 20), 21) тармақшалары бойынша осы жұмыстарды өзге ұйымдар орындауы кезінде жүзеге асырылады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарға өтінім беруші күнтізбелік 30 күн ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын дайындаған сертификаттық зерттеуге алдын ала қорытындыны қоса береді.

Мемлекеттік қызметті алушы азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйым сертификатының телнұсқасын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға еркін нысандағы өтініш және мемлекеттік қызметті алушы жүргізген қызметтік тексеру материалдарын осы стандартта көзделген тәртіппен ұсынады.

12. Белгіленген үлгідегі өтініш нысаны уәкілетті органның www.mtk.gov.kz сайтында орналасқан.

13. Осы стандарттың 11-тармағында санамаланған құжаттар уәкілетті органның кеңсесіне осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша ұсынылады.

14. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы талон береді.

15. Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын (телнұсқасын) уәкілетті органның қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жеке келуі кезінде берілген сертификаттарды есепке алу және тіркеу журналында қол қою арқылы береді.

16. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылады, егер:



1) ұсынылған осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар  Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;

2) мемлекеттік қызметті алушы ұсынатын қызметкердің сертификаттық талаптарға сәйкес келмесе.

Мемлекеттік қызметті алушыға осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.



Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын қабылдаған мерзімнен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарау туралы жазбаша түрде дәлелді жауап береді.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары



 

17. Уәкілетті органның қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.



 

 

4. Жұмыс нәтижелері



 

18. Уәкілетті органның жұмыс нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі



 

20. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін уәкілетті органның қызметкерлері мына мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне мына мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, кеңсенің телефоны: 8 (7172) 24-14-19.



Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-дан 14:30-ға дейін.

22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда, шағым уәкілетті орган басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

23. Мемлекеттік қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда жазылады.

25. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағымды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты, күні мен уақыты, жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта не электрондық пошта арқылы хабарланады.

26. Уәкілетті органның сенім телефоны: 8 (7172) 24-31-65.

 

«Азаматтық авиацияның авиациялық



техникаларына техникалық қызмет

көрсету және оны жөндеу жөніндегі

ұйымның сертификатын беру»

мемлекеттік қызметтің стандартына



1-қосымша

 

Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсететін
және жөндейтін (АТ ТҚ және Ж) ұйымның
сертификатын алуға арналған өтінімнің
үлгі нысаны

 

1. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның атауы _________________________________________________________________________

2. Ұйым тіркелген жер және тіркеу нөмірі (шифры)

_______________________________________________________________________________________________________________

3. Өндірістік базаның орналасқан жері:______________________________________________________________________________

4. Пошталық мекенжайы _________________________________________________________________________________________

5. Телефон _____________________________________________________________________________________________________

6. Телеграф ____________________________________________________________________________________________________

7. Факс ________________________________________________________________________________________________________

8. Есеп шоты ___________________________________________________________________________________________________

9. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) _______________________________________________________________________________

10. Электрондық мекенжайы ______________________________________________________________________________________

11. Өтінім беру себебі (керегінің астын сызу):

1) АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның сертификатын алуға арналған бастапқы өтінім;

2) АТ ТҚ және Ж бойынша жұмыстар түрлерінің (кешендерінің) тізбесін толықтыру;

3) авиациялық техника үлгілерінің тізбесін толықтыру;

4) кезекті мерзімге арналған сертификаттау;

5) АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның сертификатын кері қайтарып алғаннан/күшін жойғаннан кейінгі сертификаттау;

6) АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның негізгі деректерін өзгерту;

7) басқа да себептер (көрсету).

12. Өтінімнің мазмұны

Мен, төменде қол қойған,______________________________________________________________________________________

(ұйым басшысының Т.А.Ә.)

______________________(күні)__________________ бекітілген (тіркелген)

 

Жарғының (Ереженің) негізінде әрекет ететін техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды мынадай авиациялық техникада төменде көрсетілген қызмет түрін орындау құқығына сертификаттау жүргізуді сұраймын:

 

ӘК, қозғалтқыштың,АТ бұйымының үлгісi

Қызмет нысаны

ТҚ жедел түрлері (көрсету)

ТҚ кезеңдік түрлері (көрсету)

Жұмыстардың басқа түрлері (көрсету)

 

 

 

 

 

13. Өтінім беруші Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы заңнамасының талаптарын мойындайды және орындауға міндеттенеді.

14. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету үшін жауапты басшы құрам:

 

Лауазымы

Т.А.Ә.

Қолы

АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның басшысы

 

 

Сапаны бақылау (кепілдік) жөніндегі бөлімшенің басшысы

 

 

 

«Азаматтық авиацияның авиациялық



техникаларына техникалық қызмет

көрсету және оны жөндеу жөніндегі

ұйымның сертификатын беру»

мемлекеттік қызметтің стандартына

2-қосымша

 

 

Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және
жөндеу ұйымның қызметі бойынша нұсқау

 

Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсететін және жөндейтін (АТ ТҚ және Ж) ұйымның қызметі бойынша басшылық мынаны қамтиды:

1. Жалпы бөлім:

1) АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі бойынша нұсқау пен онда көрсетілген барлық өзге басшылықтарға сәйкес қызметті жүзеге асыру кезінде ұйым қызметінің сертификаттық талаптарға сәйкестігін растайтын декларация (жауапты менеджер қол қойған);

2) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі ұйымның сәйкестігін қамтамасыз ету үшін тағайындалған тұлғалардың өкілеттіктерін бөлу мен өзара байланысын көрсететін АТ ТҚ және Ж ұйымның ұйымдық құрылымы;

3) АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның өндірістік базасының жалпы сипаты;

4) сертификаттау талаптарын сәйкес тағайындалған инженерлік-авиациялық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың міндеттері, жауапкершілігі және өкілеттіктері;

5) сұрау салынған бекітудің саласына сәйкес ұйымның қызмет саласының сипаты; әуе кемелерінің (ӘК) үлгілері мен олардың құрауыштарының және АТ ТҚ және Ж бойынша ұйым орындайтын техникалық қызмет көрсету түрлерінің тізбесі;

6) халықаралық ұшуды орындауға арналған қосымша жабдықты орнатуға байланысты АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның әрбір түрінің техникалық қызмет көрсету регламенттерін және технологиялық нұсқауларды толықтыру туралы ақпарат;

7) халықаралық ұшуды және тиісті даярланған техникалық персоналы жоқ әуежайларға ұшуды орындаған кезде әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы ақпарат;

8) авиатехникаға техникалық қызмет көрсетуге рұқсатының болуын қоса алғанда, пайдалануға рұқсат беру сертификатына қол қоюға уәкілеттік берілген жіберуімен персонал туралы мәліметтер;

9) техникалық қызмет көрсету кезінде ұшудың кауіпсіздігін басқару жүйесі;

10) объективті бақылау құралдарын пайдалана отырып, ұшу ақпаратын жинауды ұйымдастыру, ашып оқу және пайдалану туралы ақпарат;

11) қызмет жөніндегі басшылыққа оны жаңарту мақсатында түзетулер енгізу рәсімі және оларды уәкілетті органның бекітуі;

12) сертификаттау талаптарға сәйкес ұйымдағы өзгерістер туралы хабарлау рәсімі;

13) ТҚ бойынша желілік/сыртқы желілік станциялар болса, олардың тізбесі.

2. Техникалық қызмет көрсетуді орындау рәсімдері:

1) сертификатталған ең жоғары ұшу массасы 5700 кг асатын әуе кемелеріне қатысты істен шығу, жарамсыздықтар, ақаулар және басқа да оқиғалар туралы ақпаратты уәкілетті органға жеткізуді жөнелту рәсімі;

2) авиация техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымда үлгі сертификатын ұстаушы немесе үлгі конструкциясына жауапты ұйым жіберетін ұшу жарамдығына қатысты барлық қажетті мәліметтерді алу, өзгерту және тарату рәсімі;

3) формулярды, борттық техникалық журналды, конфигурацияда рұқсат етілетін ауытқулар тізбесін және ең аз жабдықтардың тізбесін пайдалану жөніндегі рәсім;

4) техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентті) сипаттайтын рәсім;

5) директиваларды және ұшу жарамдылығы жөніндегі бюллетеньдерді орындауды және есепке алуды сипаттайтын рәсім;

6) міндетті емес пысықтауларды орындауды сипаттайтын рәсім;

7) істен шығу мен жарамсыздықты есепке алуды сипаттайтын рәсім;

8) түсуді ұйымдастыру, тіркеу және өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қоса алғанда, пайдалану құжаттамасын жүргізу рәсімі және ТҚ бойынша жазбаларды сақтау рәсімі;

9) пайдалануға рұқсат беру сертификатын беру рәсімі (кеңес кезінде шығарылған әуе кемелерінен басқа), осындай сертификат қол қойылуға жататын шарттар мен жағдайлар;

10) рұқсат етілген кейінге қалдырылған істен шығуды жою рәсімі;

11) планер, күш беретін қондырғы, жинақтаушы бұйымдар компоненттер) бойынша сенімділікті бақылау бағдарламаларын сипаттау;

12) құйылатын отынның сапасы мен санын бақылау бойынша рәсім;

13) әуе кемелерін мұздануға қарсы өңдеуді бақылау бойынша рәсім;

14) әуе кемесінің бақылау ұшып өту рәсімі;

15) авиациялық техника жұмыстарына инженерлік-техникалық құрамды жіберу және осы жұмыстарға рұқсат етуді растайтын құжаттарды сақтау рәсімі;

16) инженер-техникалық құрамды авиациялық-техникалық дайындау бойынша рәсім.

3. Қауіпсіздік пен бақылау және/немесе ұйымдастыру сапасы мен бақылау жүйесі рәсімдерін қамтамасыз ету және/немесе сертификаттау талаптарға сәйкес белгіленген сапаны қамтамасыз ету саласында ұйым саясатын сипаттауды қамтитын АТ ТҚ және Ж бойынша ұйым сапасы жөніндегі басшылық.

 

«Азаматтық авиацияның авиациялық



техникаларына техникалық қызмет

көрсету және оны жөндеу жөніндегі

ұйымның сертификатын беру»

мемлекеттік қызметтің стандартына

3-қосымша

 

 

Өтініштің қабылданғаны туралы талон

 

1. Өтінішті тіркеу нөмірі ______________________________________________________________________________________

Өтініштің тіркелген күні 201__жылғы «__» _______________________________________________________________________

2. _________________________________________________________________________________________________________

(көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі)

3. _________________________________________________________________________________________________ қабылданды.

(мемлекеттік қызметті алушы өкілінің аты-жөні)

4. Қоса берілетін құжаттар саны _____ мен тізбесі:

1) _____________________________________________________________________________________________________________

2) _____________________________________________________________________________________________________________

3) _____________________________________________________________________________________________________________

4) _____________________________________________________________________________________________________________

5) _____________________________________________________________________________________________________________

6) _____________________________________________________________________________________________________________

7) _____________________________________________________________________________________________________________

8) _____________________________________________________________________________________________________________

9) _____________________________________________________________________________________________________________

5. Қабылдаған:

_____________________________________/ _______________/ _____________

(Уәкілетті орган қызметкерінің лауазымы) (қолы)           (Т.А.Ә.)

6. Құжатты беру күні (уақыты) және орны: 20___ жылғы «__» __________ ___ сағ.___мин, ________________________ мекенжай бойынша.

 

«Азаматтық авиацияның авиациялық



техникаларына техникалық қызмет

көрсету және оны жөндеу жөніндегі

ұйымның сертификатын беру»

мемлекеттік қызметтің стандартына

4-қосымша

 

 

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің алдыңғы жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақыттылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының %-ы(үлесі)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3. Қолжетімділігі

3.1.Қызмет көрсету сапасына және оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)

 

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы(үлесі)

 

 

 

 

«Азаматтық авиацияның авиациялық



техникаларына техникалық қызмет

көрсету және оны жөндеу жөніндегі

ұйымның сертификатын беру»

мемлекеттік қызметтің стандартына

5-қосымша

 

 

Талон

 

_____________________________________________________________

(субъектінің атауы)

Өтінімді қабылдаған ___________________________________________

(маманның Т.А.Ә.)

20___ ж. «__» _________ ___ сағат ___ мин.

Тапсыру мерзімі және жауап алу орны 20__ жылғы «___» _______ дейін,

_____________________________________________ мекенжай бойынша.

 

(мөлшері 75 мм х 55 мм)

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет