Абылай ханның 300 жыл толуына орай өткізілетін «Абылайдың орындалған арманы» атты облыстық ақындар мүшәйрасының ережесі



Дата26.02.2016
өлшемі37.29 Kb.
#26478
Абылай ханның 300 жыл толуына орай өткізілетін «Абылайдың орындалған арманы» атты облыстық ақындар мүшәйрасының
ЕРЕЖЕСІ
Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы Абылай ханның 300 жыл толуына орай облыстық ақындар мүшәйрасын жариялайды.

1. Мүшәйраның мақсаты:

Мүшәйра «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 – 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыру, қазақ тілінің байлығын, көркемдігін өлең-жыр арқылы көрсете білу мақсатында өткізіледі. Жыр сайысы тіл көркемдігін жетілдіру, құнарландыру, өлең өрнектерін зерделей отыра халықты тілін, ділін, елін, жерін қадірлеуге шақыру мақсатын көздейді.



2. Мүшәйраның тақырыбы:

«Абылайдың орындалған арманы», яғни біртұтас жері, біртұтас халқы, біртұтас болашағы бар Қазақ елі болуымызға ең басты себепкер болған, ар мен намысты ту еткен Абылайдай ұлы ханның қадыр-қасиеті, оның асқақ тұлғасы жылдар өткен сайын бүгінгі hәм ертеңгі ұрпақтың тәуелсіз тарихи санасында жаңғыра беретіні сөзсіз ақиқат.



3. Байқау шарттары:

Мүшәйра мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі.

Мүшәйраға 18 жастан жоғары ақындар қатыстырылады.

Мүшәйраға әрбір қатысушы бұрын еш жерде жарияланбаған бір өлеңін тапсыруы тиіс, шығарма көлеміне шек қойылмайды.

Аталмыш жыр мүшәйрасына қатысу үшін ақындар, компьютермен терілген өлеңнің мәтінін, жеке куәлігінің көшірмесін, өзі туралы шағын мәліметті, мекенжайы мен байланыс телефондарын конвертке салып, сыртына бүркеншік атын жазып тапсырады. Бүркеншік аты жоқ және уақытынан кеш тапсырылған материалдар қабылданбайды.

Қазылар алқасының іріктеуінен өткен өлеңдер арнайы жинақ болып жарияланатын болады. Сондықтан, тапсырылатын материалдардың электрондық нұсқалары міндетті түрде tilbaskarma@mail.ru, nukenov_87@mail.ru электрондық мекенжайларына жолдануы тиіс.

Жыр мүшәйрасы 2013 жылғы 12 желтоқсан күні өтеді (орны мен нақты уақыты қоса хабарланады). Сайыс жеңімпаздарына (бас жүлде және 1, 2, 3-орындар) дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Мүшәйраға қатысушылар Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасына 2013 жылдың 28 қарашасына дейін құжаттарын тапсыруы қажет.

Біздің мекенжайымыз: Көкшетау қаласы, Сәтбаев к-сі, №1«Б», 3-қабат, 315-кабинет.

Анықтама телефондары: 40-14-20, факс 40-11-69


ПОЛОЖЕНИЕ
об областном поэтическом состязании (мушайра)

в честь 300-летия Абылай хана

на тему «Свершившаяся мечта Абылая»
Управление по развитию языков Акмолинской области объявляет о проведении областного состязания поэтов (мушайра) в честь 300-летия Абылай хана на тему «Свершившаяся мечта Абылая».

Цель мушайры:

Реализация «Областного плана мероприятий на 2011-2013 годы по реализации Государственной программы развития и функционирования языков в Республике Казахстан на 2011-2020 годы», показ поэтическими средствами богатства, художественной мощи казахского языка.



2. Тема мушайры:

«Свершившаяся мечта Абылая», то есть, всестороннее раскрытие государственной деятельности Великого хана, посвятившего свою жизнь укреплению Казахского ханства и освобождению родных земель от захватчиков. Нынешнее поколение казахстанцев получило возможность жить в независимой стране, о которой он мечтал. Сегодня мы должны сказать слова благодарности нашим героическим предкам, великому Абылаю, не забывать о своей славной истории, о великой силе единства народа.



Условия конкурса:

Мушайра проводится на казахском и русском языках.

Возраст участников - от 18 лет и выше.

От каждого участника на конкурс допускается одно произведение ранее нигде не опубликованное. Объем произведения не ограничен.

Для участия в конкурсе в оргкомитет представляется конверт, в который вкладываются текст произведения, набранный на компьютере, копия удостоверения личности автора, краткая биография автора, адрес места жительства, контактные телефоны. На конверте указывается псевдоним автора. Произведения, представленные с нарушением этих требований, без указания псевдонима и позже установленного срока, оргкомитетом не принимаются.

Произведения, отобранные жюри конкурса, будут опубликованы в сборнике. В связи с этим электронные варианты представляемых материалов следует выслать в обязательном порядке на электронные адреса tilbaskarma@mail.ru, nukenov_87@mail.ru.

Конкурс состоится 12 декабря 2013 года (место проведения и время будут сообщены допольнительно). Победители мушайры (гран-при и 1, 2, 3-места) будут награждены дипломами и ценными подарками.

Участники мушайры должны направить вышеуказанные материалы в Управление по развитию языков не позднее 28 ноября 2013 года.



Наш адрес: г.Кокшетау, ул. Сатбаева, 1«Б», 3-этаж, 315-кабинет.

Телефоны для справок: 40-14-20, факс: 40-11-69;

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет