Қабылдаған: Ергөбекова ж орындаған: Бегман Аяулым Тобы



Дата02.05.2024
өлшемі114.03 Kb.
#500296
Жаңартылған бөж Бегман Аяулым


Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті

Тақырыбы: «Мінсіз мұғалім және оқушылардың жеке ерекшеліктері »
Қабылдаған: Ергөбекова Ж
Орындаған: Бегман Аяулым
Тобы: ФҚӘ-211
Менің ойымдағы мінсіз мұғалім - біліктігімен қатар, оқушылардың жанын түсіне алатын психолог, қиындықтардан өз шешімімен шыға алатын жан-жақты ұстаз. ХХІ ғасырдың педагогтары ізденімпаз, шығармашыл, заманауилігімен қатар, жаһандық заманда бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелей алуы тиіс.
Нағыз мұғалім барлық жағдайда әділеттілік танытып, өз бағасын бере алады. Оқушыға білім беріп қана қоймай, қоғамға және ұлтына пайдалы саналы ұрпақ тәрбиелейді. Нағыз заманауи педагогта қандай қасиеттер болу керек? деген сұрақты талдайық. Біріншіден, мұғалім алдындағы оқушыларын бағындыра алуы үшін шешен болуы тиіс және олардың назарын өзіне аудара алатындай дикциясы мен интонациясы таза болуы тиіс. Оқушыларды бағындыра алмаған мұғалімнен оқушы білімді толық ала алмайды. Екіншіден, ұстаз ізденімпаз, үнемі даму үстінде, білімін үнемі толықтырып отыруы тиіс. Білімін жетілдіруде тоқтамаған ұстаз оқушыға талап қоя алып, сөзі өтімді болады. Үшіншіден, педагог заман талабына сай ақпараттық технологияларды меңгерген, жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша құрал-жабдықтарды қолдана отырып, оқушылармен айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым дағдыларымен жұмыс жасай алуы тиіс. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімдердің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру арқылы білім сапасын арттыруға көмектеседі. Төртіншіден, ұстаз- тәрбиеші, жаһанданған заманда оқушыны бәсекеге қабілеттілікке, патриоттылыққа және ұлтына қызмет етуге тәрбиелей алу тиіс. Саналы, ұлтжанды ұрпақ- елдің болашағы. Бесіншіден, мұғалім- сыртқы келбеті де мінсіз болуы керек. Себебі, оқушы мұғалімге қарап өсіп, еліктеп мектептегі ұстазы сияқты болуды армандайды. Алтыншыдан, нағыз мұғалім өнерлі, шығармашыл болуы тиіс. Жаһандық заманда жан-жақтылық маңызды болып табылады. Сонымен қатар шараларды ұйымдастыра алуы тиіс. Жетіншіден, кез келген қиындыққа тап болған жағдайда, тапқырлығымен, даналығымен оны шеше алуы керек. Педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді анализден өткізіп, талдау жасай алуы қажет. Сегізіншіден, шебер ұстаз- психолог. Нағыз ұстаз оқушының жанын терең түсіне алып, жүрегіне жол таба алады. Оқушының жас ерекшеліктеріне сай мәселесін анықтай алып, оны шеше алады.
Оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі- сапалы білім беру. Сапалы білім беру дегеніміз- ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жан-жақты тұлға тәрбиелеу болып табылады.
Жаңартылған оқу бағдарламасына сай оқушы теорияда алған білімдерін практикада көрсете алуы тиіс. Дағдылар бойынша алған білімдерін өмірде қолдана алуы керек. Мектеп қабырғасында заманауи технологияларды меңгеруі керек. Сонымен қатар теория алып қана қоймай, пәнаралық байланыспен алған білімін ұштастыра алуы тиіс. Бұл заманауи педагогқа қойылар талап.
Мұғалім біріншіден тұлға қалыптастырушы. Осыған орай, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты тұлға болып қалыптасуына түрлі зерттеулер жүргізілген.
Балалар қарым-қатынасында алуын түрлі тұлғааралық байланыстар өзгермелі үрдісі бала тұлғасы сана-сезімнің дамуына ықпал етеді: алдымен оқудағы жетістіктерін дәл бағалауға қатысты, екіншіден жеке тұлғаның моральдық қасиеттеріне байланысты. Қарым -қатынас барысында белгісі жұмысты атқаруға орай қасиеттер емес, баланың тұлғасы оның адамгершілігі үлкен маңызға ие болады.
Бастауыш мектеп жасында келесі кезеңдерге өтуді қамтамасыз ететін тұлғалық әлеует қалыптасады. Орта және жоғарғы сыныптарда жеке тұлғаның тұрақты құрылымы қалыптасады. Оқушылардың өмірі туралы анық түсінігі қалыптасады.
Тұлғаның құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады. Біріншіден, оның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру, екіншіден, азаматтық өркениеттті тұлғаға біртіндеп сіңіру, үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әркетке өндіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру. Тұлғаны қалыптастыруда осы үш компонент тығыз бірлікте қызмет етеді.
Қорытындылай келе, мұғалім оқушыға білім беріп қана қоймай, қоғамға және ұлтына пайдалы қызмет ететін тұлға қалыптастырушы. Мінсіз адам жоқ. Дегенмен, мінсіз мұғалім болу ұмтылу нағыз педагогтің міндеті. Мұғалім ұлттың болашағын құраушы, бәсекеге қабілетті, саналы, үш тілді меңгерген ұрпақты тәрбиелеуші.
Пайданылған әдебиет:


« Оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері» реферат. https://stud.kz/referat/show/104737

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет