Бағдарламасын енгізуші мұғалімдердің «Жүректер үндестігі»



Дата17.07.2016
өлшемі27.88 Kb.
#205287
түріБағдарламасы
Қостанай облысы білім мекемелеріндегі «Өзін-өзі тану» бағдарламасын енгізу бойынша эксперименталды алаңдарда істейтін мұғалімдердің шығармашылық бірлестігнің

ЕРЕЖЕСІ


І. Жалпы ережелер


    1. «Өзін-өзі тану» бағдарламасын енгізуші мұғалімдердің «Жүректер үндестігі» шығармашылық бірлестігі – қазақстандық қоғамның үйлесімді, жоғары көзқараспен және жалпы адамгершілік рухани құндылықтармен және кәзіргі заманның этикалық стандарттарымен сәйкес, әлеуметтік жетілген жаста (19-20 жас) өзін-өзі жетілдіретін, өзін-өзі іске асыратын тұлғасын қалыптастыруға іс-әрекеті бағытталған дербес бірлестік.

    2. Тұлғаның жан-жақты, дербес, шығармашылық дамуын, адамның адамгершілік-рухани тәрбиесін қамтамасыз ететін білім берудегі бар теория мен пракиканың ғылыми талдауына негізделген,әлеуметтік- педагогикалық бастамаларды нәтижелі жүзеге асыру үшін жағдай жасауға бағытталған іс-әрекет эксперименталдық деп есептеледі.


ІІ. Шығармашылық бірлестік жұмысының мақсаттары мен міндеттері


  1. Шығармашылық бірлестік жұмысының мақсаты – өзін-өзі Тани, жетілдіре,бекіте, анықтай, тәрбиелей және жүйелей алатын шығармашылық тұлғаның дамуына бағытталған адамның адамгершілік-рухани дамуы саласында алынған білімдерді нәтижелі практикалық қолдану бойынша ұсыныстарды құрау және курстың мазмұнын жан-жақты зерттеу.

  2. Задачи:

- курстың мазмұнын зерделеу;

- адамның адамгершілік-рухани дамуы бойынша зерттеулерді жүзеге асыру негізгі бағыттарын анықтау;

- «Өзін-өзі тану» курсы енгізілетін эксперименталды алаңдар жұмысының мониторинг механизмін;

- эксперименталдық алаңдардың нәтижелігін сараптау;

- мектепке дейінгі мекемелер мен мектептер оқу-педагогикалық базасын есепке ала отырып мәселелердің шешімді жолдарын анықтау;

- мәселелер шешіміне ерекше әдістемелерді;

- «Өзін-өзі тану» курсының талаптары мен ісі, жүйелігі, ғылыми дәлелдігін, нәтижелігі мен мазмұндылығының ұйымдастырушылық біркелкілігін қамтамасыз ету;

- жаңашылдық жобалардың туындау, қолдау, таратылуы бойынша кешенді шараларды ұйымдастыру.




ІІІ. Шығармашылық бірлестік мүшелерінің құқықтары мен міндеттері


  1. Бірлестік мүшелерінің құқықтары:

- «Өзін-өзі тану» курсы бойынша эксперимент жүргізу;

- аталмыш курстың нәтижелігін зерделеу мақсатында әріптестерінің сабақтарына қатысу;

- ашық сабақтар өткізу;

- эксперимент бойынша жұмыстың әдістемесі мен нәтижелігін жариялау;

- «Өзін-өзі тану» курсы бойынша тәжірибесін қорытындылау;

- басқа пәндермен интеграциясын жүзеге асыру;

- курс енгізу барысында жаңашыл технологияларды пайдалану.

2. Бірлестік мүшелерінің міндеттері:

- бекітілген мерзімде өз жұмыс нәтижесі туралы басшылары мен құзіретті органдарды хабардар ету;



- түрлі деңгейлі әдістемелі форумдар мен ғылыми-практикалық конференцияларда мүмкіндігінше өз зерттеулерін.
ІV. Шығармашылық бірлестіктің жұмысын ұйымдастыру

  1. Эксперименталды алаңдардың педагогтарыэксперименттің жүргізілу барысы мен қорытындысы туралы талдау жүргізу мақсатында кварталда бір рет кеңеске жиналады, шығармашылық есеп береді, көрме ұйымдастырады, әрі қарай жүретін жұмыстардың жоспарын бекітеді, түрлі деңгейлі ғылыми-практикалық конференцияларда баяндама жасайды.

  2. Ашық сабақтар қатары және теориялық семинарлар арқылы аталмыш эксперименттің практикалық қолданылуын кеңінен насихаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет