Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, эконо- миканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дүрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.
Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы — бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғары таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті. Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс — жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу мүмкін емес еді. Бұл қадам нарық субъектілерін құру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысыпап да маңызды. Сондықтан да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады. Біз шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің барысында 1991—1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелен-дірілді, олардың қатарында ұжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды. Екінші кезең “Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993—1995 жылдарға арналған ¥лттық бағдарламасы” негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме-сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды. Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар “Жекешелендіру туралы” Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатымен жүзеге асырылды. 1999 жылдан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты. Төртінші кезеңде мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындагы өкілеттіктерді бөлуге жаңа көзқарас қолданыла бастады. Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ секторында — бұл “ҚазМұнайГаз”, энергетикада — “КЕГОК”, телекоммуникацияда— “Қазақтелеком”, темір жолда — “Қазақстан темір жолы”. Бірақ жекешелендіру барысында да кемшіліктер орын алды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңінде де (1991—92 жж. жэне 1993—95 жж.) мүліктің көпшілік бөлігінің талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып, экономиканың терең дағдарысқа ұшырауының басты себебінің біріне айналды. Сондай-ақ, елдің экспорта өнім шығаратын кәсіпорындары ескі әдетіне басып, өздерінің тауарларын эшелон-эшелонмен сыртқа жөнелте беруді ғана білді. Соның салдарынан республикадан 250 млрд. сомның өнімі сыртқа, негізінен алғанда Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне сутегін кеткен болып шықты. Сондықтан, бұл жағдай үкімет пен барлық экономикалық инсти- туттарды, Статистика мен Қолдау Комитетін қатыстыра отырып, терең талдау жасауды талап етті. Осымен байланысты 1994 жылдың қаңтарында Президент экономикалық реформаны жүргізуді жандан- дыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Онда дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы тұрақтандырудың 1994—1995 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды. Бағдарламада энерге- тикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қойылды, өндірістің құлдырауы тоқтатылып, экономиканы тұрақтандыру, инфляцияны ауыздықтау қажет екені айтылды. 1993 ж. 15 қарашада мемлекеттің өз ақшасы—теңге енгізілді. Сөйтіп, біз экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды нышаны — үлттық валютамыз теңгеге ие болдық. Бұл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсеңдетуге, ал 1995 жылы инфляция процесін ауыздықтауға мүмкіндік берді. Реформаның барысында 1994 жылдың күзінен үкімет макроэкономикалық реттеуді меңгере бастады. Бағаның өсуі біраз тежеліп, инфляцияның өсу қарқыны елеулі түрде төмендеді. Сол сияқты ұлттық банктің несиеге алатын пайызы да қауырт азайды. Ақша- қаражат саласында да осындай түзеліс байқалды. Өнеркәсіптің кей салаларында да оңға басушылық орын алды. Жалпы дағдарыстан шығудың, реформаны жүргізудің пәрменді құралының бірі — экономикалық орталық болу тиіс еді. Алайда, Министрлер кабинетінде реформаны ойластырып, алға бастыра- тын орталық болмады. Экономика министрлігі ондай орталық бола алмады. Нәтижесінде 1994—1995 жылдары дағдарысқа қарсы шаралар мен реформаны тереңдету бағдарламасы орындалмай қалды. Макроэкономикалық тұрақтандыру және қүнсыздануды тоқтатуға қол жетпеді, тиімді сыртқы сауда саясатын жасау да көңілдегідей болмай шықты, әлеуметтік саясат та халықтың басым көпшілігінің наразылығын өршіткені болмаса, разы етпеді.
Өзінің бүкіл кемшіліктеріне қарамастан іс жүзінде аяқталған жекешелендіру процесі нақты бәсекелестік үшін базалық жағдайларды қүруға жеткізді. Қазіргі кезде республика өнеркәсіп өнімінің 85 процентке жуық көлемі жекеменшік секторда өндіріледі.
Нарықтық реформаға көшудегі жіберілген тағы бір қате — ол үкімет басшыларының елдің экономист ғалымдарына сенбеуі. Оның себебі бізде бүған дейін нарықтық экономика болмады, сондықтан біздің экономистер нарыққа көшудің жолдарын, тетіктерін білмейді деп есептелді. Сондықтан нарықтық экономикаға көшу үшін кеңесші ретінде экономист-ғалымдар АҚШ-тан, Франциядан, Түркиядан, Ресейден т.б. жерлерден шақырылды. Бірақ олар өз елінде маман болғанмен, біздің жағдайды, халықтың менталитетін, психологиялық ерекшеліктерін ескермеді, тіпті білмеді де. Олардың білетіні Батыстың дамыған, қалыптасқан нарықтық экономикасы еді. Оған қоса ТМД елдерінде экономикалық дағдарыс капиталистік қоғамға тэн классикалық артық өндіру дағдарысы емес, жетіспеушілік дағдарысы болатын. Екіншіден, ол елдерде ертеден тауар өндірісі, тауарлық қатынастар толық қалыптасқан. Ал бізде бұлар болған жоқ. Үшіншіден, ТМД елдерінде социалистік экономикадан нарықтық экономикаға көшу тез қарқын алды. Сондықтан шетел экономистерінің кеңесі тиісті нәтижесін бермей, аяқсыз қалды.
Нарықтық қатынастарға көшу барысында бізде орын алған тағы бір үрдіс бар. Ол сонау Қазан төңкерісінен кейінгі индустрияландыру, ұжымдастыру науқандары сияқты қоғам өміріндегі түбегейлі өзгерістерге революциялық сипат беру. Ал біздің халық бұл үрдіске үйренбеген және ол халықтың психологиясына келе бермеді. Әсіресе, ауыл шаруашылығын жекешелендіруде үкімет асығыстық жіберді. Дағдарыс жағдайында бой көтерген жеке фермерлер басқа халықты асырамақ түгіл, өзін-өзі әрең асырап отырды. Нәтижесінде 1993—1995 жылдарға арналған бағдарламалардағы инфляцияны төмендету, өндірістің құлдырауын тоқтату және өндірістің ұлғаюы үшін жағдайлар жасау жоспарынан еш нәрсе шықпады. Сондықтан мақсатты нұсқамалар түрінде 15 айға арналған қосымша бағдарлама қабылданды. Оның оң нәтижесі деп инфляцияның баяулауын айту- ға болады, бірақ өндірістің құлдырауын тоқтату мүмкін болмады.
1991 жылы өндірістің құлдырауы біршама тұрақты болған 1990 жылмен салыстырғанда 14,6%-ке, 1993 жылы — 28%-ке, 1994 жылы 48%-ке, ал 1995 жылы — 45%-ке жетті.
Қазақстан үкіметі осыдан кейін 1996—1998 жылдарға арналған жаңа бағдарлама қабылдады. Онда реформаның ең күрделі деген мәселелерін шешу маңызды орын алды. Алайда, бағдарламада көзделген жекешелендіруді аяқтау, бірыңғай холдингтік, шағын жэне орта кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығында қосымша 30 мыңға жуық шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарды қүру айтарлықтай нәтижелер берген жоқ.
Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалық құжатқа мүқтаж бо- латын. Олар “Қазақстан — 2030” ел дамуының Стратегиясын- да түжырымдалды. 1997 жылдың қазан айында Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқына “Қазақстан — 2030” деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе “Қазақстан барысын” қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді. Онда елдің ішкі бекем түстарын және сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, мемлекеттің дамуындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген. Олар:
1) ұлттық қауіпсіздікті сақтау;
2) ішкі саяси түрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту;
3) нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу;
4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру;
5) энергетика ресурстарын жете пайдалану;
6) инфрақұрылым, көлік және байланысты дамыту;
7) демократиялық кәсіби мемлекетті құру.
Тек осы аса маңызды шараларды іске асырғанда ғана Қазақстан халқының өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы мүмкін екендігіне сенім білдірілді.
“Қазақстан — 2030” бағдарламасының талаптарына орай соңғы жылдары еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, әлемдік стандарттарға сай түзілген заңнамалық-қүқықтық базаны жетілдіру жөнінде орасан зор жүмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, биліктің, сот жэне құқық қорғау органдарын қоса алғанда, оның барлық тармақтарының қүрылымы мен қызметінің қағидаттары едәуір жетілдірілді. Сондай-ақ, демократия мен азаматтық қоғам инсти- туттары даму жолына түсті. Қазақстан геосаяси кеңістікте әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде лайықты орын алды. Қалыптасқан әріптестік саяси және экономикалық қатынастар мемлекетімізді барлық дүние жүзі елдерімен байланыстыруға мүмкіндік берді. Қазақстан жетекші халықаралық ұйымдарда, соның ішінде, Б¥¥-да белсенді жұмыс жүргізіп, антиядролық қозғалысқа, жаппай қарусыздануға, бітімгершілік және терроризмге қарсы күрес ісіне лайықты үлесін қосып келеді.
“Қазақстан — 2030” стратегиясында көрсетілгендей, әсіресе, соңғы жылдары республикада тұрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалып отыр. Тек 2000—2002 жылдары жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсімі 35,5 пайызды құрады. Сау- атты макроэкономикалық саясат еліміздің халықаралық беделін едәуір көтеруге жағдай жасады. Қазақстан бұл жылдары ТМД елдерінің арасында жан басына шаққанда шетелдік инвестициялар тарту жөнінен көш бастады. Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді: Ауқымды инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың көлемі 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде 25,8 миллиард долларды құрады, жан басына шаққанда Қазақстан ТМД-да 1- орынды алады.
1994 жылдан 2007 жылдың аяғына дейін еліміз өз экономикасына әлемнің 60 елінен 70 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартты. Бүгінде Орталық Азияға келген барлық инвестициялардың 80% Қазақстан еншісінде. Ал экономикаға қосылған ішкі инвести- циясының көлемі қазіргі күні 80 миллиард доллардан асып түсіп отыр. Сонымен қатар, Қазақстан басқа елдерден келген инвестиция көздерін өз экономикасын көтеру ісіне тиімді пайдалана отырып, енді басқа елдерге де инвестиция сала алатын донор мемлекетке ай- налды. Қазір оның қаржысы Ресей мен өңірдегі елдерге, Түркия мен Кавказ елдеріне, Қытай жэне басқа да алыс-жақын шет ел экономикасына салынып жатыр (Егемен Қазақстан. 15.12.2008).
Әлемдік деңгейдегі менеджмент қызметі құлдырау жағдайында болган аса ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді. Әлемдік рынокқа шығу және әлемдік шаруашылық байланысқа белсенді кірісу қамтамасыз етілді. (Н.Назарбаев. Жаңа кезең — жаңа экономика.— Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан 2004).
Достарыңызбен бөлісу: |