Қабылдау емтиханының бағдарламасы



Дата17.06.2016
өлшемі106.61 Kb.
#141591
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

6М072000- Бейорганикалық заттардың химиялық технология

мамандығы бойынша



ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Бекітемін

С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры

____________ А. Өрсариев


20__ж. «___»___________

6М072000- Бейорганикалық заттардың химиялық технология мамандығы бойынша


ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары негізінде әзірленген
Құрастырушы: х.ғ.к., профессор __________ Жапаргазинова К.Х.

Химия және химиялық технологиялар кафедрасы


Химия және химиялық технологиялар кафедрасының отырысында ұсынылған, 20____ж. «___»__________ №____ хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________Жапаргазинова К.Х.
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік

кеңесімен мақұлданған

20____ж. «___»__________ №____ хаттама

ОӘК төрайымы__________________Буркитбаева У.Д. 20____ж. «___»__________



КЕЛІСІЛДІ:
Факультет деканы _________________ Ахметов К.К. 20____ж. «___»__________



МАҚҰЛДАНДЫ:

АҚБД директоры ________________ Нургожин Р.Ж. 20____ж. «___»__________


Университеттің оку-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20____ж. «____»__________№ ______хаттама.
Емтиханды өткізу мақсаттары мен тәртібі
Емтихан мақсаты

«Бейорганикалық заттардың химиялық технология» бакалавриат мамандығында алған білімдерін тексеру мен бағалау болып табылады. Дайындық бағыт бойынша магистратурада оқыту химик бакалаврын жоғары білімнің жүйесінде жалғасы болып табылады және бакалавриаттың әзірлеуі және маманның бір үлгідегі оқу жоспар ескерілген пәндердің білімінде негізделеді.


Емтиханды өткізу тәртібі

Емтихан компьютерлік кешенді тест түрінде қабылданады. Емтихан мониторинг бөлімінде өткізіледі. Тест тапсырушы 100 минут уақытында 50 тест сұрағына жауап беруі тиіс.

Қорытынды баға комиссияның барлық мүшелерінің пікірлерін есепке ала отыра және балды – рейтингтік әріптік жүйеге сәйкес көрсеткен білімі үшін қойылады және С. Торайғыров атындағы ПМУ қабылдау комиссиясы болашақ магистранттар контингентіне ұсыныстар береді.

Емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді. Мамандық бойынша мемлекеттік комиссия мүшесі сайланады, құрамында үш адам болуы керек және оның екеуі ғылым докторы болуы тиіс.

Бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету және шешу мақсатында университетте апелляциялық комиссия құрылады.
Пререквизиттері: бейорганикалық химия, физикалық химия, жалпы химиялық технология.
Білімді бағалау тәртібі

Тест соңында, компьютерлік тестілеу тиімділігін көрсете отырып, пайыз ретінде нәтиже көрсетеді.

Емтиханға бойынша ең жоғарғы 100 балды құрайды. Осылайша, әрбір дұрыс жауап үшін 2 балл береді. Тест нәтижесі соңында емтихан ведомосы сақталады; емтихан ведомосына комиссиясының мүшелері мен төрағасы қол қояды.
Білімді бағалаудың өлшемдері
Білім алушының барлық бақылау түрлері бойынша білімі, біліктілігі, дағдысы және сәйкестігі балды-рейтингтік әріптік жүйеге сәйкес анықталады.

«Өте жақсы» бағасына А бағасы сәйкес келеді, оның сандық баламасы 4,0 және пайыздық үлесі 95-100% және A-, сандық баламасы 3,67 және пайыздық үлесі 90-94%.

Бұл баға білім алушы бағдарламалық материалдың барлығын игерген және қандай да бір қате жібірмеген жағдайда қойылады.

«Жақсы» бағасына B+ сәйкес келеді, оның сандық баламасы 3,33 және пайыздық үлесі 85-89% және B, оның сандық баламасы 30 және пайыздық үлесі 80-84% және B-, сандық баламасы 2,67 және пайыздық үлесі 75-79%.

Бұл баға білім алушы бағдарламалық материалды 75% кем емес игерген және қандай да бір қате жібірмеген жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлық» бағасына C+ сәйкес келеді, оның сандық баламасы 2,33 және пайыздық үлесі 70-74%, C, сәйкес келеді, оның сандық баламасы 2,0 және пайыздық үлесі 65-69%, C-, сәйкес келеді, оның сандық баламасы 1,67 және пайыздық үлесі 60-64%, D+, сәйкес келеді, оның сандық баламасы 1,33 және пайыздық үлесі 55-59% и D, сәйкес келеді, оның сандық баламасы 1,0 және пайыздық үлесі 50-54%.

Бұл баға білім алушы бағдарламалық материалды 50% кем емес игерген жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» бағасына F сәйкес келеді, оның сандық баламасы 0 және пайыздық үлесі 0-49%. Бұл баға білім алушы негізгі материалды игермегенде, пәндер бағдарламасының жартысынан аз деңгейін жағдайда қойылады.


Кесте 1

100 балдық бағалау шкаласы

4 балдық бағалау шкаласы

95 – 100

өте жақсы (5)

90 – 94

85 – 89

жақсы (4)

80 – 84

75 – 79

70 – 74

қанағаттанарлық (3)

65 – 69

60 – 64

55 – 59

50 – 54

0 – 49

қанағаттандырылмаған (2)



Емтихан бағдарламасына еңгізілген пәндер тізімі

Емтихан бағдарламасына еңгізілген пәндер тізімі: бейорганикалықхимия, физикалық химия, жалпы химиялық технология.


Емтихан бағдарламасына еңгізілген пәндер

Бейорганикалық химия. Атом-молекулалық ілім, атомның электрондық деңгейлерінің құрылысы, периодтық заң және Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі. Химиялық байланыстың түрлері, ерекшеліктері. Валенттік байланыс әдісі және молекулярлы орбитальдар әдісі. Химиялық термодинамика мен химиялық кинетиканың негіздері (активтендіру энергияны есептеу), химиялық тепе-теңдік, заттардың тепе-теңдік концентрациясын және тепе-теңдік тұрақтыларын есептеу. Электролиттер және бейэлектролиттер ерітінділері, Рауль заңдары, тотығу-тотықсыздану үрдістері мен электродтық потенциалдары, гидролиз, ортаның рН және гидролиз тұрақтыларын есептеу.

Электр тогының химиялық ток көзі: гальваникалық элементтер, катодты және анодты үрдістер, гальваникалық элементтің электр қозғаушы күші; аккумулятор. Нернст теңдеуі. Электролиз: балқыма электролитін электролиздегендегі катодты және анодты үрдістер, ерітінді электролитін электролиздегендегі катодты және анодты үрдістер. Фарадей заңы.

Периодтық жүйенің негізгі топша элементтері (s- және p-элементтер). s-элементтердің жалпы сипаттамасы. Сутегі, сілтілік, жер-сілтілік металдар. Табиғатта кездесуі. Алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері. Гидридтер, гидроксидтер, аллотропиялық түрлері. Элементы VIIА–IIIА групп. Элементтердің жалпы сипаттамасы. Табиғатта кездесуі. Алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері. Валенттілік, атомдардың тотығу дәрежелері. Жай заттардың физика-химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы. Элементтердің маңызды қосылыстары, олардың құрылысы, физика-химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы. Бір типті қосылыстардың салыстырмалы сипаттамалары. р-элементтердің химиясы: галогендер, күкірт, азот, мышьяк фосфор, көміртегі, бор және олардың қосылыстары. Кешенді қосылыстар. Вернердің координациялық теориясының негіздері және кешенді қосылыстар құрылысы жөнінде замануі түсініктері. Валенттік байланыс әдісі және и кристалдық өрісі теориясы.

Қосымша топша элементтерінің жалпы сипаттамасы. Ауыспалы металдардың химиясы. d- және f-элементтер құрылысының ерекшеліктері. Маңызды қосылыстары: оксидтері, гидроксидтері, галогенидтері, тұздары, пероксоқосылыстары. d-элементтер қосылыстарының химиялық қасиеттері. f-элементтердің жалпы сипаттамасы. Лантаноидтар мен актиноидтар: алыну жолдары, қасиеттері, қолданылуы. Ядерлік реакциялар. 5f-элементтерінің радиоактивтілігі. Трансуранды элементтердің синтезі. Қазіргі заманғы бейорганикалық химияның даму жолдары.



Физикалық химия. Химиялық термодинамика. Ерітіндідегі тепе–теңдік. Термодинамиканың негізгі түсініктері және анықтамалары.. Термодинамиканың бірінші заңы. Гесс заңы. Термохимия. Жылусыйымдылық. Химиялық реакцияның температурасына жылу мен жылусыйымдылықтың тәуелділігі. Термодинамиканың екінші заңы. Энтропия, оның әр түрлі процестерде есептеу әдістері. Функциялық сипаттамасы, табиғи айнымалалары. Жабық жүйе үшін тепе – теңдік шарттары мен негізгі теңдеулері. Ашық жүйе үшін тепе – теңдік шарттары мен негігі теңдеулері, химиялық потенциялы. Гомогенді және гетерогенді жүйедегі химиялық тепе – теңдік. Химиялық реакция және процесс бағытына изотерма теңдеуі. Масса сақталу заңы. Температураға тепе – теңдік константасының тәуелділігі. Принцип подвижного равновесия Ле-Шателье – Браун жылжымалы тепе – теңдік принципі. Статистикалық термодинамика элементтері. Классикалық және статистикалық термодинамиканың жалпы ерекшеліктері. Химиялық реакциялар мен идеалды газдардың тепе – теңдік константасының термодинамикалық қасиеттерін есептеу. Гетерогенді тепе – теңдік. равновесие. Гиббстің фазалық ережесі. Гиббстің фазалық ережесі. Бір-, екі және үш компонентті жүйелердің фазалық диаграммасы. Екі, үш сұйықтықтың өзара ерігіштігі.. Экстракция. Ерітінділер. Ерітіндінің химиялық және физикалық теориясы. Нақты ерітінділер. Бір-, екі және үш компонентті жүйелер аймағында практикалық фазалық диаграмманы пайдалану. Химиялық кинетика және электрохимия. Химиялық кинетиканың негізгі анықтамалары және түсініктері. Химиялық реакцияның механизмі. Тұйық жүйедегі гомогенді және гетерогенді реакцияның жылдамдығы. Химиялық кинетиканың негізгі заңы. Химиялық реакцияның молекулярлығы және реттілігі. Жабық жүйедегі формалды қарапайым гомогенді біржақты реакция кинетикасы. Химиялық реакцияның реттілігін және константа жылдамдығын анықтау әдістері. Күрделі реакция кинетикасы: қайтымды, параллелді, сатылы. Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері. Активация энергиясы. Аррениус теңдеуі. Химиялық кинетика теориясы. Белсенді қақтығыстар теориясы. Өтпелі күй теориясы (белсендірілген кешен). Фотохимиялық және тізбекті реакциялар. Гетерогенді реакция кинетикасы. Гомогенді және гетерогенді катализ негіздері. Каталитикалық реакцияның механизмі және кинетиксы. Электролитті ерітінділердің қасиеті және құрылымы. Ерітінділер теориясы. Электрохимиялық процестердің негізгі заңдары және заңнамалары. Электрохимиялық элементтің электрқозғаушы күші. Электродты потенциал. Электрохимиялық реакцияның термодинамикасы және кинетикасы.
Жалпы химиялық технология

Химиялық өндіріс. Химиялық өндірістегі процестердің иерархиялы ұйымдастырылуы, өндірістің тиімділігін бағалау критерийлері. Химиялық процестердің жалпы заңдылықтары, өнеркәсіптік катализ, химиялық реакторлар. Химиялық реакторлардағы процестердің негізгі математикалық модельдері, химиялық реакторлардағы изотермиялық және изотермиялық емес процестер, өнеркәсіптік химиялық реакторлар. Химия-технологиялық жүйелер(ХТЖ): ХТЖ құрылымы және сипаттамасы, ХТЖ синтездеу және талдау, ХТЖ шикізаттық және энергетикалық ішкі жүйесі. Химиялық өндірістегі энергия, маңызды өнеркәсіптік химиялық өндірістер.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бейорганикалық химия

1.Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. Дәуір. 2006 ж. 744 б.

2 Аханбаев К.А. Жалпы және анорганикалық химия. Алматы : Санат, 2005 ж. – 487 б.

3 Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. – Москва : Высшая школа, 2006. – 743 б.

4 Піралиев С. Ж. Жалпы химия. Алматы : 2003 ж. –380 б.

5 Мырзалиева, С. К. Жалпы және бейорганикалық химия практикумы оқу құралы/ С. К. Мырзалиева, Ж. Ы. Сабыралиева.-Алматы:Print-S,2005.-253 б.


Физикалық химия

1 Мансұров, З. А. Химиядағы физикалық зерттеу әдiстерi:оқу құралы/З. А. Мансұров, Б. Я. Колесников.-3-шi басылым өңд., толықт- Алматы:Қазақ университетi,2006.-307б

2 Физикалық және коллоидты химия: жоғары оқу орындарының химия- технология мамандықтары студ. арналған оқулық/Н. О. Жақыпбекова, басып шығарылған.-Павлодар:Кереку,2009.-287 б.

3. Физикалық химия пәні бойынша [Электронный ресурс]. - Электрондық деректер (34,5 Мб.). - Павлодар : Білім беруді ақпараттандыру орталығы, 2013. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM)Экземпляры: всего:1 - Медиатека(1).


Жалпы химиялық технология

1 Ахбердиев Ә., Молдабеков Ш. М. Химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттары, 1-ші бөлім. Алматы, 2008, РБК, 302 б.

2 Ахбердиев Ә. С. Химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттары, 2-ші бөлім, Алматы, 2008, РБК, 183 б.

3 Ерқасов, Р. Ш. Химиялық технологияның жалпы мәселелерi және маңызды бейорганикалық заттардың өндiрiсi/Р. Ш. Еркасов, А. К.Кұсепов.-Астана:Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық ун-тi, 2007.-152 б.-32 шт.



4 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы: - Сайта басып шығарылған.- Павлодар: Кереку. Т. 2: Химиялық технологиясы / У. Э. Бишiмбаев, Ш. Молдабеков, С. Т. Жантасов.- 2009.-206 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет