Аблакет ауылдық округі әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыруда 2012 жылы Аблакет ауылдык әкімшілігі есеп беру уакытында біршама жұмыстар атқарды.
Аблакет ауылдық округіне 4 елді мекен қарайды – 3884 халықы бар. Округте 178 шаруа қожалықтары тіркелген, оныѕ 28- ірі шаруа қожалыктары, 3 мектеп, 3 фельшерлік пункті, 1 жанұялық амбулатория, 2АТС, 2 пошта халыққа қызмет көрсетеді. Өткен жылы жекеменшік және шаруа қожалыктарының малдарына 47 мың тонна шөп дайындалды.
Биыл округ бойынша шаруа қожалықтарында 4 бордақылау алаңы, 1 мал сою цехы жұмыс істейді. Мал басы төлдерінің сапасын жақсарту үшін 1 қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істейді. Былтыр ағайындар отбасына берілген Мамай батыр жазығындағы 117 гектар жерге биылда 33 га жерге картоп салынып, 84 га жеріне көпжылдық шөп салынды. Олар аудандық және облыстық ауылшаруашылық өнімдерін саудалау жәрмеңкесіне ұйымшылдықпен қатысты. Өздерінің өнімдерін қоятын көлемі 4 метр, ені 26 шаршы метр қойманың құрлысын бастап, аяқталып та ќалды.
Бізде омарташылық шаруашылығы жақсы дамыған. Жалпы округ бойынша 9 омарташылық шаруашылығы бар. Оның ішіде барлық аудандық және облыстық жәрменкелерге белсенділік көрсетіп бал өнімін шығарып отырған Алешин Анатолий, Семенов Михаил деген азаматтарымыз.
2012 жылы Сағыр ауылында 1 дәріхана ашылды.
Жалпы округ бойынша 13 дүкен жұмыс істейді. 2012 жылы Мамай батыр ауылында «2020 бағдарламасы» аясында жекеменшік 25 балабақша ашылып, жағадан 15 жұмыс орны пайда болды. Көпірге ағымды жөндеу жұмыстары жасалды. Ауылымыздың азаматы М.Музапаровтың демеушілігімен Мамай батыр ауылына «Мамай батыр» бюсті қойылды.
2012 жылы Мамай батыр ауылының жалпы жоспары бекітілді. Биыл облыстық мұражайға Ақбауырдан 60 га жер бөлініп, олар өз қаражатына сол жерді қоршады. Барлығы жақсы болса, осы жылы аспан астындағы мұражай салынады, бүгінгі күні ол қоршалған жер арнайы күзетіледі. Олар бізге 4 жаңа жұмыс орнын ашты. Округіміздегі шаруа қожалықтары басшыларының көмегімен Бестерек ауылындағы М.Горький атындагы мектеп кабырғасына Ел басының жолдауының белгісі бар *Панно* ілінд1. Кеткен қаражат көлемі 800 мың тенге. 2012 жылы жоспарланған Сағыр ауылында салынатын мәдениет үйінің құрлысы, құрлысшы- медігерлердің кесірінен биылғы жылға калды. Биыл көшені жарықтандыруға 3280,0 млн.тенге бөлініп отыр. Учаскелік полиция инспекторына кызметтік үй сатып берілді. Елді мекендерді көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарына аудандық бюджеттен 220 мың тенге қаражат бөлінді, оны толығымен игеру үшін тазалық жұмыстары жүргізілді,жалпы 50 тонна қоқыс шығарылды.
«Туған елге тағзым», «20 жарқын іс» акциясы аясында көптеген іс шаралар өткізілді. Округ бойынша өткен іс шаралардың барлығы осы акциялар арқылы өтті. Сонымен қатар округімізде даталы күндер үлкен жауапкершілік, дайындықпен өтеді. Мысалы «әйелдер күні», «наурыз мейрамы», «қарттар күні», «жеңіс күні». 2012 жылы 36 адам коғамдық жұмыстар атқарды.
2013 жылға арналған жоспарлар:
- Сағыр ауылына мәдениет үйін салуды аяқтау.
- 1 мал бордақылау алағын салу.
- 1 сауда дүкенін ашу.
- Бестерек ауылына көпір салу
- М.Горький атындаєы мектептің атын өзгерту
- Желдіөзек аулына 1 құдық қаздыру
- Сағыр ауылындағы жанұялық амбулаторияға күрделі жөндеу жұмысын жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |