Аблакет ауылдық округі әкімінің 2013 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі



Дата23.02.2016
өлшемі138.33 Kb.
#5736
Аблакет ауылдық округі әкімінің

2013 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 15 тамызындағы №615 Жарлығы бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беруі басталды. Біз 4 жылға арналған округіміздің әлеуметтік- экономикалық даму бағдарламаларын жасадық.

Төрт жылдық бағдарламаның негізгі мақсаты: ауыл шаруашылық саласын дамыту, округ бойынша жұмыссыздар санын азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жеке кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарға «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша несие алуға қолдау көрсету, елді-мекендердің санитарлық тазалығын жақсарту, көгалдандыру, инновациалық жобалар жасап іске асыру, қылмыс жасауды азайту, кіші және орта бизнесті дамыту. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңына, Конституция Заңына сәйкес және «Аблакет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жалпы Ережесіне сай Аблакет ауылдық округі әкімдігі өз жұмысын жүзеге асыруда

Аблакет ауылдық округіне 4 елді мекен қарайды.



Елді мекен атауы

Аула саны

Халық саны

1

Сағыр

466

2273

2

Мамай батыр

294

1374

3

Бестерек

102

423

4

Желдіөзек

69

210




Барлығы:

931

4280

Жалпы жер көлемі- 18937га. Орталығы Сағыр ауылы. Облыс орталығынан 27км қашықтықта, аудан орталығынан 40км қашықтықта орналасқан. 4280 халықы бар. Оның 1185 зейнеткерлер, 1075 өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар. Жұмыссыздық көрсеткіштері:

Жаңа жұмыс орны

Жұмыспен қамтылды

Жұмыссыздыққа тіркелді

Жұмыссыздар үлесі

2012жыл 2013жыл

2012жыл 2013жыл

2012жыл 2013жыл

2012жыл 2013жыл

саны саны

саны саны

саны саны

% %

41 48

74 82

5 15

0,2 0,7


Округ бойынша демографиялық жағдай 2012 жылмен салыстырғанда:



көрсеткіштер

2012 жыл

2013 жыл

1

Қайтыс болғандар

24

22

2

Туған балалар саны

34

33

3

Өкпе ауруы /туберкулез/

3

2

2013 жылы Аблакет ауылдық округіне бюджеттен 21 599 600 тенге қаражат бөлініп, жыл аяғында 99,9% игерілді. Оның ішінде көшелерді жарықтандыруға: Сағыр ауылына 2млн 635 мың тенге, Мамай батыр ауылына 9млн 364мың тенге, Бестерек және Желдіөзек ауылдарына 2млн 603 мың тенгеден бөлінді. Ауылдың санитарлық тазалығына 120 мың тенге, көркейту және көгалдандыруға 120 мың тенге, қызметтік автокөлік алу үшін 1млн 748мың тенге бөлінді. Компьютермен қамтамасыз етілу үшін 423 мың тенге, оқушы балаларды тасымалдау

үшін 611мың тенге, қызметкерлердің еңбек-ақысына 9536 мың тенге бөлінді.

Округтің әлеуметтік тұрмыс жағдайы: 28 ірі шаруа қожалықтары, 32 жеке кәсіпкер,1 наубайхана, 13 дүкен, 2 тойхана, 2 ауылдық тұтыну кооперативі, 2 мешіт, 1 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Бюджеттік мекемелерден 3 мектеп бар. 1 жанұялық амбулатория, 2 фельдшерлік пункіт, 1 АТС, 2 казпошта, 1 полиэтилен трубалар зауыты, 1 шаштараз, 3 несиелік серіктестік, «Белайн» және «Актив» жүйелері жұмыс істеп тұр.

Округ бойынша басты бағыт мал шаруашылығы. Барлық мал бастары әкімшіліктегі шаруашылық кітабында тіркелген. Барлығы 931 аула бар, оның ішінде мал ұстайтыны 612 аула. 2012 жылмен салыстырғанда мал басы төмендегідей өсті:




ІҚМ

Оның ішінде

сиырлар

Қой,ешкі

жылқы

2012 жыл

5356

2036

16614

2373

2013 жыл

5974

2048

16620

2381

көрсеткіш

112%

101%

100%

101%

Мал басын 1 адамға шаққанда : ІҚМ - 2 бастан, жылқы – 1 бастан, қой мен ешкі – 4 бастан келеді. Сонымен қатар округ бойынша өткен жылмен салыстығанда ет, сүт, жұмыртқадан да көрсеткіштеріміз жоғары:




Ет,ц

сүт

жұмыртқа

2012 жыл

5870

60920

475

2013 жыл

6898

61092

502

көрсеткіш

118%

101%

106%

Округ бойынша 2 қолдан ұрықтандыру пункіті жұмыс істейді. 2013 жылы мал дәрігерлік пункіт ашылып, қызмет көрсетуге толығымен жабдықталған. Қолдан ұрықтандырудың тиімді жақтарын жұртшылыққа үнемі жиындарда түсініктеме жүргізіліп отырады.

Округте 1 мал сою цехы халыққа қызмет көрсетеді. Онда сойылған мал басын тірекйтін арнайы жорнал бар. 2013 жылы барлығы 1170 бас мал сойылды.Оның 407 ұсақ мал, 197 жылқы, 566 ІҚМ. 2 мал сою пункіті шаруа қожалықтарында ашылды: ш/қ «Сагинкумаров» пен ш/қ «Балауса». 4 бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Мал басын бірдейлендіріп, компьютерлік дерек қорға кіргізу жұмысы үлкен жауапкершілікпен атқарылуда. Әкімшілікте арнайы 1 маман бекітіліп, компьютермен қамтамасыз етілген. 2013 жылы компьютерлік дерек қорға жоспар бойынша мал басы 100 пайызға енгізілді 2001бас- ІҚМ, 8093бас- ұсақ мал. 2012 жылы 5 ш/қожалық басшылыры 66млн281 мың тенге субсидия алса, 2013 жылы 7 ш/қ басшылары 33млн416мың тенге субсидия алды. Барлық шаруашылық кітап саны- 60, есеп шот саны-1087. Электрондық базаға 100 пайызға енгізілді.

Округ бойынша барлық елді мекендерде мал өлексісін көметін қорым/скотомогильник/ бар. Бестерек және Сағыр ауылдарындағы мал қорымдарының құжаттары толығымен заңдастырылған.

Үкіметтің беріп отырған несие алатын көптеген бағдарламалары бар,осындай бағдарламаға белсенді қатысып отырған округтің бірі біз. Мысалы айтсақ «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша берілген барлық өтініштер саны: 76 адам болса,соның 42-сі несие алды. Алынған несиенің 40 адамы мал басын дамытуға, 1-і жекеменшік балабақша ашты, 1-і жылыжай ашты.




Кісі саны

Несие көлемі

млн. тенге

Ашылған жұмыс орны

2011 жыл

9

1700,0

11

2012 жыл

5

1500,0

29

2013 жыл

28

7500,3

40

барлығы

42

10700,3

80

Бұл көрсеткіштер ауданымыздың экономикасын дамытуға үлкен үлесін тигізді. Біріншіден, жаңадан жұмыс орындары ашылды; Екіншіден, салық төлемі өседі; үшіншіден, жұмыссыздық азайды. Сонда-ақ жаңа «Жайлау» бағдарламасы бойынша ниет білдірген азаматтар саны 12 болса, бүгінгі күнде оның 6-уы 100 бас қойдан несие алып үлгерді. Олар арнайы аудандық комиссиядан өтті. Осыған қарамастан бүгінгі кезде өкінішке орай, округте тұрмысы төмен азаматтарымыз әлі де бар.

Округте жер, мүлік және көлік салықтары бойынша берілген жоспарды жылда толығымен уақытында орындаймыз, тек көлік салығы бойынша толық жинауға көп қиындықтар кездеседі. Салық бойынша жылда алгоритім жасалып отырады, қосымша салық көздерін анықтап отырамыз. Мысалы жер алған азаматтарды қадағалап, олардан өткен жылы 180 мың тенге бюджетке түсірдік. Сондай 2014 жылдан бастап есепке алынбаған даладағы қашарларды, иен жатқан жерге картоп салғандарды және үй маңына рұқсатсыз құрлыс салғандарды анықтап, салықтарын төлетеміз. Салық басқармасы берген 2013 жылға жоспар бойынша жер салығы 293483 тенге, мүлік салығы 76681 тенге, көлік салығы 161052 тенге. Округ бойынша 13 дүкен бар, олардан түсетін салық көлемі жылына 4550,0 тенгені құрайды, ал жалпы округімізден жылына бюджетке 13328,5 тенге төленеді. Бұл өте аз сома, себебі округ бойынша бір жылдық шығынымыз 397 032,91 тенгені құрайды.Оны төмендегі кестеден көре аласыздар:



1

Округ әкімшілігін қамтамасыз ету үшін

10 040,0

2

Ауылдық округті дамыту үшін

4 571,0

3

Құрлыс саласына

159 286,0

4

Білім саласына

178 057,2

5

Мәдениет саласына

489,0

6

Денсаулық сақтау саласына

18 041,87

7

Әлеуметтік сфераға

24617,98

8

Қоғамдық қауіпсіздікке

1929,86




Барлық шығын:

397 032, 91

Елді-мекендерге санитарлық тазалық жасауда және көгалдандыруға тұрғындардың 30 пайызы немесе 1200 адам сенбілікке қатысты. 50 тоннадай қоқыс шығарылды. қоқыс үймесі тазаланып шығарылды. Округ бойынша 120 көшеттер отырғызылды. Мектептер мен жеке балабақшаға гүлдер отырғызылды. Ұзындығы 6 км болатын су ағатын арық тазаланды. Сенбілікке шаруа қожалықтарынан техникалар бөлінді ДТ-75,Т-25. 12 қытай тракторлары және 2 ГАЗ-53 автокөліктері қатысты.

Білім саласына келсек, округте 3 мектеп жұмыс істеп тұр: Сағыр және Мамай батыр ауылдарында орта білімді мектеп, Бестерек ауылында негізгі мектеп. Оқушылар саны 539. Барлық мектептерде /мини центр/ мектеп жасына дейінгі балалар баратын орталықтар ашылған. Мамай батыр ауылында 25 орындық жекеменшік балабақша ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Себебі мектеп жасына дейінгі балалар саны 90-ға жетеді. Барлық мектептер компьютрлендірілген, материалды-техникалық базамен толық қамтылған. Бестерек ауылынан Сағыр ауылына келіп оқитын балаларды тасмалдауға жалға жекеменшік автокөлік бөлінген, Желдіөзек ауылы балаларына автобус бөлінген. Дайарлық тобына жататын балалар саны 83, мини центрге баратын балалар саны 80 бала, жекеменшік балабақшаға 25 бала.





Мектептердің атауы

Балалар саны

Мини центры

1

А.С.Пушкин атындағы орта мектеп

45

2

М.Ломоносов орта мектеп

23

3

М.Горький атындағы негізгі мектеп

12

4

Жеке меншік балабақша «Асемай»

25

Даярлық тобы

1

А.С.Пушкин атындағы орта мектеп

34

2

М.Ломоносов орта мектеп

31

3

М.Горький атындағы негізгі мектеп

18

Мектеп жасын дейінгі балалар

1

А.С.Пушкин атындағы орта мектеп

69

2

М.Ломоносов орта мектеп

101

3

М.Горький атындағы негізгі мектеп

31

Округте 13 дүкен бар, жеке кәсіпкерлермен жыл басында ең керекті тауарлардың бағасын 10 пайыздан өсірмеу туралы меморандумға қол қойылған. Бағаны тұрақтандырып отыру үшін әкімшілік жанынан арнайы комисстия құрылған, олар бағаға маниторинг жүргізіп отырады. Округ бойынша барлық елді мекенде/скотомогильник/ мал көметін қорым бар. Бестерек ағыр ауыдарындағы мал қорымдарының құжаттары толығымен заңдастырылған.

Округ бойынша бос жатқан және пайдаланбай жатқан жәйлім, шабындық жерлер анықталып, өтініш берген азаматтарға жалға берілді. Өткен жылдары егістік жер көлемі 500 гектарға кеңейіп келеді. 2010-2012 жылдарға қарағанда, егістік жер көлемі 2013 жылы 230 пайызға өсіп отыр. 2014 жалы жер көлеміне тағы 500 га жер қосылады деп жоспарлануда.

2013 жылы құқық бұзушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға азайған. Барлығы округ бойынша биыл 32 қылмыс тіркелген, оның 21 ашылды. 6 мал ұрлығы тіркелген, 1-уі ашылды. Әкімшілік жазаға 124 адам тартылды. Округте 1 учаскелік инспектор жұмыс істейді. Кешкі уақытта учаскелік полиция жанынан құрылған 7 адамнан тұратын сарбаздар отряды кезекшілік етеді.

Округ бойынша әкімшілік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы және әкімшілік жазаға ешкім тартылған жоқ.

Барлығы 90 өкім қабылданды. Әкімшілікте халықтардың өтініш, тілектерін тіркейтін жорнал бар. Қол жетімді жерге арыз,өтініштерін салатын жәшік қойылған. Сенім телефоны да /8-72-338-24-430/ бар. Барлық келіп түскен өтініш ,арыздар әкімшілікте тіркеліп, 3 жұмыс күн ішінде жауап беріліп отырады.

Шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін округте «Сыбаға», «Жұмыспен қамту-2020», «Жайлау» бағдарламалаы туралы ақпарат толық жеткізіліп отырады. Мал тұқымын асылдандыру үшін 2013 жылы 10 шаруа қожалығы субсидия алды.

Округ бойынша 184 шаруа қожалықтары шаруашылық кітабында тіркелген, барлығының жерге мемлекеттік актісі бар, кадастырлық нөмірлері жазылған.

Жылда аудандық бюджеттен соғыс ардагерлеріне, тыл ардагерлеріне, көп балалы аналарға материалдық көмек беріліп отырады. Әкімшілікте аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 4 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Екеуі 12 жалғыз басты қарт адамдарға көмектеседі. Екеуі мүгедек 10 баламен жұмыс жасайды. «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша 4 шаруа қожалық басшылары 7 жалғыз басты қарт адамдарға отын, көмір түсіріп берді. Қарттар күнінде барлық қарттарымызға мерекелік дастархан жайып,концерттік бағдарламамызды жасаймыз. жүрмейтін қарттарға әлеуметтік дорба таратамыз.

2013 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 15 азамат 3млн400мың тенгеге қол қойды. Бестерек ауылына көпір салу үшін 100мың тенге, сол ауылдың зиратын қоршау үшін 400 мың тенге,округтегі барлық даталы мейрамдарды өткізуге 350 мың тенге, мектептерге спорттық құралдар,магнитафон, компюьтер, жасанды шыршаға - 400 мың тенге, соғыс ардагерлеріне қойылған ескерткішті жаңадан жөндеуге- 650 мың тенге, нашар тұратын отбасына және жалғыз басты қарттарға жем-шөп, отын-көмір жеткізу-560 мың тенгеге орындалды.

Газет – журналдарға округте тұратын орлман ағайындардан басқалары жаппай жазылады. Аудан берген 2014 жылға жазылу жоспры төмендегідей:

Ұлан тңы

Дидар

Руд.Алтай

Егеменді

Каз.правда

Шығыс үні

623

71

3

64

15

25

375

51

20

39

10

28

Округ тұрғындарынан өткен есеп беру жиында түскен екі сұрақтың орындалуы туралы:


  1. Бестерек ауылындағы көпірді жөндеу туралы.

  2. Желдіөзек ауылында ауыз су құдығын қазу туралы

Аблакет ауылдық округінің 2014 жылға жоспарлаған міндеттері:

-2014 жылы Сағыр ауылына көше жарығын орнатуға 16050,5 тенгенің сметасы;

- мәдениет үйінің маңайын қоршау үшін 6250,9 тенгенің;

- ескі паркті жаңадан салу үшін 7914,4 тенгенің;

-хоккей ойнайтын алаң салу үшін 3590,0 тенгенің сметалары дайындалып аудандық әкімшілікке өткізілді.

-Мамай батыр ауылына азамат Музапров Мараттың демеушілігімен жазда футбол алаңы болатын, қыста хоккей ойнайтын алаң салынады.



Округ әкімі М. Кусаинова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет