Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының 2014 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама



Дата29.02.2016
өлшемі58.6 Kb.
#30176
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының 2014 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама
Әкімшілік аумақтық бөлініс. Ауданда 7 селолық әкімшіліктер, 20 елді мекен қарайды.

Халқының саны- 01.05.2014 жылға- 15191 адам, оның ішінде 100 % ауыл халқы . 2014 жылы 6 айда туғандар саны 156, өлім саны-38, Ішкі көші қон 5 айда келгені-41, кеткені -155 адам.



Шаруашылық субъектілері. Ауданда 2014 жылдың 1–шілдесіне барлық әрекет етуші заңды тұлғалар саны -177.

Өнеркәсіп

2014 жылдың 6 айында 312,6 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлемі индексі 89,9 %.



Ауылшаруашылығы

2014 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1783,5 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 100,4 %. Ет өнімі 2789,3 тн, немесе 100,4 % , сүт-4719,1 тн, немесе 101,0%, жұмыртқа 591,5 мың дана, 100,6 %, жүн 119,5 тонна, немесе 103,6 пайызды құрады.



Мал басы барлық түрінен де өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсімді көрсетті. Мүйізді ірі қара 36168 бас немесе 101,6%, қой-ешкі 137761 бас, немесе 101,7%, жылқы 7347 бас, немесе 105,5%, түйе малы 1184 бас, немесе 100,3% , құстар 12600 бас, немесе 100,0 %.

Ауылшаруашылығына 128,0 млн. теңгенің инвестициясы тартылды, оның ішінде:

- «Казагроқаржы» АҚ арқылы 3 шаруашылық 11,845 млн.теңгеге техника;

-«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 2 шаруашылық 8,700 млн.теңгеге техника;

- селолық кредиттік серіктестік арқылы 6 шаруашылық 20,318 млн. теңгеге 128 бас МІҚ, 2,742 млн.теңгеге 1 шаруашылық техника;

- «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ арқылы 2 шаруашылық 22,645 млн.теңгеге 115 бас МІҚ сатып алды.

- жеке қаражатқа 3 шаруашылық 17,172 млн теңгеге техника, 15 шаруашылық 46,1 млн. теңгеге 267 бас МІҚ сатып алуға қаражат жұмсады.

Ауылшаруашылығы құрылымдары саны 2014 жылдың 1-мамырына 228 бірлік, оның ішінде 22 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, 10 өндірістік кооперативтер, 196 шаруа шаруашылықтары жұмыс жасайды.



Жер қатынастары

Жер пайдаланушы ауыл шаруашылығы құрылымдары 225,

197 шаруа шаруашылықтары, 10 өндірістік кооперативтер, 18-і жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және 11 жеке кәсіпкерлер жұмыс жасайды, пайдаланудағы жер көлемі 1105441 гектар, жыл басымен салыстырғанда 60676 гектарға ұлғайды.

Жер учаскесін сатудан 693,0 мың теңге (өткен жылы 2262,1 мың теңге) кірістеліп, болжам 420,0% орындалды.

Жер учаскесін жалға беруден 490,7 мың теңге (өткен жылы 368,0) кірістеліп, болжам 201,1% орындалды.

Шағын кәсіпкерлік

Аудан бойынша тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілері саны 2014 жылдың 1-шілдесіне 505 бірлік, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,0% ұлғайды. Белсенді заңды тұлғалар саны -47 бірлік, немесе 96,0 пайызы. Кәсіпкерлікте жұмыс жасайтындар саны 1860 адам, шағын кәсіпкерлікте өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі 199,8 млн.теңге (100,4%). Салық түсімі 64,1 млн.теңге (112,0 %).

Бөлшек сауда айналымы 415,0 млн.теңге, нақты 100,5 %.

Инвестиция

Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 939,3 млн.теңге, немесе нақты көлем индексі 125,0%. Бюджеттік инвестиция көлемі- 490,8 млн.тенге, жеке қаражат пен өзге көздерден тартылғаны 342,8 млн.теңге.

Аудан ішінде бюджет қаражатына барлығы 1 217,867 млн.теңгеге 15 жоба жүзеге асырылуы жоспарланады, 1-шілдеге игерілгені 490,8 млн.теңге.



Республикалық бюджет қаражаты есебінен:

1.Ырғыз ауылының Оңтүстік Батыс ауданындағы бақылау сорғы станциясы торабы және жеке құрылыс аумақтарының инженерлік коммуникациялық желілері құрылысын салуға 83,434 млн.теңге, 1шілдеге игерілгені 59,0 млн.теңге.

2. Жұмыспен қамту 2020 жол картасының екінші бағыты шеңберінде жетіспейтін инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруға -15,0 млн.теңге; 1 шілдеге игерілгені жоқ.

3.Құмтоғай ауылында селоішілік су құбыры құрылысын салуға 165,129 млн.теңге; 1 шілдеге игерілгені 74,129 млн.теңге.

4.Жайсаңбай ауылында сумен жабдықтау объектісі құрылысын салуға 240,0 млн.теңге; 1 шілдеге игерілгені 82,0 млн.теңге.

5.Қалыбай ауылында сумен жабдықтау объектісі құрылысын салуға 244,493 млн.теңге; 1 шілдеге игерілгені 52,0 млн.теңге.

6. Құйлыс ауылында сумен жабдықтау объектісі құрылысын салуға 200,0 млн.теңге; 1 шілдеге игерілгені 75,0 млн.теңге.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен

7.Жайсаңбай аулында 60 орындық орта мектеп құрылысын салуға 29,150 млн.теңге; 1 шілдеге игерілгені 25,0 млн.теңге.

8.Ақши ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта жарақтандырудың ЖСҚ әзірлеуге-4,550 млн.теңге; 1 шілдеге игерілгені 3,044 млн.теңге.

9. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысын жобалау, салу және (немесе) сатып алу ЖСҚ әзірлеуге 2,5 млн.теңге, 1-шілдеге игерілгені 1,014 млн.теңге.

10. Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту , жайластыру және (немесе) сатып алу ЖСҚ әзірлеуге 2,5 млн.теңге, 1 –шілдеге игерілгені 0,713 млн.теңге.

11. Ырғыз ауылында 5 бір пәтерлі арендалық комуналдық тұрғын үй құрылысын салуға 2,717 млн.теңге, 1 шілдеге игерілгені жоқ.

12. Ырғыз ауылында аудан әкімдігінің әкімшілік ғимаратының құрылысын салуға 8,800 млн.теңге, 1 шілдеге игерілгені жоқ.

13.Ырғыз-Құтикөл автожолының 11 км орналасқан Қараарық көпірін қайта жарақтандырудың жобалау сметалық құжаттарын жасақтауға 5,450 млн.теңге, 1 шілдеге игерілгені 0,180 млн.теңге.

14. Белшер ауылында су құбыры құрылысын салудың жобалау сметалық құжатын әзірлеуге 17,558 млн.теңге, 1 шілдеге игерілгені жоқ.

15.Нұра-Мамыр ауылында топтық су құбыры құрылысын салудың жобалау сметалық құжатын әзірлеуге 25,230 млн.теңге, 1 шілдеге игерілгені жоқ.



Облыстық бюджеттен қоса қаржыландырулар:

Ырғыз ауылының Оңтүстік Батыс ауданындағы бақылау сорғы станциясы торабы және жеке құрылыс аумақтарының инженерлік коммуникациялық желілері құрылысын салуға 8,198 млн.теңге; 1 шілдеге игерілгені 3,237 млн.теңге.

Құмтоғай ауылында селоішілік су құбыры құрылысын салу-41,282 млн.теңге; 1 шілдеге игерілгені 20,282 млн. теңге.

Жайсаңбай ауылында сумен жабдықтау объектісі құрылысын салуға -73,541 млн.теңге; 1 шілдеге игерілгені 33,0 млн.теңге.

Қалыбай ауылында сумен жабдықтау объектісі құрылысын салу-61,123 млн.теңге; 1 шілдеге игерілгені 37,0 млн.теңге.

Құйлыс ауылында сумен жабдықтау объектісі құрылысын салу-40,0 млн.теңге. 1 шілдеге игерілгені 25,0 млн.теңге.



Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2014 жылдың 1-шілдесіне 374,9 млн.теңге, нақты көлем индексі 4,0 есе. Жекелер қаражатымен 26 пәтер 2685,0 шаршы метр кірістелді, бұл жылдық жоспарға 51,5%, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100,1%.

Салық-бюджет жайы

2014 жылы 6 айда бюджетке салық және басқа да түсімдерден болжам 123866,0 мың теңге, нақты 160643,8 мың теңге кірістелді, Болжам 129,7%-ке орындалды, 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 107,6%.

Жергілікті бюджетке кіріс болжамы 110731,0 мың теңге, нақты түсім 135513,0 мың теңгені құрады, Болжам 122,4 %-ке орындалды.2013 жылдың сәйкес кезеңіне 103,6%.

Жергілікті бюджеттің барлық кірісі 1848238,0 мың теңге, оның ішінде ресми трансферт 1712725,0 мың теңге, түсім 135513,0 мың теңге. Өткен жылғы ресми трансферт 1346329,0 мың теңге.

Бюджеттің шығысы жоспары 1845099,5 мың теңге, нақты 1844887,0 мың теңге 100,0 пайызға атқарылды.



Еңбек нарығы

Аудандағы тіркелген жұмыссыздар саны 1 шілдеге 24 адам. 2014 жылдың 6 айында 191 жаңа жұмыс орны қосылды, 606 жұмыссыз өтініш білдіріп, жұмыссыз 183 адам еңбекке орналасты, ақылы қоғамдық жұмысқа 278 жұмыссыз бағытталды, 55 жұмыссыз үшін әлеуметтік жұмыс орыны ұйымдастырылды, жастар практикасы бойынша 31 жас жұмыспен қамтылды.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша 50 әлеуметтік жұмыс орны ұйымдастырылды, 22 жұмыссыз жастар практикасына тартылды. 2-бағыты бойынша 15 жұмыссыз кәсіпкерлікке оқытылып, кәсіпкерлікті дамытуға 14 жұмыссызға 23,6 млн.теңге несие берілді.

Әлеуметтік қорғау

18 жасқа дейінгі 397 отбасындағы 1237 балаға 12436,0 мың теңге балалар жәрдемақысы тағайындалды.



Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт.

Білім беру саласы. Мектепке дейінгі тәрбие беруде аудан бойынша 733 балаға 13 бала бақша жұмыс жасайды. Бұдан өзге 16 шағын орталықтарда 340 бала қамтылған.

2013/ 2014 оқу жылында 14 орта, 7 негізгі, 1 бастауыш барлығы 22 жалпы білім беру мектептерінде 3082 бала білім алса, 2013 оқу жылында оқушы саны- 3147.

Материалдық жарақтандыруда 10 мектепке шаңғы сатып алуға 1,5 млн.теңге , №1 қазақ орта мектебін күрделі жөндеудің ЖСҚ дайындауға 1,5 млн.теңге бөлінді.

Мәдениет. Ауданда “Арай”, “Мәні” мәдениет үйлері, 12 селолық мәдениет кәсіпорыны, 13 селолық кітапхана, 1 балалар кітапханасы, 1 мұражай барлығы 29 мәдениет мекемелері жұмыс жасайды.

2014 жылдың 6 айында 225 көркемөнерпаздар концерті, 246 жастар кеші, 253 тақырыптық кештер, 28 байқау, барлығы 752 мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылып, ақылы қызмет көлемі 569,5 мың теңгені (2013 жылы 658,8 мың теңге) құрады. Кітап қоры 137302 дана. Үйірмелер саны 135, оларға 1397 адам мүшелікке қамтылған.



Спорт. Аудандық деңгейде 6 айда 12 рет жарыс өткізіліп, оған 770 адам қатысты.

Тіркелген қылмыс саны -76, өткен жылы -62, немесе 14 қылмысқа өскен.


Бөлім басшысы: Г.Жансүгірова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет