Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия


ОБСӨЖ № 15 Егіншілік тәжірибе әдістерін сортсынау учаскесінде жүргізудің ерекшеліктері



бет72/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

ОБСӨЖ № 15

Егіншілік тәжірибе әдістерін сортсынау учаскесінде жүргізудің ерекшеліктері.

Өзіндік тапсырмалар:
1.Мемлекеттік сорт сынау.
2.Сорт сыналатын агротехникалық жағдай.
МСС учаскесі шаруашылықтың жалпы ауыспалы егістің арнайы бөлінген жерінде орналастырылады. Сорт сыналатын мөлдектер пішіндері ені жағы созыңқы келеді де, көлденеңінен 20-50 есе артық болады. Мөлдектің ұзын бойын орманға көлденең орналастырады және олардан 100 м қашықтықта болады.
МСС
  • астық, жарма дақылдары, дәнді-бұршақ, жүгері, күнбағыс, жаппай егісетін майлы дақылдар, мақта, қант қызылшасы – 100 м2;


  • көпжылдық және бір жылдық шөптер, сүрленетін дақылдар, люпин, салалы, темекі, сая картоп, көкнәр – 50м2;


  • қырыққабат, бұрыш, баулажан, қияр, сәбіз, шалқан – 40-50м2;


  • пияз, сарымсақ, көкөніс дақылдар – 20-25м2.


Сорттарды сынау бәсекесі жұмыстары механикаландырылған болса, мөлдек мөлшерін 350-600 м2 дейін өсіреді, қайталау 4 рет. Сорт сыналатын мөлдектерді бір қабатта немесе бірнеше қабаттарда орналастырады.


Сорттардың бір-біріне әсерін тигізбеуге аралықтарына қорғаныш қатарларын қалдырады.
Стандарт вариантты ретінде аудандастырылған дақылды белгілейді.

Тәжірибе жүргізу. Әдіс бойынша тәжірибелерді дара жүргізудің екі жолы бар:
  • сорт сынау учаскесін өткен жылғы өндіріс сынауда болған жерде жүргізу;


  • өндіріс сынауын өткен жылғы сорт сынау учаскесінде болған жерде жүргізу.


Әр шаруашылықта бір ғана сорт сыналады, ол ең алдыңғы аудандастырылған сортпен салыстырылады. Өндіріс жағдайында жаңа сортты зерттеу үшін 1-ші жылы себетін алқабының мөлшері: астықтар, майлылар, талшықты өсімдіктер, техникалық дақылдарға 2-4 га, шөптер, картопқа 1-2 га, бақша дақылдары, азық тамыржемістеріне 0,25 га, көкөніс дақылдарына 0,1-0,25 га бөлінеді. Өндіріс жағдайында сындағы сортпен көршілес аудандастырылған сорт себіледі.


Салыстырылатын сорттарды бір тәсілмен жинайды, екеуінің де алқаптары тең болуы қажет, себебі сыналатын сорт аудандастырылған сортпен салыстырылады.
МСС жұмысын жоғары егіншілік мәдениеті бар алқаптарда жүргізіледі, сонда ғана сыналатын сорттардың өнімділігін арттырады.
МСС себу мөлшерінің 3 тәсілдерін қолданады:

  1. га тұқым өнгіштігіне қарай бидайды, қара бидайды, арпаны, сұлыны, тарыны, қарақұмықты, күрішті, дәнді бұршақтарды, зығырды, кендерді, қышаны, рапсты, арышты себеді.


  2. га тұқымның салмағы арқылы кең қатарлы егісте кенепшөпті, қант қызылшасына, көпжылдық шөптерді, судан шөбін, люгарды, біржылдық үйбидайықты, жер жаңғақты, кориандрды себеді;


  3. өсімдіктің қоректенетін алқабы оның аралық қатарының еніне және өсімдіктің ұядағы санына немесе өсімдіктердің ара қатарларының қашықтығына байланысты, мысалы, жүгері, қонақжүгері, күнбағыс, көкнәр, мақта, темекі, картоп және мол азық, тамыржемістілері себіледі.


Астықты, бұршақты, жармалы. Майлы және эфир майлы дақылдардың себу жиілігін екі мерзімде есепке алады, 1-ші толық егін көктегенде, 2-ші егінді жинар алдындла есепке алады.



Бақылау сұрақтары:




  1. МСС қай жағдайда жіберіледі?


  2. МСС танаптарында тәжірибе жүргізу ерекшеліктері неде?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет