3. Танаптық тәжірибеге қойылатын негізгі талаптар және мақсаттары
Танаптық тәжірибелерді жүргізгенде қандай негізгі сұрақтар шешімін табуы тиіс?
Танаптық тәжірибелердің қандай түрлері бар және олардың сипаттамасы ?
Сорт сынау бойынша және агротехникалық тәжірибелерді салғанда қандай негізгі мәселелер шешілуге тиіс?
Географиялық, бір факторлы және көп факторлы тәжірибелердің алдына қандай негізгі мәселелер қойылады?
Жүргізу ұзақтығына қарай танаптық тәжірибелердің қандай түрлері бар?
Көпжылдық және ұзақ мерзімде жүргізілетін танаптық тәжірибелердің мәні неде? Әлемдік ауыл шаруашылық ғылымында аталған тәжірибелер бойынша қандай негізгі мәселелер зерттелетініне мысал келтіру?
Көпжылдық шөптер үшін арнайы мәселелерді шешуге байланысты салынатын және жүргізілетін тәжірибелердің ерекшеліктері қандай?
Өндірістік тәжірибелердің рөлі, бұл тәжірибелерді салу және жүргізу әдістемесі қандай?
Танаптық тәжірибенің алдына қойылатын негізгі талаптар қандай?
Тәжірибенің «нақтылығы» және «қателігі» түсініктеріне негіздеме беру.
Танаптық тәжірибелерде қателіктердің жіберілуінің, тәжірибенің нақтылығының төмендеуінің және дұрыс нәтижелерге қол жеткізудің негізгі себептері қандай?
Танаптық тәжірибе жүргізу кезінде жіберілетін негізгі қателіктердің түрлері және тәжірибенің нақтылық дәрежесін көтеруге мүмкіндік беретін қандай шаралар бар?
«Типтілік» түсінігіне негіздеме беру және бұл көрсеткіштің тәжірибеде дұрыс нәтижелер алуға беретін мүмкіндігі?
«Жеке айырмашылық ұстанымы» түсінігі және танаптық тәжірибе салу кезінде бұл ұстанымды ұстанудың мәні неде?
4 Егіс экспериментін жоспарлау
Танаптық тәжірибе жүргізілетін негізгі жағдайлардың ерекшеліктеріне сипаттама беру (ауа–райы жағдайы, топырақ-климат жағдайлары, қоршаған орта факторларының реттелмейтіндігі және т.б.).
Танаптық тәжірибені жүргізудің негізгі кезеңдері қандай?
Танаптық тәжірибені жасаудағы мәселелердің (тапсырмалар) жағдайы және әдістемесі.
Тәжірибенің мақсаты мен тапсырмасын анықтау әдістемесі қандай?
Тәжірибенің өзектілігі және жаңалығы түсініктерінің астарында не тұр?
Тәжірибе өсімдігін таңдау кезінде қандай негізгі жағдайларға сүйенген жөн (тәжірибе объектісі)?
Агрономиялық тәжірибелерде – тәжірибе нұсқалары, тәжірибе мөлдектері, бақылау нұсқалары, стандарт түсініктері нені білдіреді?
Танаптық тәжірибе сызба нұсқасын жасаудың негізгі әдістемесі қандай?
Аймақтың топырақ-климат жағдайларын бағалауға мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштерді атаңыз?
Зерттеу объектісі (дақыл) қандай көрсеткіштерімен сипатталады және студентпен таңдалып алынған зерттеу объектісі туралы жалпы мәліметтер (маңызы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, сұрыптары, өсіру технологиясы және т.б.).
5. Танаптық тәжірибеге жер учаскесін таңдау, зерттеу және дайындау
Тәжірибе салуға жер учаскесін таңдау және дайындау кезінде қандай іс-шаралар жасалуы тиіс және олардың негізгі міндеттері қандай?
Тәжірибені орналастыру үшін жер телімі қандай негізгі талаптарға сай болуы тиіс және тәжірибеге жер учаскесін таңдаған кезде қандай жағдайлар сақталуы тиіс?
Танаптық тәжірибе үшін жер учаскесінің типтілігі түсінігі?
Жер учаскесінің жер бедеріне қандай талаптар қойылады және не үшін?
Жер учаскесінің топырағына құнарлылығы бойынша қандай талаптар қойылады және бұл көрсеткіштерді анықтау үшін қандай жұмыстар жүргізілуі тиіс?
Тәжірибелік жер учаскесінің тарихын зерттеудің мәні неде және қандай негізгі сұрақтар есепке алынуы тиіс?
Барлаушы егістердің, бөлшектік есептеу жұмысының және бұл жұмыстарды жүргізу әдістемесінің мәні неде?
Агротехникалық және сорт сынау тәжірибелеріндегі теңестіруші егістердің мәні неде және оларды жүргізу әдістемесі қандай?
Қандай жағдайларда барлаушы егістерде бөлшектік есептеу жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі болмайды?
Достарыңызбен бөлісу: |