«Ақбота» естияр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің
технологиялық картасы.
Өтілетін күні: 09. 11. 2012ж. Тәрбиеші: Шуканаева Р.С.
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Математика
Кіріктірілген сабақ түрлері: Тіл дамыту, дене шынықтыру, қоршаған орта, экология.
Тақырыбы: Ертегі еліне саяхат.
Мақсаты: Баларадың геометриялық пішіндер, көлем, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау
туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттер:
Білімділік: геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын бекіту.
Дамытушылық: -Логикалық ойлауларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту
- тапқырлығын арттыру.
- берілген тапсырмалар, ойындар арқылы балалардың тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Зейінділікке, ойшылдыққа, қамқорлыққа, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу;
Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: Ертегі және батырлар жайында балаларға түсіндіру.
Әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Енгізу
|
Дәлелді ояту
|
I. Шаттық шеңбері.
«Біз қандаймыз, қандаймыз»
Е.Өтетілеуұлы.
II. Ғажайып сәт.
Ортаға жебенің келіп түсуі.
-Сұрақ – жауап.
-Бұл не?
-Мұны кімдер ұстайды?
-Батырлар жайлы қандай ертегілер білесіңдер?
- Таңғалу, жебедегі хатты көру.
- Ашып оқу.
|
Өлең жолдарын қимылмен көрсету.
Тосын сәтке таңғалу.
Берілген сұрақтарға толық өз ойымен жауап беру.
Хатты оқуға қызығушылық таныту.
Батыр туралы өз білетіндерін айта білу.
|
Шаттық шеңбері.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
|
Ұйымдастыру - іздену
|
1. Хаттың мазмұнымен таныстыру.
-Сұрақ – жауап.
1.1. Теледидардан тау суретін көрсету.
- Тасболдың дауысы.
2. Тауға саяхат.
1. Кедергі. «Гүлдерден өту»
Тапсырма: Пішіндердің ортақ белгісін анықта.
Мақсаты: «Мағынаны тану»
2. Кедергі: Өзеннен өту.
Тапсырма: Салыстыру: Ауыр,жеңіл, үлкен, кіші.
Ой қозғау.
а)Суретпен жұмыс: Конверттегі суретті ашу. (аю және қоян, қайсысы ауыр)
б) Қарапайым салыстыру терминдерін мысал сөздер арқылы қалыптастыру, сөздік қорын дамыту.
Бой сергіту жаттығуы.
«Қақпа»
3. Кедергі. Торғайларға кездесу.
Дид ойын: «Тізбек»
Тапсырма: Тізбекті жалға.
Торғайларды пішіндер арқылы тізбектеп жинау.
(Мыс: Қызыл үшбұрыш, жасыл дөңгелек, көк шаршы)
4. Кедергі. Таулардан өту.
Тапсырма: Тасболдың мекеніне апарар жол картасын бейнеле. Мақсаты: «Кеңістікті бағдарлау»
Дид ойын: «Кім тапқыр?»
-Жұмбақ жасыру.(жұмбақтың шешуі арқылы әр затты өз орнына қоя білу.)
Ағаш, күн, гүл, бұлт, көл.
5. Дид ойын: «Қатесін тап» (Суреттерге кездесу)
Мақсаты : «Уақытты бағдарлау»
-Төрт мезгілдің суреттері.
Дид Ойын: «Суретші қай жерде қателесті?»
-Мезгілдер жайлы тақпақ.
6. Релакция. Әуенмен демалу.
Таңғажайып сәт: Ортаға хат байланған жебе
түсу. Хатт ы оқу.
Қуанышты сәт. Шапалақ.
7. Тастан өту. Балабақшаға қайту.
Тапсырма: Логикалық сұрақтар
|
Сабақты зейін қойып тыңдау.
Дауысқа таңғалу, тыңдау.
Саяхатқа шығуға қызығушылық таныту.
Берілген тапсырманы орындай білу.
Тапсырмаларды орындауда өз ойын ашық айта білу.
Сабаққа қызығушылық таныту.
Математикалық ұғымдарды дұрыс айырып, мағынасын түсіне білу. Өзж түсініктерін толық жеткізе білу.
Суретке қарап өз ойын айта білу.
Ауыр, жеңіл ұғымдарын дұрыс айта білу.
Салыстыру терминдерін дұрыс айта білу.
Сергіту жаттығуларын қимылмен дұрыс орындай білу.
Торғайлар туралы өз ойларын айту.
Пішіндерді ретімен дұрыс қоя білу.
Торғайлардың аузындағы пішіндерді және торғайларды ажырата білу.
Жұмбақ шеше білуге қызығушылық, шапшаңдық таныту.
Жол картасын дұрыс орналастыра білу.
Өз сөзімен жеткізу. Күн жоғары да тұрады т.б.
Таудан өтуде тепе – теңдікті сақтуды түсіне білу.
Жыл мезгілдерін айыра білу.
Суреттегі қателерді дұрыс таба білу.
Өздері білетін тақпақтарды айту.
Әуенді ойша тамашалау арқылы демалу.
Таңғажайып сәтке қызығушылық таныту.
Өз қуаныштарын дұрыс бере білу.
Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, апта аттарын дұрыс айту.
Логикалық есептерді ойланып шеше білу.
|
Сөздік: Жебе, сиқыршы, шатқал.
Дауыс.
Ха –ха –ха мен сиқыршы Тасболмын. Ертөстік мен енді сенің ағаларыңды тасқа айналдырып жіберем, сен жалғыз қаласың. Мен бәрін көріп тұрмын. Сен балалардан көмек сұрап жүр екенсің, ендеше саған берген тапсырмамды онан сайын қиындатамын. Ха - ха – ха.
Мысалы: Үшбұрыштардың түсі, пішіні бірдей . Айырмашылығы: көлемінде.
Салыстыру.
Аю қоянннан үлкен, сондықтан ағшты аю басып кетті, өйткені аюдың салмағы ауыр.
Сөздік.
Ауыр, жеңіл, ұзын, қысқа.
Бой сергіту: «Қақпа»
Қақпа биік дегенде, қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұру.
Қақпа аласа дегенде еңкею.
Жіп ұзын дегенде қолды екі жаққа созу.
Қысқа дегенде қоды жинап тұру.
Жұмбақтар:
-Тас төбемде алтын табақ,
Танытады жарқын қабақ. (Күн)
- Торланып тұрып, төгеді бүркіп. (Бұлт)
- Көркіне көрік,
Жазға серік.Не? (гүл)
-Өрге қарай аттамас,
Ойға қарай тоқтамас. (Су)
Тақпақтар.
Қыс.
Ақ боран болады,
Үскірік соғады.
Ой шұқыр бітеліп,
Ақ қарға толады.
Ә. Дүйсеков.
Көктем.
Жасыл көктем келеді,
Самал беттен өбеді.
Көкте бұлттар көбейіп,
Мөлдір жаңбыр төгеді.
Ә. Дүйсеков.
Жаздыгүні.
Жазды күні шілдеде,
Жеміс пісіп толады.
Қызыл, жасыл гүлдерге, Көбелектер қонады.
Н. Әлімқұл.
Күз.
Көрінеді шалғайдан,
Бел - белестер сарғайған.
Сары жапырақтар төгілген, Тоғайды да көрдім мен.
Қ. Баянбаев.
Логикалық есептер.
-
Қандай пішін жақсы домалайды?
-
Қандай геометриялық пішінде бәрі үшеуден?
-
Суға үш торғай қонды, бір торғай ұшып кетті суға неше торғай қонды? (суға торғай қона алмайды)
-
Әтеш қай кезде шақырады?
-
Таңертең неше көзімізді ашамыз?
|
Рефлекстік түзету
|
Сұрақ – жауап.
Дид ойын: «Атын ата»
- Әр кедергіден өткендерін бір күнге есептеп апта аттарын атау.
Балаларды мадақтау.
|
Берілген сұрақтарға толық жауап бере білу.
Сабақтан алған әсерлерін ортаға салу.
Достарын бағалау.
|
Сұрақ –жауап.
-Саяхатқа шығып, гүлге кездестік, бұл қай күн еді?
- Бір күн өткен соң аю мен қояннң суретіне кездестік, ол қай күн болатын?
- Тағы бір күннен соң торғайларға кездестік, олқай күн?
-Онан соң тауларға кездестік, ол қай күн екен?
- Осыдан кейін бір күн өткен соң суреттерді дұрыстап, Тасболдың мекеніне жеттік, сонда бүгін қандай күн?
-Ал енді үйге барып дем аламыз, олар қандай күндер?
-Бәрін бірге қайталап жіберейікші.
Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Геометриялық пішіндер , геометриялық ұғымдар туралы түсініктері болу керек.
Игеру: Салыстыру, кеңістікті , уақытты бағдарлау ,ойлай отырып тауып, шапшаңдық көрсету түсініктерін игереді.
Меңгеру: Пішіндердің қасиеттері және ұқсастығы мен айырмашылығы туралы түсініктерді, қиындықтан шығу жолдарын түсіне білу дағдыларын меңгереді.
№1 Хат.
Құрметті «Ақбота» тобының балалары мен сендерден көмек сұрап хат жазып отырмын.
Мен өздерің білетін Ертөстік батырмын. Сендер мені ағаларымды іздеп жүргенімді білесіңдер.
Мен оларды таптым, бірақ оларды тау шатқалында Тасбол деген сиқыршы сиқырлап қойыпты.
Енді не істерімді білмей отырмын, қайтсем ағаларымды құтқара аламын.
Сендер маған көмектесе аласыңдар ма?
№ 2 Хат.
Құрметті балалар, мен сендерге өте ризамын, өйткені сендердің көмектеріңнің арқасында
Тасболдың сиқырынан ағаларымды босатып алдым. Мен енді ағаларыммен бірге боламын.
Сендер білімді екенсіңдер, сендерге көп-көп рақмет, сау болыңдар балалар. Мен енді ата-анамды қуантайын.
Достарыңызбен бөлісу: |