Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады.
Мұндай сөзді есіткенде жайқақтап, шалғырттанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерін қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек?
Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.
Абай өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы мен жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымын көрсеткен. Абай «түзетпек едім заманды, өзімді тым-ақ зор тұтып»деуінде үлкен мән бар. Абай атамыз тәлімгер ұстаз болған еді.Ақын тәрбиеге көнетін жалпы халық емес, жеке адам, оның дара ерекшеліктері. Жеке адамға ақыл, мінез, іс, адамшылдықты сақтайтын ұят-намыс керек дегенді айтады. Ал осындай адамшылықты жүрекпен байланыстырады. Жүрек-адамның ішкі сезімі деген ұғымды қолданған.
Абай халықтың жоғын жастанып,кемел жолға бастар жолды іздеді.Сол жолда аянбай тер төгіп,өз заманының сипатын,халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымында бейнелейді.Артына қалдырған мол мұрасы қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің дамуына үлкен ықпал жасады.
Қорыта келгенде,Абайдың қара сөздері-оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына.Қарасөздің бағасы-бай заманындағы жағдайды,тарихи шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып берді.