Қ ОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖҰМАХАН С.Т.
«CҮТ ЖӘНЕ ЕТ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУДІҢ ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОХИМИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»
ПӘНІ БОЙЫНША ЗЕРТХАНА КУРСЫ
Білім беру бағдарламасы: 6В07201 – «АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»
Петропавл қ. 2020 ж.
№ 1 зертханалық жұмыс. Қауіпсіздік техникалық ережелерімен танысу
Жұмыстың мақсаты: Зертханада жұмыс істеу қауіпсіздік техникасымен танысу.
Сүт лабораториясындағы жұмыс және қауіпсіздік ережелері:
Студенттер практикалық және зертханалық сабақтарға тек ақ халатпен келуі керек.
Зертханада темекі шегуге, тамақты, суды химиялық аспаптармен ішуге, химиялық заттардың дәмін татып көруге қатаң тиым салынады.
Құрамындағы консервіленген заттар бар сүт сынамаларына органолептикалық бағалауға тиым салынады.
Құрылғылар мен ажыратқыштарды мұғалімнің рұқсатынсыз қосуға және сөндіруге болмайды. Машиналар мен сепараторларды қосу алдында жақында тұрған адамдарға хабарлау керек.
Әрбір реактив үшін өзіне арналған орын болу керек, әсіресе бұл ережені күкірт қышқылы мен изоамил спиртіне қатысты сақтау керек, олар сүттің майлылығын анықтағанда қолданады.
Сүт пен сүт өнімдерінің майлылығын анықтағанда қатаң ережелер сақтау керек:
Таза жуылған, құрғақ май өлшегіштер мен құрғақ иілімді жапқышты қолдану керек.
Май өлшегіштерді күкірт қышқылы мен изоамил спиртімен тек реактивтер тұрған жерде ғана толтыру керек. Зертханалық столға қышқылмен спиртке толы ыдыстарды қоюға тиым салынады.
Сілку алдында жапқыштың дұрыс жабылғандығын қарау керек. Сілкігенде май өлшегішті өзіңнен және студенттерден алшақ ұстау керек.
Май өлшегішті тығынмен жапқанда, сілкігенде, май өлшемін санағанда және май өлшегішті ашқанда оны ұзартылған, сүлгімен жабылған жағынан ұстау қажет.
Жабылған сақталмалы қақпағы бар жөнделмелі центрифугамен ғана жұмыс істеу керек.
Май өлшегіштерді центрифугаға қарама-қарсы қою керек, центрифуганы литрге қосар алдында, тығынмен пен бүркеніштің дұрыс жабылғанын тексеру керек.
Егер жұмыс кезінде центрифуга тарсылдайтын болса, оны электр желісінен өшіру керек.
Егер қышқыл бүркенішке шашыраған жағдайда сумен жуу қажет, содан кейін ас содасымен нитрлеу керек, содан соң қайтадан сумен жуады. Халат немесе киімге қышқыл шашыраған болса, сумен жуу қажет.
Май өлшегіштен шыққан күкірт қышқылын арнайы ыдысқа құю керек. Қышқылды канализациялық каналға құюға қатаң тиым салынады.
Жарақат алғанда жарақат орнын брилиант ерітіндісі немесе йодпен сүрту керек.
Сабақ кезінде студенттер зертханада тазалықты сақтау керек. Химиялық анализдің соңында студен төз жұмыс орнын жинау керек: реактивтерді орындарына қояды, кір химиялық ыдыстарды жуып, кептіру орнына қояды.
Күйген жағдайда күйіп қалған орынға спирт немесе марганцовкаға батырылған дәкені қою керек.
№ 2 зертханалық жұмыс. Сүттің органолептикалық көрсеткіштерін анықтау әдісі, дегустация жүргізу тәртібі
Жұмыстың мақсаты: Сүтті органолептикалық бағалауды үйрену.
Достарыңызбен бөлісу: |