Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады



Дата14.03.2024
өлшемі15.89 Kb.
#495540
Адам құқығы


Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады
Қоғам үшін ең бастысы - тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі - заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық - адам бостандығы.
Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады.
Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар.
Балалар, ересектер сияқты, негіз қалаушы: сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық актіде көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.
Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие кәмілеттік жасқа толмаған баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар. Неке бұзылған кезде бала көбінесе анасының жанында қалып, сонымен бірге тұрады, ал әкесімен, әдетте, демалыс күндері жолығып тұрады. Ата-аналарының ажырасуы бұдан кейін бөлек тұра бастаған әкесі мен баласының арасындағы қатынастарды тоқтатуға әсер етпеуі тиіс. Бірақ сот практикасында баланың әкесімен кездесіп тұруына анасының рұқсат бермейтіндігінің, не әкесінің баласын және оны тәрбиелеуге міндетті екендігін ұмытып кететіндітінін: сансыз мысалдарын кездестіруге болады. Заң ажырасқан, ата-аналарға, екі жақта баланы тең түрде тәрбиелеуді міндеттейді. Егер олардың біреуі өз міндетін орындамаса, сот оны орындауға мәжбурлеуге құқылы. Мысалы, сот баланың әкесімен кездесу уақытын және орнын белгілейді немесе анасының талабы бойынша әкенің бала тәрбиесімен айналысуын міндеттейді.
Баланың құқықтары жөніндегі конвенцияға сәйкес әрбір баланың өзінің даралығын сақтауға қақысы бар. Оны даралайтын белгілер аты, тегі, әкесінің аты. Балаға есім беру ата-анасының келісімімен жасалады. Ата-аналардың бала мүддесіне қайшы келетін, оған айналасындағы адамдардың күлкісін келтіретін немесе қолайсыз жағдайларға қалдыратын есім пайдалануларына болмайды.
Баланың мүліктік құқығы да бар, ол көбінесе баланың өз ата-аналары мен отбасының өзге де мүшелерінен асырап-бағу үшін қаражат көмегін алуына байланысты. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата-анасының атына келіп түседі, бірак олар балаларды асырап-бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалуы керек.
Заң баланың сыйлық ретінде немесе мұраға алған меншігінің; еңбекпен айналысып тапкан кіріс меншігінің; жекешелендірілген пәтер меншігінің болуына жол береді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне сәйкес кәмелетке толмаған баланы ата-анасының немесе осы міндет жүктелген басқа адам, сонымен қатар педагог немесе оқыту, тәрбиелеу, емдеу не кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттелген басқа да мекеменің қызметкері тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармағаны немесе жөнді атқармағандығы үшін шара қолдануды қамтиды.
Еліміз бойынша соңғы жылдары сот шешімімен балаларын бағып-қағу міндеттерін орындамаған үшін, саны мыңнан асқан ата-ана ата-аналар құқығынан айрылды, сонымен қатар, ата-аналар әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа да тартылып жатыр.
Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Соңғы жылдары БАҚ-та балаларға қауіп-қатер сыртта жүргенде бөгде адамдар тарапынан төнеді деген жалған пікір қалыптастыру үрдісі байқалуда.
Мемлекет балалардың мүдделерін қорғап және балаларды отбасында тәрбиелеу балаларға тәрбие берудің ең тәуір түрі екендігін тани отырып, тәрбиенің отбасылың турінің артықшылығын заң жолымен бекітті. Қазіргі кезде балалар үйінің, отбасылық балалар үйлерінің құрылып, өріс алуы кездейсоқ жай емес. Жас аналар (әдетте, студент немесе кәмелетке толмағандар) материалдық қиыншылықтары шешілгенше, жоғары оқу орнын бітіргенше, кәмелетке толғанша балаларын уақытша тәрбиелеуге бере тұратын Үміт үйі кұрылды. Мұндай аналардың өз балаларына келіп, кездесіп тұруына, қамқорлық жасауына тыйым салынбайды.
Сондай-ақ зорлық-зомбылық, дәлірек айтқанда, зорлық-зомбылықтың әр түрлі түрлері мұғалім/білім алушыға қатысты оқу орнына, білім деңгейіне және т.б. тән, білім ордасында қандай да бір ерекше феномен ретінде қадағаланбайтындығын атап өткен жөн, ол қоршаған жағдайларға, атап айтқанда, экономикалық, әлеуметтік, саяси факторларға, отбасындағы жағдайға байланысты болмай отыр, зорлық-зомбылықтың (оның әр түрлі нысандарының) пайда болуы ретінде де, оны ескерту ретінде де жәрдемдесуі мүмкін. Мемлекет қызметі мен отбасыларды мемлекеттік қолдау бала отбасында және одан тыс тап болатын зорлық көру қаупін мұқият және жан-жақты бағалау негізінде жүзеге асырылуға тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет