Aдaмқұлов Н.М., Бaйнaзaровa Т.Б., Тaрaншиевa Б.Б.
Еңбекке бaулу
Әдістемелік нұсқaу
(электрондық нұсқa)
Бaстaуыш білім беру деңгейінің
2-сынып педaгогтеріне aрнaлғaн
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ұсынған
AЛМAТЫКІТAП БAСПAСЫ
2023
QR-кодты қолдaну бойыншa нұсқaулық Құрметті ұстaз!
«Еңбекке бaулу» пәнінің мaзмұнындa қолдaнылaтын бейнелі-aнимaциялық түсіндірме оқу мaтериaлдaрын QR код aрқылы компьютеріңізге жүктеп aлуыңызғa болaды.
Ол үшін:
Смaртфон немесе плaншет кaмерaсын QR кодқa бaғыттaңыз.
Сілтеме пaйдa болғaншa күтіңіз.
Көрнекі ресурсқa өту үшін «ОК»-ді бaсыңыз.
Aдaмқұлов Н.М. т.б.
Еңбекке бaулу: Әдістемелік нұсқaу (электрондық нұсқa). Бaстaуыш білім беру деңгейінің 2-сынып педaгогтеріне aрнaлғaн
/Aдaмқұлов Н.М., Бaйнaзaровa Т.Б., Тaрaншиевa Б.Б. – Aлмaты: AЛМAТЫКІТAП БAСПAСЫ, 2023. – 172 бет.
© Aдaмқұлов Н.М., Бaйнaзaровa Т.Б., Тaрaншиевa Б.Б., 2023
© «AЛМAТЫКІТAП БAСПAСЫ» ЖШС, 2023
AЛҒЫ СӨЗ
Қазіргі педагогика өз тәжірибесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту әдістерін кеңінен насихаттайды және қолданады.
2-сыныпқа арналған «Еңбекке баулу» пәнінің оқу-әдістемелік нұсқауы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген «Еңбекке баулу» пәнінің оқу бағдарламасы негізінде әзірленген.
Оқу-әдістемелік бағдарламасының мазмұны «Табиғи материалдармен жұмыс»; «Қағаз және қатырғықағазбен жұмыс»;
«Техникалық үлгілеу және құрастыру»; «Өзіне-өзі қызмет ету» – төрт ортақ білім беру жүйесі (желісі) арқылы оқып-үйренуді қарастырады.
Оқу-әдістемелік нұсқаудың базалық білім мазмұны оқу бағдарламасында көрсетілген ортақ тақырыптарды қамтитын 8 бөлімнен тұрады. Нұсқаулықта 36 тақырыптың әр бөлімі үшін арнайы шығармашылық жұмыстар, тапсырмалар беті, шағын аңдатпа, бейнежазба түріндегі түсіндірме шығармашылық жұмыстары жасалған.
«Еңбекке баулу» пәнінің әдістемелік нұсқауы мазмұнына енетін «Шығармашылық идеяларды зерделеу және дамыту»,
«Шығармашылық жұмысты дайындау және құру», «Таныстырылым, талдау және бағалау» сияқты 3 түрлі іс-әрекеттен тұрады.
Әдістемелік құрылымына енген іс-әрекеттер сабақ, бөлім, тоқсан тақырыптарының мазмұнын ашуға бағытталған.
«Еңбекке баулу» пәніне арналған әдістемелік нұсқауда білім беру мен тәрбиелеу мақсаттарына төмендегідей жұмыстар арқылы қол жеткізілген:
әртүрлі ақпарат түрлерін (іздеу, жинау, сұрыптау) бағдарлау қабілетін дамытуға ықпал жасайтын түрлі танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерді өздігінен шешу тәжірибелерін қалыптастыру;
ұлттық және дүниежүзілік материалдық мәдениет және өнер шығармаларымен таныстыру арқылы құндылық бағыттарын қалыптастыру;
бақылау, эксперимент жүргізу және көрсетілім арқылы зерттеу дағдыларын дамыту;
әртүрлі материалдар мен құралдарды қолдану арқылы шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
білім алушылардың өзін-өзі бағалауын жоғарылату және жағымды көзқарас қалыптастыру;
коммуникацияның бір тілі ретінде ұлттық және дүниежүзілік мәдениет мұраларының мағынасын, рөлін түсіндіру;
ұжымдық, топтық және жеке жұмыстарды орындау процесінде қолдың моторикасын, сенсорикасын, қиялдауы мен шығармашылығын, елестетуі мен қабылдауын дамыту;
ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуға бірдей қол жеткізуі үшін жағдай жасау.
Әдістемеліктің құрылымында әрекет технологиясына ерекше мән берілген. Ондағы материалдар мен берілген жеке немесе топтық тапсырмалар оқушының өз бетінше зерттеу, іздену, байқау және бақылау жұмыстарын шығармашылық бағытта дамытуына мүмкіндік береді.
Бөлім мен тақырыптарына байланысты шығармашылық жұмысты дайындау және құру кезеңінде түсіндірме жұмысы екі бағытта қарастырылған. Біріншісі қысқаша бейнежазба нұсқасы арқылы болса, екіншісі әр мұғалімнің тақырыпқа
сай өзіндік шығармашылығымен орындалады.
Әдістемелік нұсқауға енген еңбекке баулу материалдары 2-сынып оқушысының жас шамасына,
физиологиялық-психологиялық ерекшеліктеріне сәйкестелген. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдыларымен бірлесе дамыта білім беру «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық»,
«еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты құндылықтарды бойына сіңіруіне, Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең азамат болып қалыптасу негізінде жинақталған.
Еңбекке баулу сабағын меңгерудің нәтижелеріне сәйкестелген оқу-әдістемелік нұсқау еңбектің адам өміріндегі шығармашылық және адамгершілік мәні туралы алғашқы түсініктерді, материалдар мен олардың қасиеттері, жобалау, үлгілеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |