Диктант
............... (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның .................болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы
Ч. Дарвиннің .....................бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биологиялық жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді
................– органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған биологиялық түр.
ертеде тіршілік еткен адамтектес маймылдардың денесінде елеулі ................................өзгерістер пайда болды
..............– адам эволюциясының маңызды факторларының бірі Кез келген еңбек құралдарын дайындау үшін адам еңбек етуі қажет.
Адамның екі аяғымен тік жүруі – "..........................." (Энгельс).
Тұқым қуалау және табиғи сұрыпталу арқылы .............мүшелері қалыптасты.
Адамның арғы ата тектерінің эволюциясында биологиялық және .......................бірлесе ықпал жасады.
Қазіргі кезде жер ғаламшарында адамның бір ғана түрі –.....................тіршілік етеді.
...............тегі мен араларындағы туыстық жақындықтарын, тарихи қалыптасуын және оларға сыртқы орта жағдайларының ықпалын нәсілтану ғылымы зерттейді.
Жауабы:
Антропогенез
жеке биологилық түр
эволюциялық білім жүйесі
Адам
анатомиялық және физиологиялық
Еңбек
"маймылдан адамға өтуде шешуші қадам болды"
айқын сөйлеу мүшелері қалыптасты
әлеуметтік факторлар
саналы адам тіршілік етеді.
Нәсілдердің шығу тегі
Достарыңызбен бөлісу: |