Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет19/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   126
Діндер тарихы

а. Аллаһқа иман


Аллаһқа иман келтіру иманның алғашқы шарты, діннің де тірегі болып саналады. Дін ең басты Аллаһқа сенімге негізделеді. Қандай дін болмасын Аллаһқа сенуді негізгі іргетас деп есептейді. Әр кезеңде Аллаһқа сенбейтін адамдар болған, алайда тарих сахнасында толықтай бір қоғам Аллаһты жоқ дегендігі кездеспейді. Яғни Аллаһқа иман келтіру қалыпты жағдай, ал Оны қабыл етпеу әдеттен тыс нәрсе. Ғылыми жаңалықтар Аллаһқа деген сенімге күш береді.
Құран Кәрім Аллаһқа иман келтіру мәселесіне ерекше тоқталады. Кейде жаратылған айға қарап ойланып, ғыбрат алып Аллаһқа иман келтіруге шақырады. Кейде Аллаһқа және елшісіне деген сенімнен сөз қозғай отырып, пайғамбарлардың Аллаһқа иман келтіруге шақырғандығы айтылады. Кей уақыттарда Аллаһқа және ақырет күніне иман келтіруге тоқталып, адамзаттың алда не күтіп тұрғандығын ойлану керектігін еске түсіреді және Аллаһқа иман келтіруге шақырады. Құранда және хадистерде бұл мәселе жайында бірнеше әдіс-тәсілдің қолданылғандығы айтылған.
Аллаһтың бар екендігі, жалғыздығы, ұлы сипаттары және көркем есімдері (Әсма-ул Хуснәә) жайлы ойлануға рұқсат етілгенімен, Оның зати сипаттарына ой жүгіртуге тыйым салынған. Яғни бұл тыйымға құлақ аспағандар Аллаһтың зати сипаттарын бір-біріне араластырып, Аллаһтың кейбір жаратылыстарға (мәселен табиғатқа, адамға т.с.с.) енетіндігіне сенетін адамдар мен қоғамдар қате нәтижелерге барды (пантеизм адамды тәңір санау, Тәңірге адам секілді қарау), Аллаһқа ортақ қосып, тура жолдан адасты. Мұндай қателіктерден ұзақ болу үшін Хз. Мұхаммед (с.а.у.) – ның мына ғыбрат аларлық сөзіне құлақ түрсек: «Аллаһтың бар екендігін түсіну үшін көктерге, жерге, өздеріне қарасын. Осылардың жаратылысындағы талғампаздыққа және бұлардың өздігінен пайда болып, болмағандығына ой жүгіртіңіздер. Өйткені, бұлар Аллаһтың бар, бір екендігін көрсететін дәлелдер. Алайда Аллаһтың зати сипаты жайында ойға берілмеңіздер. Өйткені, бұған күштеріңіз жетпейді». Тағы бір хадисте «Жүрегіңе не келсе де, Аллаһ одан басқа» делінеді. Бұл екі хадистен жолға шығар болсақ адам алдымен өзінің жаратылысынан бастап, көктегі және жердегі жанды-жансыз жаратылыстар жайында ден қоя отырып ойлануымыз керек екендігін түсіне аламыз. Осылайша адам бұл жаратылғандарды жоқтан бар етіп жаратқан Ұлы Бір Жаратушының бар екендігіне көзі жетіп, бұл Ұлы Жаратушыға ықыласпен бет бұрады.
Исламда Ұлы Аллаһ; бар, бір, тумаған, туылмаған, ежелден бар және мәңгілік, ортағы да ұқсасы да жоқ, ешбір нәрсе Оған ұқсамайды, Ол ешбір нәрсеге мұқтаж емес, керісінше барлық нәрсе Оған мұқтаж. Әрбір нәрсенің Жаратушысы және Раббысы Ол. Сыңары да ортағы да жоқ. Ол тірі, әрі өмір беруші. Әрбір нәрсені біледі, көреді, естиді. Барлық нәрсеге құдіреті жетеді. Барлық нәрсені жаратушы, ризық беруші, жоқ етуші. Әрбір нәрсе тек қана Оның қалауымен жүзеге асады. Ол ақыл иелеріне үн қатады, кітап жібереді. Ол барлық жерде, барлық нәрсе Оның назарында, Ол уақыт пен мекенге тәуелді емес. Көздеріміз бұл дүние шарттары бойынша Оны көруге қабілеті жетпейді. Аллаһты тек қана жәннәтта ғана көру мүмкіндігі бар. Адамзат ғайбқа (көзге көрінбейтін) иман келтіруге мәжбүр. Өйткені Аллаһқа иман дегеніміз ғайбтан тұрады.
Куә болғанымыздай дін үшін ең бастысы әрі негіз болып саналатын Аллаһ сенімінде Ислам діні тепе-теңдікті сақтай білген. Исламда үштік түрінде Аллаһтың сипаттарын басқа жаратылғандарға телмейді. Мұнымен қатар жаратылғандардың сипаттары Алллаһқа теңестірілмейді. Аллаһқа жаман күш ретінде Шайтанды теңестіретін екілік сенім де жоқ. Оған ешбір нәрсені ортақ қоспайды. Пұттардан, жанды-жансыз жаратылғандардан Оған себепкер, жәрдемші, қызметші тағайындалмайды.
Исламда адамдарға Аллаһ күре тамырынан да жақын. Барлық дұғалар тікелей Оған жасалады. Тек қана Оған құлшылық жасалады, Одан сұралады. Жүректе не бар екенін Ол біледі, Ол жер мен көктің Раббысы. Ол қалаған нәрсесіне құдіреті жетеді. Қалағанын абыройлы, қалағанын абыройсыз етеді, қалағанын білім иесі қылады. Дүние-мүліктің Иесі Ол. Дін күнінің Иесі Ол Жалғыз Жаратушы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет